1. А. Н. Леонтьев пен К. Э. Фабри бойынша психикалық бейнелеудің кезеңдері мен деңгейлері. Адам мен жануарлар психикасының айырмашылықтары


Тұлғаның психоаналитикалық теориясы (К.Г.Юнг)



бет12/12
Дата21.01.2022
өлшемі23,67 Kb.
#113131
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
7-8-9 билет

3. Тұлғаның психоаналитикалық теориясы (К.Г.Юнг)

К.Юнг бойынша тұлға тұжырымдамасы К.Г.Юнг ( ) - швейцар психологи, психиаторы, мәдениеттанушысы, терең психологияның практигі, психологияның аналитикалық психология деп аталатын бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар К.Юнг философия, теология сұрақтарымен айналысқан.



Жеке тұлғаның құрылымы:

Юнг жанды (Юнг теориясында бұған жеке тұлға термині аналогты) үш бөлек, бірақ өзара әрекеттесетін құрылымдардан тұрады деген: эго, жеке санасыздық және ұжымдық санасыздық.



Эго сана аумағының өзегі болып табылады. Сонымен қоса ол physhe компоненті де болады. Эго біздің саналылығымыздың негізі ретінде қызмет атқарады, оның арқасында біз өзіміздің күнделікті саналылық әрекеінің нәтижесін көруге қабілеттіміз.

Жеке санасыздыққа белгілі бір уақыт кезеңінде санадан өткізілген, бірақ қазір басылып тасталынған немесе ұмытылған конфликтілер мен есте қалған нәрселер жатады. Юнг жеке санасыздыққа индивидуумның өзі өткен жеке тәжірибесінен немесе тұқымқуалаушылық тәжірибесінен шығарылған эмоционалды зарядталған ойлар, сезімдер және есте қалулар жиынтықтары немесе комплекстер кіреді деген. Ақырында, Юнг жеке тұлғаның құрылымындағы аса терең деңгей бар екені туралы ой қозғады, оны ұжымдық санасыздық деп атады. Ұжымдық санасыздық дегеніміз – біздің адам тәріздес ата-бабамыздың және бүкіл адамзат есіндегі латенттік іздердің сақталынған орны. Ұжымдық санасыздықта адамдарға жалпы және біздің эмоционалды өткеніміздің нәтижесі болып табылатын ойлар мен сезімдер бейнеленген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет