1 Ақпараттық жүйелер және олардың құрылымы мен жіктелуі



бет9/13
Дата06.02.2022
өлшемі136 Kb.
#81282
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
stud.kz-86622

Құқықтық қамтамасыз ету. Құқықтық қамтамасыз ету – ақпаратты алу, өзгерту және пайдалану тәртібін рәсімдейтін ақпараттық жүйелердің құрылуын, құқықтық жағдайын және қызмет етуін анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз етудің негізгі мақсаты заңдылықты сақтау болып табылады. Құқықтық қамтамасыз етудің құрамына заңдар, жарлықтар, мемлекеттік билік органдарының қаулылары, бұйрықтар, нұсқаулықтар және министрліктердің ведомстволардың, ұйымдардың басқа да нормативтік құжаттары жатады. Құқықтық қамтамасыз етуде кез келген ақпараттық жүйенің қызметін және де белгілі бір жүйенің қызметін реттейтін жалпы бөлімді бөлуге болады. Ақпараттық жүйелерді жасаушы мен тапсырушы арасындағы шарттық қатынас пен байланысты нормативтік актілерді құрайды. Ақпараттық жүйенің қызмет ету кезеңдерін төмендегілер құрайды:

  • ақпараттық жүйенің жағдайы;

  • қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі;

  • басқару процесі жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайы;

  • ақпаратты құру мен пайдалану тәртібі және т.б.

Ақпараттық жүйе – ақпараттық, кадрлық және материалдық ресурстарды, ақпаратты өңдеуді, сақтауды және жіберуді қамтамасыз ететін өзара байланысқан элементтер жиыны.
Қазіргі таңда ақпарат бірден-бір ең қажетті ресурс көзіне айналса, ал ақпараттық жүйе қызметтің барлық салаларында қажетті құралы болып отыр.
Ақпараттық жүйелердің көмегімен шешілетін мәселелердің әртүрлілігі көптеген құру принциптерімен және ақпаратты өңдеу ережелерімен ерекшеленетін әртүрлі жүйелердің пайда болуына әкеледі.
Ақпараттық жүйелерді әртүрлі қасиеттер бойынша топтастыруға болады. Техникалық құралдар көмегімен қызметті ұйымдастыруда қолданылатын мәселелерді шешу көлеміне қарай ақпараттық жүйелер көптеген топтарға бөлінеді (Сурет 3).

Сурет -3. Ақпараттық жүйелердің топтастырылуы.

Ақпаратты сақтау типіне қарай: фактографиялық, құжаттық болып бөлінеді.


Фактографиялық жүйелер сан немесе мәтін түрінде құрылымдық мәліметтерді сақтауға, өңдеуге арналған. Мұндай мәліметтермен көптеген амалдарды орындауға болады.
Құжаттық жүйеде мәліметтер рефераттар және мәтіндерден құрылатын құжаттар түрінде көрсетіледі.
Масштабына қарай: жекелік, топтық, корпоративтік болып жіктеледі.
Жекелік ақпараттық жүйе – дербес компьютерде жүзеге асырылады және бір ғана пайдаланушыға арналған.
Топтық ақпараттық жүйе – ақпаратты пайдаланудың ұжымдық түріне негізделген және жергілікті желі арқылы байланысады.
Корпоративтік ақпараттық жүйе – қызметкерлер тобына арналған өркендеуші жүйе болып табылады. Олар ірі компанияларға арналған және аймақтық таратылған түйіндер мен жүйелер арқылы байланысады.
Қолдану аймағына қарай:

  • есеп беруді өңдеу жүйесі;

  • шешім қабылдауды қолдану жүйесі;

  • ақпараттық анықтамалық жүйелер;

  • кеңселік ақпараттық жүйелер.

Ұйымдастыру әдісіне қарай:

  • файл-сервер архитектурасына негізделген жүйелер;

  • клиент-сервер архитектурасына негізделген жүйелер;

  • көпдеңгейлі архитектураға негізделген жүйелер;

  • Интернет технологияға негізделген ақпараттық жүйелер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет