1. А. Н. Леонтьев пен К. Э. Фабри бойынша психикалық бейнелеудің кезеңдері мен деңгейлері. Адам мен жануарлар психикасының айырмашылықтары



бет6/12
Дата21.01.2022
өлшемі23,67 Kb.
#113131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
7-8-9 билет

Қабылдау  тұрақтылығы  –   заттардың  шынайы сапаларының  (көлемі,  түр түсі,  формасы)  мида  бейнеленуінің  оларды  қабылдау  жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа,көз  салу қалпына және т.б.)  тәуелсіздігін білдіреді. Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау.

2. Қазіргі заманғы топтық терапияның бағыттары. Денеге бағытталған терапия Денеге бағытталған терапия- психологиямен психотерапияның қазіргі бағытының бірі. Бұл терапияда денені адамның ішкі дүниесінің жанының бейнесі, оның жанының күйі ретінде қарастырады. Осы терапияның өкілдерінің айтуынша, адамда болатын барлық  90% психикалық ауруларды  оның денесіне әсер етуі арқылы емдеуге болады, сонымен қатар психосоматикалық бұзылыстар мен көптеген аурулар адамның бұлшықетінің қысылуынан  пайда болады. Денеге бағытталған терапияны қолдану, адамның өміріндегі ең басты-дене, жан және ақылдың өзара ара-қатынасын сезінуге машықтандырады.

Мақсаты денеге икемделген әдістемелік тәсілдер арқылы адамның психикалық әрекет етуінің өзгеруі болып табылатын психотерапияның көп мағынада түсіндірілетін бағыты. Дене-бейімделу техникаларының дұрыс теориясының, ықпал ету ерекшеліктерінің нақты түсінігі мен қолдану принциптерінің жоқтығы дене-бейімделу (Д. П.) психотерапиясы мәні шегінің негізсіз кеңеюіне әкеледі. Бүгінгі күні аз дегенде, «денемен жұмыс» тәрізді анықталатын 15 әртүрлі көзқарастар сипатталған. Олардың кейбіреулері мәні бойынша таза психотерапиялық, ал басқаларының мақсаты тәннің денсаулығы болып табылатын терапияның әдістері ретінде неғұрлым нақты белгіленген.

Денеге бағытталған психотерапияның практикалық тәжірибе мен ағзаның қызметіндегі рухани және тәндік өзара байланысын көп жылғы бақылау негізінде пайда болды. Ол психотерапияның басқа бағыттарына қарағанда, дамуы әрдайым артып жатқан холистикалық бағытты ұстанады. Дене мен сана дуализмін жеңу және біртұтас тұлғаға оралу адамның мінез-құлқын түсінудің терең өзгерістеріне әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет