1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер



бет28/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен, не жерлеп, не сырлап айтқанмен еш нәрсеге көндіру мүмкін де емес. Мұнда талғау мәндегі сөздер бірыңғай мүше болып тұр. Сол сияқты бірыңғай мүше келесі сөйлемде де кездеседі: Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтімен біткен надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген. Мұндағы зат есім – надандық, ал алдындағы сөздер бірыңғай анықтауыштық қызмет атқарып, «қандай надандық?» деген сұраққа жауап беріп тұр.
Сөйтіп бірінші сөйлемдегі бірыңғай мүше – талғау мәнді сөздер. Екінші сөйлемдегі бірыңғай мүше – анықтауыштық мәндегі есімше тұлғалары. Ал келесі сөйлемдегі бірыңғай мүше – бірыңғай еліктеуіш сөздерден жасалған зат есімдер болмақ: Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма – сонысынан дүниеде ешбір қызықты нәрсе бар деп ойламайды. Ырбаң, пыш-пыш, гу-ду сияқты еліктеуіштерден жасалған зат есімдер «ма» сұрау демеулігімен қоса бірыңғай мүше болып тұр.
Күрделі ұзақ сөйлемдердің жасалу моделіндегі кейбір тәсілдер (мысалы, бірыңғай элементтердің үнемі қолданылуы) Абай тіліне тән болғанмен, жалпы күрделі ұзын сөйлемдердің бар болу принципі Абай жаңалығы емес. Мұның арғы түбі халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі сыйыстырмалы сөйлемдерден басталатын сияқты. Бір субъектіге қазықталған іс-әрекетті білдіретін бірнеше конструкцияны -п жұрнақты көсемше тұлғасы арқылы бір сөйлемге сыйыстыру әдісі тілде қолданылғандығын хатқа түсірілген прозалық фольклор үлгілері көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет