Майкрософт компаниясының қосалқы құрылтайшысы. Ақылын ақшаға айналдырып, 14,2 миллиард доллар байлыққа ие болған. Жер шарындағы байлардың тізімінде 48 орында тұр.
Осының барлығын не үшін айтып отырмыз? Сұрақтан сұрақ туындайды. Интеллектуальдық коэффициентке көңіл бөлетін, дарынды адамдар базасын жасайтын уақыт бізге де келді. Өйткені өзгелер ғылым саласынан оқ бойы озып бара жатқанда біздің артта қалуымызға болмайды. Бір ғана мысал: Қытайда халық көп. Олардың арасынан ақылды адамдардың көп шығатыны – өмірдің өз заңдылығы. Жер шарындағы 300 миллиондай орыс халқының өзі небір данышпандарымен мақтана отырып, олардың қатарын қалай да көбейтуді ойластырып жатыр. Ресей тарихын жасаған ғұламалардың мемлекетті әлемге таныту жолында қыруар іс бітіргені анық. Осы үрдісті қалай да ілгерлету, дамыту үшін білім мен ғылымды мықтап қолға алып, данышпандарға даңғыл жол ашуда, күшті насихаттар жүргізілуде. «Ресейдің ұлы ойшылдары» атты кітаптың жарық көруінің арғы жағында осындай бір ой, идея, алға ұмтылу бар. Бірінші кітап Михаил Васильевич Ломоносовқа арналған. Бәрінен қызығы – осы іске М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттері атсалысқан.
Қысқасы, өзге жұрт тарихты түзеткен ғұламалары мен бүгінде далада жүрген дарындыларын да жинап жатыр. Дарындылық дегеніміз – адамның кез келген іс-әрекет түріне ерекше қабілетті болуы. Міне, сол қарым-қабілеті мықты, ақыл-ойы артық туған азаматтарды елдің игілігі, келешегін жасау үшін мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Жақында NUR.KZ порталынан Қазақстанды әлемге танытқан он жұлдыз туралы оқыдым. Олардың қатарында адамзат тарихында алғаш рет Сахараны жаяу, жалғыз бағындырған, «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті рет енген Марат Жыланбаев, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин, ең сұлу волейболшы атанған Сәбина Алтынбекова, әнші Димаш Құдайберген, мәнерлеп сырғанаудың шебері Денис Тен, скрипкашы Марат Бисенғалиев, үздік боксшы Қанат Ислам, дирижер Алан Бөрібаев, жас әнші Мария Мудряк бар. Бұлардың барлығы өнер мен спорт арқылы танылғандар.
Қорытындылай келе,бізге өте керегі – ғылым. Осы салада жаңашыл, тәжірибелі, танымал ғалымдар көбейіп, әлемге танылған сайын Қазақстанның қуаты да артады, елге көзқарас өзгереді, ұлт байлығы еселенеді, дамыған 30 елдің қатарына ентікпей енеміз. Осы бағытта дарынды адамдардың жұмысын үйлестіріп, жаңалығын жария етіп, ұлтымыздың ұлы бастамаларын қолдайтын орталық керек. Әлемді өзгерткен адамдардың тізімінен қазақтардың көрінуі – болашаққа батыл қадам басқанымызды айғақтай-ды.
Достарыңызбен бөлісу: |