Бірлән жалғаулығы. «Бұл – қазақ тілінің тума жалғаулығы емес. Қазақ тіліне кітаби тіл арқылы енді де, тек жазу тілінде ғана қолданылады» [2, 152-б.] дей келе, ғалым Т.Қордабаев бірлән шылауы арқылы да қазіргі әдеби тілімізде -мен, -бен, -пен формалары арқылы берілетін көмектестік қатынастағы мағыналардың берілетінін атап көрсетеді.
3-сөзде: Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма келеді: Халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісісі пәлен қадәрлі орысша образование алған кісі болсын. Егер де орталарында ондай кісісі жоқ болса, яки бар болса да сайламаса, уезный начальник бірлән военный губернатордың назначениесі бірләнболады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді. Аның себебі: әуелі - қызметқұмар қазақ балаларына образование беруге ол да - пайдалы іс, екінші – назначение бірлән болған болыстар халыққа міндетті болмас еді, ұлықтарға міндетті болар еді [22, 13-б.]. Бірінші сөйлемдегі бірлән бір сөйлемде екі жерде кездесіп екі түрлі мағынада қолданылып тұр. Бірінші мысалды «уезный начальник пен военный губернатордың назначениесімен болады десе» деп қазіргі грамматикалық нормамызға сай айтсақ, бірлән жалғаулығының бірде жалғаулық шылау, бірде көмектестік қатынасты білдіретін қосымша қызметінде қолданылып тұр. Ал «назначениемен болған болыстар халыққа міндетті болмас еді» деген екінші сөйлемде де көмектес септігінің жалғауы ретінде қолданылған.
13-сөзде: Әуел - не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел - испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі - кітаптан оқу бірләняки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық беріктік керек [22, 31-б.]. Көрсетілген мысалдағы бірләнжалғаулығы көмектес септіктің мен жалғауы қызметін атқарып тұр.