3. Б.Г.Ананьевтің адам жайлы ілімі Адамтану мəселелерін жасау мен жүзеге асыру саласындағы маман, белгілі ресейлік психолог Б. Г. Ананьев адам өмірінің барлық фазалары мен кезеңдері жайлы мəліметтерді қамтитын жəне адамның дара дамуының бірлігін ашатын, адамның жас ерекшелік дамуының біртұтас жүйесін құру қажеттігіне нұсқаған. Б. Г. Ананьев адамның дара дамуы кез келген басқа ағзаның дамуы сияқты филогенетикалық бағдарламаланған онтогенез деп есептеген. Өмірдің қалыпты мерзімі жəне дара даму кезеңдерінің немесе фазаларының бірізді алмасып отыруы қатаң түрде сол бағдарламамен анықталады. Адамның онтогенезінде тұқым қуалаушылық пен орта арасындағы, тіршілік əрекетінің əрқилы реттеушілерінің арасындағы, ағзаның біртұтас құрылымындағы əртүрлі жүйелер, органдар жəне ұлпалар, тканьдар арасындағы көптеген қарамақайшылықтар туындап, жүзеге асырылып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |