1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Нея жүйесінің кламмерлері



бет22/62
Дата23.05.2022
өлшемі186,8 Kb.
#144788
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62
Байланысты:
Ортопедия эталон

45.Нея жүйесінің кламмерлері. Тірек ұстағыш кламмері барлық үш қызметті тіреу, тұрақтандырушы,кідіртетін бір атқаратын неғұрлым жетілген кламмер түрі болып табылады. Ең әуелі кламмерлік жүйе тірек тістерді қоршаған тіндерге залалды әсері болмауы керек. Сонымен қатар кламмер арқылы тірек тістерге берілетін шайнау қысымы ұяшықтық өсіндінің ертерек пайда болған семуін аңғарта отырып,протез орнының шырышты қабатына жиірек бөлінуі қажет. Екіншіден кламмерлік жүйе түрлі клиникалыұ жағдайда,яғни тіс қатары кемістігінің түрлі көлемі мен топографиясы, ұяшықтық өсіндінің семуі,пішіні,көлемі және тірек тістердің орналасу жағдайы мен тұрақтылығы, қарама-қарсы тістердің әртүрлі окклюзиялық өзара әсері кезінде протездің берік бекуін қамтамасыз етуі қажет. Үшіншіден кламмерлерді қолдану кезінде эстетіканың өте күрделі мәселесін шешуге тура келеді. Тірек тістерге кламмердің орналастыру оларндың қалыпты сыртқы түрін бұзады,сөйлегенде немесе күлгенде металдан жасалған бөлшектер көрініп қалады және тіс беттерінің пішіні мен тұлғалық көлемін көзге түсерліктейетіп жиі бұзады, бұл болса протезге бейімделу кезеңін айтарлықтай төмендетеді. Құйылған тірек –ұстағыш кламмердің құрылымы 4 негізгі элементті қамтиды: екі иықты вестибульярлы және ауыздық,окклюзиялы бастырманы ол тістің окклюзиялы бетіне орналасады, денені бұл байланыстырушы элемент,ол тісте түрлі нұсқада орналасады, өсінді ол кламмердің өзін доғалы протездің металл қаңқасымен қосады не табақшалы протез негізінің қалындығына енеді. 46.Тістердің толық болмауы кезіндегі функционалдық және морфологиялық өзгерістер. Баланың зиянды әдеттеріне байланысты тістемнің дұрыс қалыптаспауы мүмкін.Мысалы: саусақ, ерін, ұртын сору, тырнағын, ернін тістеу, жағына таянып отыру немесе ұйықтау. Тістердің уақытылы шықпауының себебі жүктілік кезіндегі анасының жұқпалы аурулармен ауруы, құнарлы тамақтанбауы, зиянды әдеттерге үйір болуы, мысалы: шылым шегу, арақ ішу, наркотик қабылдау т.б. Бет – жақ жүйесіндегі тұқым қуалайтын ақаулардың бірі – “қоян жырық”- яғни еріннің бір жақты немесе екі жақты жырығы; “қатты таңдай жырығы”. Бұндай ауытқулары бар нәрестелердің сору қызметі шектеледі және ішкен тамағының тыныс жолдары арқылы шығуы кездеседі Тіс ақауларын былайша жіктеуге болады:- жеке тістер ақаулары (олардың биіктігі, пішіні, саны, орналасуы);- тіс қатарының ақаулары;- тістем ақаулары.Гигант тістер Тістердің биіктігінің ақауларының бірі – гигант тістері. Гигант тістері – бұл тістердің сауыттары шамадан тыс үлкен. Гигант тістері тұрақты тістерде көп, ал уақытша тістерде аз кездеседі. Көбінесе гигант тістері жоғарғы немесе төменгі жақтың күрек тістері жатады, ал сирек жағдайда басқа да тістерде кездесуы мүмкін.Диастема - дегеніміз төменгі жаққа қарағанда жоғарғы жақта жиі кездесетін күрек тістердің ортасында саңылаулардың пайда болуы.Себебі: жоғарғы еріннің төмен, қатты бекітілуі, орталық күрек тістердің аралығындағы сүйек пердесінің жалпақтығы, адентия, тістердің биіктігі және пішінінің ауытқулары, фронтальды тістердің дұрыс орналаспауы, фронтальды тістерді ерте жоғалту.Емі. Ортодонтиялық, комплексті, хирургиялық. Тіс пішіндерінің ауытқулары Тікенек тәрізді тістер – тістердің сауыттары тікенек пішінді. Бұл тістер орталық және бүйір күрек тістерде жиі кездеседі. Ұсқынсыз тістер – жоғарғы жақтың фронтальды бөлігінде орналасқан әртүрлі пішінсіз тістер. Тіс сандарының ауытқулары Адентия – тістердің болмауы, тұқым қуалайды. Бірінің үстіне бірі шыққан тістер (ұры тістер) - фронтальды тістер аймағында орналасатын тістер, пішіні тікенек тәрізді немесе көршілес тістердің пішініне ұқсаас келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет