1. «Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына қатысты өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз. Жм


«Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы» деген позицияны ұстана отырып, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз (



бет15/15
Дата14.05.2022
өлшемі94,56 Kb.
#143166
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ЭССЕЛЕР 2021

31. «Ғасырлар бойы арман еткен егемендік – қазақтың басына қонған бағы» деген позицияны ұстана отырып, өз пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл). ЖМ
Тәуелсіздік - ел тұғыры!
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді
16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн және сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 20 жылға таяу уақыт өтсе де, осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамып, саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық.
Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды және желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты деп айта аламын.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. О бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес екенін бұрынғылар жақсы түсінді. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек деп ойлаймын.
Осы уақытқа дейін қол жеткізілген барлық табыстар бір төбе болғанда, кешегі өркениеттің көшбасшысы атанып жүрген еуропалық елдердің аймақтық қауіпсіздікті сақтау үшін құрған ЕҚЫҰ-ға мүше болып табылатын барлық 56 мемлекеттің басшылары саммитінің Астанада өткізілгендігі біз үшін жеке-дара бір төбе табыс болды. Оның қаншалықты маңызды екендігінің тереңіне кәрі тарих ғана бойлап, бағасын беретін болады. Бүгінгі күні біз оның маңызы мен терең сипатына қанша ұмтылсақ та бәрібір бойлай алмаймыз деп тұжырымдаймын.
Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән беріліп, өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айта аламын.
Қорытындылай келе, биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекет, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет