1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер


Синтаксистік параллелизмдердің берілуі



бет29/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

Синтаксистік параллелизмдердің берілуі. Ғалым Т.Қордабаев синтаксистік параллелизмдерді – «сөйлемдерді бір-бірімен синтаксистік қарым-қатынасқа келтіруге септігін тигізетін параллелизм түрі» [2, 200-б.], - деп анықтайды. Синтаксистік параллелизмдер Абай прозасының синтаксисіне де байланысты. Атап айтқанда ұйқасқа, өлшемге, бірыңғай мүшелерге құрылған синтаксистік параллелизмдердің қолданылуы Абай «Қара сөздерінің» тіліне поэзия тілінің әсері мол болғанын байқатса керек.
«Абай прозасында ұйқасып немесе бірдей тұлғаға қойылып, не болмаса сөз саны бірдейлестіріліп келтірілген параллель бірыңғай мүшелер, тіркестер, жеке сөйлемдер жиі кездеседі» [36, 313-б.]. Ол келесі сөйлемдерде өз дәлелін тауып отыр.
Сен алла тағалаға алла тағала үшін иман келтіремісің я өзің үшін иман келтіремісің. Келтіресің бе? деген сұраулық шылаудың сөз арасына кірігіп кетуі.
Инандым, сендім, демек инандырамын сендіремін деген емес (Абай тілінің ерекшелігі).
Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Уа, әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, я көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Егер жек көрсем – сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді. Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен себептен бе, білмеймін. Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары – ол да екіталай. Сенікі – біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің сол. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауылда – таяғыңды соғайын дауынды айтайын деп, қай көп бергенде партялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын, баласын сатып жүр. Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?
5-қара сөзде: «Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам жейді екен, ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап, мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен, егер малды болса әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен» деген сөйлемде үшін септеулік шылауы арқылы жасалынған.
6-қара сөзде: 1) Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді – деген сөйлемде ортақ сөзі арқылы; 2) Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес – дегенде бірлік сөзі арқылы; 3) Малыңды беріп отырсаң атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады – дегенде басқа сөзі арқылы; 4) Не түсіп, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі – деген сөйлемде не арқылы синтаксистік параллелизмдер жасалынып тұр.
Сондай-ақ, 7-қара сөзде: Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
8-қара сөзде: Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, яки елдегі бұзақыларымызды бүліндіріп аламыз ба, яки халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығындап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? – деген ебіне қарай біреуді жетілтейін, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді – деген сөйлемдерде синтаксистік параллелизмдер екен, аламыз ба, қаламыз ба етістіктерінің қайталанып келуі арқылы жасалынып тұр.
36-сөздегі мына сөйлемге назар аударсақ: «Бір ұяты бар – надандықтың ұяты: Жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді». Бұл мысалда да синтаксистік параллелизм ұялған секілді сөз тіркесі арқылы жасалынған.
Ашулансам – ызалана алмаймын, күлсем – қуана алмаймын. Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Бірінші мысалда адамға тән мінез бен қылық жарыстырыла параллель беріліп тұр. Мұндағы ой ашу мен күлкіні, ызалану мен қуануды қатарластыра, контраст тәсілімен қарсы қою арқылы жеткізіліп отыр. Осынай тұтас ойды параллель келген бірыңғай мүшелер арқылы берілген келесі мысалдардан да байқауға болады. Мәселен, Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады. Жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Бұл мысалдарда ерінбей еңбектеп, екпіндеп ұшып – қимыл сын пысықтауышы, жылан да шығады, қыран да шығады – жақ жағынан қиыса байланысқан предикативті конструкцияның параллель келуі арқылы тұтас ой жеткізіліп тұр. Ал, логикалық екпін түсіп тұрған да демеулік шылауы интонацияның рөлін атқарып тұр. Екінші сөйлемде Жас бала, бұлар сөздерінің екі рет қайталануы, қорқушы еді, жаздаушы еді, қорықпайды екен, ұялмайды екен бірыңғай баяндауыштарының, тозақтан да, неден болса да толықтауыштарының параллель келуі тұтас ойды жеткізуге қатысып тұр.
Синтаксистік параллелизмдер – Абай шығармаларының ең көрнекті стильдік белгілерінің бірі.
Сөйтіп, поэзиясының синтаксисінде өзі қалап, өзіне ғана тән стильдік белгі ретінде қолданған параллелизм тәсілін Абай едәуір мөлшерде қара сөздерінің тілінде де пайдаланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет