Дайындалу және талқылау мерзімі: 19-23 қазан 2020 ж.
Тақырыбы: Адам философиясы және адамның құндылықтық әлемі
1.Адам философиялық талдаудың объектісі ретінде: Шығыс дәуірінен қазіргі заманға дейін.
Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.
Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Конфуций өз ілімінің түп қазығы ретінде «адамсүйгіштік» (жэнь) мәселесін алды. Оның түсінуінше, адам басқа адамдарды өзіндей жақсы көру керек, сыйлауы керекешкімнің алдын кесіп өтпеуі керек дейді.
Ежелгі грек философияның құрушылардың бірі – Демокрит. Демокрит бойынша, адам – табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады.
Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт – әр адамның көздейтін мақсаты.