1 Ақпараттық жүйелер және олардың құрылымы мен жіктелуі


Ақпараттық жүйелердің даму кезеңдері



бет2/13
Дата06.02.2022
өлшемі136 Kb.
#81282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
stud.kz-86622

Ақпараттық жүйелердің даму кезеңдері. Ақпараттық жүйелердің даму тарихы мен олардың әр кезеңдегі пайдалану мақсаттары 1-кестеде көрсетілген.
Алғашқы ақпараттық жүйелер 50 жылдары пайда болды. Осы жылдары олар шоттарды өңдеу мен жалақыларды есептеуге арналды. Бірақ электромеханикалық бухгалтерлік есеп машиналарында қолданылды. Бұл қағаз құжаттарын дауындауға кететін уақыт пен шығындарды қысқартуды тудырды.
60 жылдары ақпараттық жүйелерге көзқарас өзгере бастады. Олардан алынған ақпарат көптеген өлшемдері, яғни параметрлері бойынша кезеңдік есептілік үшін қолданыла бастады. Ол үшін ұйымдарға бұрыңғыдай шоттарды өңдеу мен жалақыларды есептеу үшін ғана емес, көптеген салаларда қызмет көрсетуге қабілетті кең мақсаттағы компьютерлік құрылғылар қажет болды.
70-80 жылдардың басында ақпараттық жүйелер шешімдерді қабылдау процесін жылдамдататын басқарушылық бақылау құралы ретінде кеңінен қолданыла бастады.
80 жылдардың соңына қарай ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы қайтада өзгереді. Олар ақпараттың стратегиялық көзіне айналады және кез келген бағыттағы барлық деңгейдегі ұйымдарда қолданылды. Бұл кезеңдегі ақпараттық жүйелер қажетті ақпаратты дер кезінде жеткізе отырып, ұйымдарға өз қызметінде жетістікке жетуге, жаңа тауарлар мен қызметтерді құруға, өнімнің жаңаша нарығын табуға, өзіне тиімді серіктестікті қамтамасыз етуге, өнімдерді төмен бағамен сатуды ұйымдастыруға және т.б. көмектеседі.



Уақыт кезеңдері

Ақпараттарды пайдалану концепциясы

Ақпараттың жүйелердің түрі

Пайдалану мақсаты

1950-1960ж.ж.

Есеп құжаттарының қағаз түріндегі легі

Электромеханикалық бухгалтерлік машиналарда есеп құжаттарын өңдеудің ақпараттық жүйелері

Құжаттарды өңдеудің жылдамдығын арттыру. Шоттарды өңдеу мен жалақыларды есептеу процедурасын жеңілдету

1960-1970ж.ж.

Есептерді дайындаудағы негізгі көмек

Өндірістік ақпараттарға арналған басқару ақпараттық жүйелер

Есептілікті дайындау процесін жылдамдату

1970-1980ж.ж.



Жүзеге асыруды (сатуды) басқарушылық бақылау

Шешім қабылдауды қолдау жүйелері



Басқарудың жоғарғы буынына арналған жүйелер
Анағұрлым тиімді шешімдерді таңдау

1980-2000ж.ж.

Ақпарат – бәсекелік артықшылықты қамтамасыз ететін стартегиялық
ресурс

Стартегиялық ақпараттық жүйелер

Автоматтандырылған кеңселер
Ұйымның жандануы мен өркендеуі

Кесте 1. Ақпараттық жүйелерді пайдалануға деген көзқарастың өзгертуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет