1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер



бет19/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

Дүр жалғаулығы.
Дүр формантының қазақ тіліндегі қолданысы сәл өзгешелеу. Бұл тұлғаның көне замандарда қазақ тілінде де қолданылып, кейбір ескі үлгілерде сақталып қалғанын зерттеушілер көрсеткен болатын. Мәселен, «Жамиғ-ат Тауарихтың» тілінде дүр жалғаулығы жіктік жалғаулығының үшінші жақ мағынасында қолданылған. Орал юртындағы башқұртлар да бұзлұп шықғанлардұр, аны да күш-қуатыңыз бірлән алғаныңыз иоқдұр.
Бұл жалғаулық екі жағдайда көрініс тапқан: бірі – етістікке (оның -а, -е, -й жұрнақты көсемше тұлғасына) жалғанып, бастауыш пен баяндауышты қиыстыратын ІІІ жақ көрсеткіші ретінде. Екінші тобы – дүр формантының есімдермен тіркесіп келуі. Бұның халық тіліндегі қалдығы куә дүрміз, куә дүрміз дегендер мен «Мен, мен дүрмін, мен дүрмін» деген батырлар монологынан көрінеді. Көрініп тұрғанындай есіммен келгенде дүр формантында шақтық көрсеткіш сипаты жоқ. Мұнда дүр өзі тіркескен сөзіне дәлдік, кәмілдік мағынасын береді де, модальдық шылау ретінде жұмсалады.
Абайда дүр формантының етістікпен келгені Алла туралы өлеңдерінің бірінде, бір-ақ жерде:
Ақыл мен хауас барлығын
Білмейдүр жүрсек, сезедүр.
Мүтәкәллимин мәнтиқин
Бекер босқа езедүр.
Абай прозасында дүр тұлғасы көбінесе есімдермен келген. Мысалы, 12-сөзде: Кімде-кім жақсы дүр, жаман дүр ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз [22, 30-б.].
38-сөзде: Ғылым – алланың бір сипаты, ол хақиқат, оған ғашықтық өзі хақлық һәм адамдық дүр.
Бұлардың һәммасы алла тағаланың затия сүбүтия уа фиғлия сипаттары дүр.
Бәлки ғадаләт барша езгүліктің анасы дүр.
Ол ханның жибили қуаты дүр.
Қарап отырсақ, дүр жалғаулығы қатысқан сөйлемдердің көпшілігінің мазмұны дінге, Аллаға қатысты болып келеді. Мұның себебі, адамдардың Құдай тағаланың құдыретті күшіне, күллі ісіне шек келтірмей кәміл сенушілік психологиясының халық тілінде соның грамматикалық көрінісі ретінде көне дүр формантымен білдіруі ғасырлар бойы дәстүрге айналдыруы мүмкін. Абай осы дәстүрді ұстанып, аузына Алланы алған жерде кәміл сендірушілік қызметін (значение категоричности) дүр модаль элементіне артуы мүмкін. Немесе екіншіден – Абай дүр-ді кітаби тілге тән морфологиялық тұлға ретінде әдейі қолдануы да мүмкін. Өйткені 38-сөзінде және тақырыбы Алла болып келген 1-2 өлеңінде бұдан басқа да кітаби тілдік элементтер, халық тіліне енбеген араб-парсы сөздері стилистік мақсатпен әдейі қолданылғанын білеміз.
Қысқасы, дүр форманты Абай тұсында да өте мардымсыз қолданылған. Тіпті іс-әрекетке не ой-тұжырымға кәміл сенушілік, сөзсіз қуаттаушылық реңкі қажет сөйлемдердің өзінде бұл тәсіл әрдайым пайдаланыла бермеген. Қазірде бұл – мүлде тіл тәжірибесінен шығып қалған тұлға-тәсіл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет