1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер



бет16/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

Аның үшін жалғаулығы.
Қазақ грамматикасында: «Үшін шылауы қазіргі қазақ тілінде түбір тұлғадағы зат есім, сын есім, есімдік, сондай-ақ есімше, көсемше тұлғаларымен тіркеседі, ал көне тілімізде есімдіктердің ілік септік тұлғасында да тіркескен: менің үшін, сенің үшін, оның үшін (аның) үшін т.б» [21, 560-б.].
Бұл жалғаулық, негізінде, екі жай сөйлем арасында, немесе алдыңғы айтылып кеткен бір ой мен кейінгі ойды ұштастыру үшін сөйлем басында қолданылады. Қолданылу орнына қарай себептік мағынаны да, сол себептен туған салдарлық мағынаны да байқатады, яғни қазіргі тілімізде әртүрлі жалғаулықтар арқылы берілетін мағынаны бір өзі береді. Мысалы, 20-сөзде: «Аның үшін бәрінің ғайыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суи бастайды» [22, 43-б.].
Соның бәрінің ғайыбын көреді, баянсызын біледі, көңілі бұрынғыдан да суи бастайды. Жоғарыдағы мысалдағы аның үшін жалғаулығында алдыңғы нәрсеге меңзеу мағынасы бар соның деген сілтеу есімдігінің орнына қолданылып тұр.
25-сөзде: Аның үшін бұл жер Дар Әл-Харб, мұнда әуелі мал табу керек, онан соң араб, парсы керек [22, 51-б.]. Өйткені бұл жер Дар Әл-Харб (қауіпті, бүлінген, ислам діні қонбаған жер), мұнда әуелі мал табу керек, онан соң араб, парсы керек.
Аның үшін олар дүниенің тілін білді, мұндай болды [22, 51-б.].
Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды.
32-сөзде: Аның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең һәм әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады [22, 68-б.]. Өйткені білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады.
Бұл мысалда аның үшін деген жалғаулық қазіргі өйткені, себебі деген жалғаулықтар мәнінде тұр.
Абай прозасындағы аның үшін жалғаулығының соның, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті деген мағыналарда қолданылғанына жоғарыда келтірілген мысалдар арқылы көз жеткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет