Гештальпсихология тұлға туралы.
Неміс-сөзі «гештальт» құрылымды, ұйымды немесе конфигурацияны білдіреді. Гештальтизм немесе құрылым психологиясы жиырмасыншы ғасырдың басында пайда болған ағым. Осы ілім теоретиктерінің ойынша айналамыздағы қоршаған орта құралған заттар біздің сезім ағзаларымызбен жеке элементтер түрінде қабылданбайды. Келер (1887-1967жж.) мен гештальтистер үшін бізді қоршаған орта ұйымдасқан формалардан тұрады әрі қабылдауымыздың өзі де ұйымдасқан. Гештальтпсихологтардың ұсынған көптеген тұжырымдамалары қабылдауды зерттеуден топтардың динамикасына (топтың өзі құрамындағы индивидуумдардың қарапайым жиынынан ерекше тұтастылық болып табылады) дейін пихологияның әрқилы бөлімдеріне енді. Ж.Пиаженің тұлға туралы конструктивті тоериясы.
Конструктивизм. Пиаже (1896-1980жж.) индивидуумның ақыл-ой дамуына деген коструктивистік тұрғысымен ерекшеленген швед психологы. Ол өзінің ойлау мен сөйлеудің қалыптасуы жөніндегі зерттеулерінің нәтижесінде танымдық даму тізбектелген сатылардан құралған бір ізді процестің нәтижесі екендігін қорыта айтты. Қоршаған ортаны түсінуге талпынған бала үнемі өзінің әлем жайлы қалыптасқан түсінігін бұзатын жаңа проблемаларға кездесіп отырады. Пиаже және конструктивистер бойынша баланы сол проблемалардың жаңа жауаптарын іздеуге «теңдестірудің» ішкі процесі итермелейді. Дәл осылайша бала біртіндеп неғұрлым күрделі бөлімдерді «зерттеуіне» мүмкіндік беретін танымның жаңа кезеңдерін өте бастайды
Достарыңызбен бөлісу: |