1. Адам туралы ғылым жүйесіндегі психологияның орны


Адам бойындағы ерік-жігердің дамуы мыналармен байланысты



бет8/27
Дата16.10.2023
өлшемі72,01 Kb.
#185900
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
1. Àäàì òóðàëû ?ûëûì æ?éåñ³íäåã³ ïñèõîëîãèÿíû? îðíû 2

Адам бойындағы ерік-жігердің дамуы мыналармен байланысты:
а) еріксіз психикалық процестердің еріктіге айналуымен;
б) адамның өз мінез-құлқын бақылауды алуымен;
в) тұлғаның күшті ерік қасиеттерінің дамуымен;
г) адамның өзіне саналы түрде барған сайын күрделі міндеттер қоюымен және ұзақ уақыт бойы елеулі ерікті күш-жігерді қажет ететін барған сайын алыс мақсаттарды көздеуімен.
18.Өмірлік бағдарлар және құнды қондырғылар
Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі. Ол қандай болмасын бір іспен айналысады. Оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғанның жиынтығы оны жеке адам етеді.Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені адамның өзіндік бағыт-бағдары қалыптаспайынша, өз бетімен сөйлеп, жүріп, есейгенше, яғни әрекет ете алатын қалпына келген кезде ғана жеке тұлға бола алады. Содан кейін барып өзіндік іс-әрекеттері қалыптасады.Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз-сол адамның талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүйесі. Өмірлік бағыт-бағдар жеке адамның жүйелестіруші қасиеті ретінде оның психологиялық қалпын анықтайды.Жеке тұлғаның негізгі сипаты, адамның іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемедестіруші тәуелсіз тұрақтылық жиынтығы жеке адам бағыт-бағдары деп аталады.Адамды танып білу үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу оған ұмтылу жеке адамның бағыт-бағдарын білдіреді. Адамның бағдары, ынта-жігері, мақсат-мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі. Адамның кісілік қасиетін түсінуде «ол нені қалайды?» деген мәселені ғана қою жеткіліксіз. Өйткені, адамның ниет-тілегі мен ынтасы үнемі өзгеріп, дамып, күрделеніп отырады. Жалпы, адамның азаматтық бағыт-бағдарының сапалары ерекшеленіп тұрады.Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Қандай болмасын обьектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.Жеке адамның қасиеті ретіндегі бағыттық қызығулар адамдарда әр түрлі болады да, адамның өмірі мен қызметіне сан алуан әсер етеді. Қызығулардың мазмұны адамның бағыт-бағдарын, оның өмірде алдына қойған мақсаттарын білдіреді. Бағыт-бағдар адамның жалпы дамуы, ақыл-ойымен тығыз байланысты.Бағыттың шашыраңқы болуы – ұнамсыз қасиет. Бағыт-бағдар тұрақтылығының ұзақ мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай тастап кетеді. Одан кейін зерігеді, ақырында сол үшін өкінеді. Бұл-бағыттың тұрақсыздығы.Мысалы, жас маман үздік оқып, белгілі математик не филолог болғысы келеді. Содан кейін халық құрметіне бөленген әйгілі азамат, бақытты отбасы, қоғам қайраткері болуды арман етеді. Міне, бұл адамның өміріндегі бағыттың тұрақтануы болып табылады.Адамдағы бағыт-бағдары белсенді болу үшін ойлау әрекеті жоғары болуы тиіс. Бағыт-бағдар тұрақтылығы адамды игі мақсатқа жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет