1. «Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына қатысты өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз. Жм


Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихи және көркемдік құндылығын бағалап жазыңыз. ҚГ



бет12/15
Дата14.05.2022
өлшемі94,56 Kb.
#143166
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ЭССЕЛЕР 2021

42. Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихи және көркемдік құндылығын бағалап жазыңыз. ҚГ
Ескендір – әлем тарихында Александр Македонский атымен белгілі тұлға. Ол Македония елінің патшасы болған.Өзінің қолбасшылығы мен жаулап алу қабілетіне орай ол «Азияның патшасы» атанған.Бірақ оның ойы әлемді жаулап алуда болатын. Міне, осы Ескендір патшаның өзінің алған әскери және сауатты білімін дұрыс жолда емес, өзінің тәкаппарлығына, ашкөздігіне қолдануын алтын қаламмен жеткізген Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасындағы Македон патшасының әлсіздігін талдап көрелік.
Абай хакім поэманың басында оның Филипп патшаның ұлы және мақтансүйгіш, қызғаншақ екенін жеткізеді. 21 жасында толар-толмас таққа отыруынан бастап, өз елінің жеріне көңілі толмай, өзге елдердің жеріне көз тіккені баяндалады.
Ескендір елде алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады, - деген жолдардан оның ашкөздігі айқын көрінеді. Көзге көрінген елдерін бірінен бірін жаулап ала бастады. Елдерге тыныштық бермей патшаларын өлтіріп, аяусыз қырып-жойды. Бір сондай жаулау ойымен жүрген кезінде, сұм бір шөлге тап болыпты. Суының барлығын ішіп, су таба алмай қиналыпты. Бір мезетте көзіне жарқ етіп өзен көрінді. Өзен суына қанып, жаны кіргеннен соң тағы өзінің әлсіздігіне берілді. Енді мына жолдарға назар аударалық:
Бұл салқын, тәтті суға қаныңыздар,
Шақ келер маған жан жоқ, наныңыздар.
Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп,
Талқан қылып шаһарын алыңыздар.
Сол елдің қақпасына жетіп, аша алмаған соң:
-Білмесең, мен Ескендір патша деген,
Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген.
Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған,
Қорлығым өзім туып, көз көрмеген, - деп өзінің жаман жағын байқатады.
Қақпаны аштырта алмасын байқаған ол әскеріне көрсететіндей сый беруін өтінеді. Берілген нәрсе қу бас сүйегі болып шығады. Оның тәкаппарлығы тағы мына өлең қатарынан көрінеді:
Ашуланып сыйына болды кекті,
-Ең болмаса білмеді сый бермекті.
Осы менің теңім бе?- деп ақырып,
Лақтырып жіберді сол сүйекті.
Міне осындай кезде әлемнің бірінші ұстазы Аристотель қу сүйектің текке берілмегенін айтып, сүйекті таразыға тарттыртып, қанша байлық, дүние атаулыға басылмаған сүйекті бір уыс топырақпен басады. Осы өмірде ашкөздердің тойымсыздығын көрде топырақ басатынын айтып Ескендірге ащы шындықты жеткізеді.
Қорытындылай келе, бұл поэма арқылы дана Абай бізге Ескендірдей алған білімімізді, ілімімізді бұрыс жолда қолданбай, Отанымызға пайдасы тиетіндей патриот, өзгелерге үлгі болатындай адам болуды жеткізгісі келген деп ойлаймын. Ия, қазақтың ұлы ақынының туындылары сол кездегі халыққа әсер етпеді, сол Абайдың ойын түсініп, жүзеге асыру біздің қолымызда болмақ!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет