1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"


Пернелік жəне пернелік емес енгізу жабдықтары



бет34/214
Дата30.04.2020
өлшемі0,98 Mb.
#65217
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   214
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

21. Пернелік жəне пернелік емес енгізу жабдықтары.
      Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында  жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

        символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады;

        функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1,F2,…,F12) әрпімен белгілеген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді (құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т.б.). Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі программалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы, Бейсик тілінде F1…F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады;

        нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері. Курсор дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Нұсқаушы пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған;

        цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер осы пернені бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал егер оны тағы бір мәрте басса, онда бұл пернелер курсорды экранда жылжыту бағытын басқарады.  

Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызы осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға (енгізу пернесі), (жою пернесі), (артқа қарай өшіру), (үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады.

   Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін  Alt+Shift (кейде Ctrl+Shift) пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt (Ctrl) пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады.      

Word-та Вставка, Символ пунктің басып, арнайы символдарды енгізу мүмкіндігі бар. Арнайы символдар пернетақтаның көмегімен енгізе алмайтын белгілі бір мағына беретін символдар. Вставка, Символ керекті символды таңдап, Вставить батырмасын басқан кезде, мәтін жолына керекті символ түседі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет