Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда əріп бейнелері электрлік тəсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа əріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сəулелермен жүргізіледі. Лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады жəне жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады.
Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы. Плоттердің əрекеті қарапайым: жазу құралы (қалам) із қалдыра отырып қағазда жылжиды. Сызбаларды салу барысында график тұрғызғыштар сегіз түрлі-түсті фломастерлерді немесе қарындаштарды қолданады, олар қажеттілік жағдайда автоматты түрде алмасады. Кез-келген күрделі геометриялық фигураларды бейнелеу сапасы тұрақты жəне өте жоғары.
Колонка - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.