1. Адам туралы ғылым жүйесіндегі психологияның орны


Қарым-қатынастың түрлері, формалары және қызметтері



бет12/27
Дата16.10.2023
өлшемі72,01 Kb.
#185900
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
1. Àäàì òóðàëû ?ûëûì æ?éåñ³íäåã³ ïñèõîëîãèÿíû? îðíû 2

26.Қарым-қатынастың түрлері, формалары және қызметтері
Қарым-қатынас – екі немесе одан да көп адамдардың бір-бірімен хабар алмасу арқылы өзара әрекеттесу процесі. Қарым-қатынастың ғылыми мазмұнын түсіну үшін оны мынадай құрылымдарға бөліп қарастыру керек. Олар: қарым-қатынастың коммуникативті жағы, интерактивті жағы және перцептивті жағы. Жоғарыда көрсетілген сызбаға назар аударайық.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы – екі жақты ақпарат алмасу поцесі.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы – адамдар арасында өзараәрекеттестіктің пайда болуы және оның жүзеге асуы.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі қабылдауы және осының негізінде өзара түсіністік қалыптастыру.
Қоғамда адамдар арасындағы ең үлкен құбылыс бұл қарым-қатынас..
Қарым-қатынас түрлері
1. Маскiлi қарым-қатынастар– бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. Мысалы,жағымпаздану,өз жұмысын істетіп алу мақсатында өтірік қошеметтеуді жатқызуға болады.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас – сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана тырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет