Сабақ тақырыбы: Абай тағылымы /31-нші және 37-нші қара сөздері



Дата26.08.2017
өлшемі48,35 Kb.
#28547
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Абай тағылымы /31-нші және 37-нші қара сөздері/

Сабақ мақсаты:

1. Абайдың қара сөздеріндегі негізгі ойды , идеяны ұғындыра отырып, адамдық қасиеттер туралы түсінік беру.Абай Құнанбаев туралы білімдерін толықтыру.

2.Оқушылардың танымдық түсініктерін дамыта отырып,өздіктерінен қорытынды шығаруға, жұмыс істеуге машықтандыру.

3. Қара сөздерден ұлағат алуға, эмоциялық әсер ала білуге, басқаның пікірін сыйлауға тәрбиелеу



Сабақ түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақ әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, слайдтар, өзіндік ой түйе білу

Сабақ көрнекілігі: презентация

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру / Сабақ жоспарымен таныстырылады 1- слайд/

2. Мотивация минуты. /2-слайд/

3. «Аққала соғу» ойыны. Бұл ойында үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар берілген . Сол сұрақтарға жауап беру /дұрыстығы тексеріледі/

/3-слайд/

4. Жаңа сабақ Сабақтың дәйек сөзі: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе. /4-слайд/

«Әлемді шарлау» стратегиясы /5-слайд/


  1. Абай Құнанбаев қай жылы қай жерде дүниеге келді?

  2. Шын аты кім?

  3. Абайдың жыл мезгіліне байланысты қандай өлеңдерімен таныспыз?

  4. Абай өлеңдеріндегі бес асыл қасиетті ата.

  5. Абай өз өлеңінде қандай жаман істерден аулақ болуды айтады?

  6. Шидем деген не, ол қай өлеңінде еді?

  7. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды... деп нені айтады?

  8. Абай баласы Әбішті сынағаны туралы қай әңгімеде баяндалған?

  9. “Осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?” /Абай мен Әбіш/

  10. 2-сыныпта Абайдың қандай өлеңдерімен таныспыз? Жатқа айт

Абай кім? /еске түсіру/ 6-слайд

Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында Шыңғыс тауында /7-слайдтан көрсету/ (бұрынғы Семей облысында ) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті. Абай небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді.



Мұғалім түсіндірмесі: /8-9-10 слайдтар/

Көп адам дүниеге бой алдырған

Бой алдырып аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

деп ақын Абайдың өзі айтқандай, артына өшпес өнер, өлмес мұрасы- өлеңдерін, қара сөздері мен поэмаларын қалдырған Абай тағылымы бізге өнеге. Біздің айтар таусылмас тақырыбымыз десек те болады. Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді.

Абай өлеңдерінің қай өлеңінен де қазақ жерінің , қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Дүниетану жолында орыстың демократтарының шығармаларын оқып, аударып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсінуге қолданады. Абай табиғатты адам өмірінен бөліп суреттемеген екен. Жылдың төрт мезгілін адамның

-балалық шағына, жігіттік шағына, кемеліне келген кезіне, кәрілік кезіне ұқсатады. Өзі суретші болмаса да табиғат бейнесін сөзбен өрнектеп, әрлеп табиғатқа жан бітіре суреттейді. Осыдан біз Абай атамызды суретші деп те айтамыз. Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қара сөзі бар.Қара сөз араптың “Ғақлия” деген сөзімен мәндес. “Ғақлия”- көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны бередіБүгін біз танысқалы отырған 31-ші қара сөзінде Абай Құнанбаев екі элементтің –сезім мен логиканың, түйсік пен ақылдың қатынасын айтады. Ал 37- қара сөзі- нақыл сөздер яғни адамға жаман нәрселерден бойын аулақ салуды айта отырып, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, ғибратты сөз қалдырған.

31-қара сөзін тыңдату. /11-слайд/

Кітаппен жұмыс



  • Мәтінді оқу

  • Алма-кезек оқыту стратегиясы

  • Сөздікпен жұмыс Ғибрәтләну-үлгі алу

Жидебайдағы Абай мұражайына саяхат /Электронды оқулықтан алынған көрсетілім көрсетіледі./

Деректер мен дамытушылық тапсырмалар

«Май түні» Абайдың күйді 1923 жылы Ғ. Сармурзин Абайдың Ақылбайдан туған немересі Исрайылдан, ал Исрайыл Абайдың өзінен үйренген екен.Исрайылдың айтуы бойынша Абай бұл күйді жайлаудағы ойын сауық кеште шығарған екен. Күй табиғат сұлулығын бейнелейтін 2 бөлімнен тұратын лирикалық туынды. Сонымен бірге Алматыдағы Абай атындағы көше ғимараттармен таныстыру.

Абай шыңы-Іле Алатауының кіші Алматы сілемінде орналасқан шың Теңіз деңгейінен 4010 м биіктікте орналасқан.Шың 3 найзатастан тұрады. Абай шыңына алғаш рет 1932 жылы Г.И.Белоглазов бастаған алматылық альпинистер шыққан./19-слайд/

Шығармашылық тапсырмалар Берілген суретті Абайдың «Қыс» өлеңіндегі көріністермен салыстырып, өз ойларын айту.

Байқоңыр қаласындағы Абай ескерткіші қалалардағы сәулет өнері сайысында орын алған ескерткіштердің бірі Оның өзіндік мәні бар екен.Ескерткіштің артындағы тақтада Абай шығармаларынан көріністер тасқа қашап салынған.



Семей қаласындағы Абай мұражайына виртуалды саяхат. /көрсетілім көрсетіледі/

Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы –адам. Абай шығармаларында ізгілік педогогикасының ұстанымдары жатыр.Бұл Абай мұрасының өміршеңдігін дәлелдеп отыр. Абайды зерттеуші Мұхтар Әуезов былай дейді: “Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады.”Абай тағылымы- ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа апаратын жол

Енді осы ізгілік қасиеттерді негізге ала отырып, болашаққа болжам жасалық.

Нағыз адам қандай болу керек? Оқушылар өз ойларын айтады.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» әні тыңдалады.



Сабақ қорытындыланады. Құрғақ уағыз айтпай, адамның жақсы-жаман қасиеттерін талдап, саралаған қара сөздері тұнған адамгершілік. Біз Абайды ар қорғаушысы деп білеміз.

Үйге тапсырма: «Мен ұлы ақын туралы не білемін.?» эссе жазу



Абайдың 31-ші қара сөзін жаттау Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет