1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер


АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК БІРЛІКТЕР



бет21/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

2 АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК БІРЛІКТЕР



    1. Абай қара сөздеріндегі дербес сөйлемдердің синтаксистік сипаты

Қазақ тіл білімінде синтаксистік байланыс екі деңгейде ғана қарастырылып жүр: бірі – сөз бен сөздің арасында, екіншісі құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер арасында. Осы синтаксистік қатынастың үшінші деңгейі, аяқталған дербес сөйлемдер арасындағы байланысқа әлі де болса назар аударылмай келеді. Қазақ тіл білімінде дербес сөйлемдер туралы профессор Ж.А.Жақыпов «Сөйлеу синтаксисінің сипаттары» атты еңбегінде: «Сөз тіркесі орнықты емес, сөйлеу процесіндегі жылжымалы, керегі мен сәтіне қарай қолданылатын құбылыс... Сондықтан «сөз тіркесі» дегенде статикалық заттық ұғымды емес, динамикалық процесті еске алуымыз керек» [31, 13-14-б.] дейді.


Мәтін ішіндегі алшақ тұрған сөйлемдердегі сөз бен сөздің байланысына мысалдар:
7-сөзде: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік [22, 21-б.].
Осы сөйлемдердегі сөйлемнің бастауышы «жас бала» екінші сөйлемдердегі «біреуі» белгісіздік есімдігімен матасып сөз тіркесіне тән сипатқа ие болып тұр.
Кейбір сөздерде бірінші параллель сөйлемдер кетеді де, соңғы сөйлем параллелизмді бұзып бастапқы сөйлемдердегі ойды қорытып тұрады. Мысалы, 1-қара сөзде: Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ [22, 7-8-б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет