1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"



бет13/214
Дата30.04.2020
өлшемі0,98 Mb.
#65217
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   214
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

10. Ақпарат ж(е оның өлшемі
"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тəн, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды табуға тырысуда, бірақ бұл ұғым көптеген жағдайларда адам іс-əрекетінің əртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда жəне əртүрлі мағыналармен толығуда .

Қатынаста ақпарат деп, қандай да біреуді қызықтырушы, кез келген мəліметтерді немесе мағұлыматтарды атайды. Мысалға, қандай да бір оқиғалар, нендей де бір əс-ірекеттер т.б. туралы.

Ақпараттандыру — бұл халықтың тұрмыс салтының маңызды өзгерістерімен байланысты, күрделі əлеуметтік үрдіс. Ол көптеген бағыттарда, соның ішінде компьютерлік сауатсыздықты жоюда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мəдениетін қалыптастыруда жəне т.б. қажырлы еңбекті қажет етеді."Ақпараттандыру" бұл мағынасында "бұрын белгісіз бір нəрсені хабарлауды" білдіреді;

техникада ақпарат деп, таңбалар мен белгілер формасында берілген хабарламаларды түсінеді;

кибернетикада ақпарат деп, білімнің бағдарлау, белсенді əрекет ету, басқару, яғни жүйелерді сақтау, жетілдіру, дамыту мақсатында қолданылатын бөлігін түсінеді. (Н. Винер).

Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бəрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады да, ол ақпараттың өлшем бірлігі болып табылады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (Ьіnагу digit - екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның bуtе деген сөзінен) деп атау келісілген. Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа орналасқан 8 биттен тұратын тізбек, бір символды белгілейтін код. Мысалы: Е → 10000101, / → 00101111,

8 → 00111000 т.с.с. Іс жүзінде байттан үлкен мегабайт, гигабайт, терабайт өлшемдері де пайдаланылады.

1 байт =8 бит

1024 байт=1 Кбайт (килобайт)

1024 Кбайт=1 Мбайт (мегабайт)

1024 Мбайт=1Гбайт (гигабайт)

1024 Гбайт=1Тбайт (терабайт)

Дербес компьютер негізінен екілік, ондық, оналтылық санау жүйелерінде жазылған кодтармен жұмыс істейді. Олардың ішіндегі екілік санау жүйесі негізгі, қалған екеуі қосымша санау жүйесі ретінде пайдаланылады. Біздің елде дербес компьютер үшін ИАК-8 - кеңейтілген ASCII кодының кестесін пайдаланады. ASCII информацияны алмастыруға арналған Американың стандартты коды. Ол арнайы құрастырылған кестеде беріледі.

Дискретті хабар ақпараттың ақырғы санын қамтитындықтан оны өлшеуге болады.

Ақпарат шамасының 3 түрі бар:

- құрылымдық өлшем

- статистикалық өлшем

- семантикалық өлшем

Статистикалық өлшем негізінде ықтималдық тəсіл қолданылады.

Мұнда 1948 жылы Шеннон ұсынған өлшем қолданылады. Мұндағы ықтималдық 0 мен 1 аралығынан

мəн қабылдайтын шама, ол бір оқиғаның пайда болуының немесе пайда болмауының мөлшері. Оқиға бар

болса-1, жоқ болса- 0 болады.

Хартли өлшемі информация өлшемін сан ретінде қарастыру мүмкіндігін қамтамасыз етумен қолайлы.

Қазіргі уақытта "ақпараттар мөлшері" ұғымын анықтауға бағытталған қадамдар кеңінен етек алды, олар мынаған негізделген, хабарлама құрамындағы ақпараттарды оның жаңашылдығы мағынасында немесе басқаша айтқанда, объект туралы біздің біліміміздің анықталмауының кемуі тұрғысында, байыппен беруге болады. Бұл қадамдар ықтималдық пен логарифм сияқты математикалық ұғымдарды пайдаланады. Бит — өлшем бірліктің өте аз шамасы. Практикада көбінесе одан ірі бірлік — байт қолданылады, ол сегіз битке тең. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дəл осы сегіз бит қажет (256=28).

Сол сияқты ақпараттардың одан да үлкенірек туынды бірліктері кеңінен қолданылады :

• 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

• 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

• 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

Соңғы уақытта өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты, қолданысқа мынандай туынды

бірліктер де ене бастады:

• 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,

• 1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.

Ақпараттар бірлігі ретінде он тең ықтималдықтағы хабарламаларды ажыратуға қажетті, ақпараттар

мөлшерін таңдап алуға да болатын еді. Бұл енді екілік емес (бит), ондық (дит) ақпарат бірлігі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет