1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер


«Де» көмекші етістігінің сөз тіркесін түзудегі қызметі



бет20/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

«Де» көмекші етістігінің сөз тіркесін түзудегі қызметі. Сөз тіркесін құрауға қатысатын де көмекші етістігі бар. «Қазақ грамматикасының» авторлары: «Де көмекші етістігінің ерекше қызметі – төл сөз бен автор сөзін байланыстыруы. Төл сөзді автор сөзімен байланыстырғанда, де көмекші етістігі түрлі тұлғада (дейді, деп, дейтін, депті, десе т.б.) қолданыла береді» [21, 544-б.], - дей келе, де етістігінің жіктік жалғаулы етістікпен тіркесіп келіп сөз тіркесі конструкциясын жасайтынын айтады.
Мысалы, 5-қара сөзде: Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал – адамның бауыр еті», «Малдының беті – жарық, малсыздың беті – шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым – береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз – құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қоралы үйге шап», «Қайраңы жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.
Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген.
«Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?» – дейді. Я болмаса, «жә, жә, оған мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің?» – дейді. Немесе «Пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емес пе еді?» – деп, ұялтамын десең, жап-жай отырып дауын сабап отырады»
Айтады: құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе? - деп.
Бағана айттық қой, қуаты басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді, ескерсе, күтіп айналдырса, зораяды деп.
Бағана: «қуаты басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді, ескерсе, күтіп айналдырса, зораяды», - деп айттық қой.
«Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын, «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны сөге алмайды деп, бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді» [44-б.].
Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын, «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, «ит те болса, малдыны сөге алмайды деп, бұл мал бойыма һәм пайда, һәм қасиет болады», - дейді.
Ауызекі сөйлеу тілінде бұл етістік сөз тіркесін құрайтын тәсіл ретінде екі формада қатысады: десе, деп. Және екеуі де себеп-салдарлық қатынасты білдіретін сөз тіркестерін кұрау үшін жұмсалады.
Мойынын бұрып қойып: «Өй, тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба?» - деп бұлғақтап, немесе: «аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек? Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Әйтеуір бір өлім бар ма?» - деп қалшылдайтұғын кісі көп қой [22, 30-б.].
Мойынын бұрып қойып: «Өй, тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба?» - деп бұлғақтап, немесе: «аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек? Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Әйтеуір бір өлім бар ма?» - деп қалшылдайтұғын кісі көп қой.
Осындағы болдым дедім ғой, деп айттық қой, не десең танырсың, ұялтамын десең сөз тіркестері жіктік жалғаулы сөздермен байланысып, етістікті сөз тіркесі конструкциясын түзіп тұр. Ал, адаммын деп жүр ғой, деп қалшылдайтұғын кісі, деген сөздері, деген мақалы, дейтұғын мақал сөз тіркестері қабыса байланысып есімді сөз тіркестерін жасап тұр. Егер аталған сөз тіркестері құрамындағы де етістігін алып тастар болсақ, сөздер бір-бірімен байланыспай қалады. Сондықтан да сөз бен сөзді байланыстыруда де көмекші етістігінің белгілі бір дәрежеде дәнекерлік қызмет атқаратыны белгілі болды.
Сөздердің тіркесуі – тек бір сөйлем ішінде ғана емес, көршілес сөйлемдер арасында да болатын құбылыс.
Сонымен жоғарыда келтірілген шылаулар сөздерді, сөйлемдерді байланыстыру қызметімен бірге өздері құрамында тұрған сөйлемдерді контекстке тәуелді ететін тілдік фактілер екенін айқын көрсетіп берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет