Дәріс.Мұражайтанудың негізіг ұғымдары
Музей өзінің әлеуметтік қызметін музей жәдігерлерін жинау, сақтау, үйрену, зерттеу және қолдану арқылы жүзеге асырады.
Белгілі бір затты жасауда да, қолдануда да оның функционалдық мәні болады. Музей әлеуметтік институт ретінде қоғамдағы өзгерістерді көрсетеді, олардың тарихилығын тереңдетеді. Әрбір жәдігердің қоғамдық мәнін, музейлік құндылығын көрсетеді.
Жәдігерлердің ақпараттық потенциалы екіге бөлінеді. Бірінші – ішкі хабарламалық кеңестік, екінші – сыртқы хабарламалық кеңестік. Біріншісі заттың өзіне байланысты мәлімет көрсетсе, екіншісі жәдігердің айналасындағы ортаға қатысты мәліметтерді көрсетеді.
Музей жәдігерлерінің семантикалық (мәндік), аксиологиялық (бағалылық), коммуникативтік (хабарламалық) аспектілері бар және де әрбір музей жәдігері аттрактивтік (көңіл аудару, назарды күшейту), семантикалық (мәнерлілік, дәлділік, мәндік), экспрессивтік (толқыту, көңілде әсер қалдыру қасиеті), репрезентативтік (ұқсас жәдігерлердің артықшылығын анықтай білу) қасиеттерге ие. Музей жәдігерлері тек дерек қана емес, мәдени – тарихи ескерткіш ретінде бағалылығы зор қоғам мен мемлекет, мекеме байлығы деп саналады.
Музей жәдігері – нақты өмірден алынған, музейге қоюға құндылығы бар, музей қорына тіркелген, ұзақ сақтауға бейім зат. Ол әлеуметтік, тарихи, қоғамдық өмірдің дерегі ретінде, ұлттық құндылықтың бөлігі ретінде қарастырылады. Музей жәдігері – бүкіл музейдің қызметін, оның бағыттарын, жоспарын жүзеге асыратын негіз болып табылады.
Кез келген музей жәдігерін зерттеу ғылымға негізделеді. Қазіргі кезде музей ісі адам қызметінің ғасырлар бойы қол жеткізген нәтижесі ретінде, табиғаттың сыйы мен ерекшелігін көрсетіп (табиғи музей, қорықтар), ғылыми құжаттармен негізделіп, түрлі профильді салада жұмыс істейтін жұмыс ретінде қарастырылады.
Дәріс Мұражайдың негізгі қызметі
Музей ісінің негізгі құрамдас бөлігіне музейдің практикалық ісі, ескерткіштерді қорғау, музей жүйесі, музей саясатын заңдастыру, музей ісіндегі кдрларды дайындау да кіреді. Ғылыми - әдістемелік, көпшілік жұмыс орталықтарының жұмысы, арнайы тақырыптардағы журнал, газеттер шығару да музей ісінің басты бағыттағы шаралары.
Музейтанудың зерттеу әдістерінің негізгі бағыттарына тоқталсақ, олар мынадай:
Ақпараттық дерек көзі ретінде, жәдігерлердің мәдени- тарихи құндылықтарын зерттейтін бағыттарда жұмыс істеу:
а) музей құндылықтарына жататын жәдігерлерді анықтау (ғалымдар, лаборратория);
б) музей жәдігерлерінің мәндік мағынасын, ерекшеліктерін анықтау ісі;
в) музей жәдігерлеріне байланысты ғылыми анықтамалық, жүйелеу жұмыстарын ұйымдастыру;
г) сақтау режимін, консервация және қайта қалпына келтіру жолдарын анықтау;
д) музейдің тәрбиелік, білімдік міндеттерін атқару әдістерін қарастыру, жүйелеу.
Музей ісі, оның атқаратын қызметі, қоғамдық, мемлекеттік институт ретіндегі бағыты:
а) музейдің шығу тарихын , жүйесін, типін, музей ісінің тарихын жүйелейді;
б) ішкі ұйымдастыру жұмыстарын қарстырады;
в) музей қызметінің арнайы бағыттарын анықтайды;
г) музейді басқару жүйесін қарастырады, болашақ жоспарын талдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |