Ақпараттық қамтамасыз ету. Ақпараттық қамтамасыз ету ішкі жүйенің мақсаты басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қазіргі заманғы құрылуы мен дұрыс ақпаратты жіберуден тұрады.
Ақпараттық қамтамасыз ету – ақпаратты кодтау мен жіктеудің бірыңғай жүйесі, құжаттамалардың топтау жүйесі, ақпараттық лектердің сызбасы, мәліметтер базасын құру әдістемелерінің жиынтығы.
Құжаттамаларды топтау жүйелері мемлекеттік, республикалық, салалық және аймақтық деңгейлерде құрылады. Оның негізгі мақсаты қоғамдық өндірістің әр түрлі салаларындағы көрсеткіштердің сәйкестілігін қамтамасыз ету. Мынадай салаларда талаптарды бекіту стандарттары жасалған:
құжаттамалардың топтық жүйелеріне;
басқарудың әр түрлі деңгейлеріндегі құжаттардың топтық нысандарына;
реквизиттер мен көрсеткіштер құрылымына және құрамына;
құжаттардың топталған нысандарын енгізу, жүргізу және тіркеу тәртібіне.
Дегенмен құжаттамалардың жүйелендірілген жүйесінің әрекет етуіне қарамастан көптеген ұйымдарды тексеру кезінде әрқашан бірнеше кемшіліктер анықталады:
құжаттардың қолмен өңдеу үшін өте көлемділігі;
әр түрлі құжаттарда бір көрсеткіштердің қайталануы;
ауқымды құжаттармен жұмыс жасау мамандарды тікелей тапсырмаларды шешуде кедергі жасайды;
құрылатын көрсеткіштер бар, бірақ қолданылмайды және т.б.
Сондықтан аталған кемшіліктерді жою ақпараттық қамтамасыз етуді құру кезінде орындалатын міндеттердің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |