1 Ақпараттық жүйелер және олардың құрылымы мен жіктелуі


Білім мазмұны мен оқыту әдісі



бет11/13
Дата06.02.2022
өлшемі136 Kb.
#81282
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
stud.kz-86622

Білім мазмұны мен оқыту әдісі
Әлем жайында білім. Оқушының әлем жайында білімді меңгеруі қабылдау, түсіну, еске сақтау арқылы жүреді. Ал, әлемді, мысалы, адамды қәршаған заттар әлемі, оның әлеуметтік ортасы, компьютерлік әлем, адамның өзінің ішкі әлемі тәрізді ақиқаттылық арқылы түсінуге болады. Заттар әлемі мен олардың арасындағы байланысты оқушылар қоғамның информациялын, ресурсына кіру арқылы және ЭЕМ-де модельдеу арқылы таниды. Білім беру жүйесінің алдындағы мүмкіндіктер енді ғана ашылуда. Дәстүрлі әдіс мұғалімнің сөзі мен кітапқа сүйенеді.
Компьютерлік желілер оқушылардың алдына нақты мәліметтерді сақтау немесе меңгеру мәселесін қоймайды, информация әлемінен өзіне қажеттіні алып, информациялық іздеу жүйелеріне сұранысты дұрыс қоя білу, өзінің сұранысын әрі жылдам, әрі икемділікпен түзете білу іскерлігінің болуын талап етеді.
Әлеуметтік ортакомпьютерлік әлемнің тәртіп ережесі арқылы, компьютерлік желіде, ұжымдық жұмыста адамдардың бір-біріне өзара әрекеттесуі арқылы ашылады. Компьютерлік әлемді үйрену оқушылардың ізденушілік зерттеу іс-әрекеті арқылы жүзеге
асырылады, мысалы, компъютердегі "ойын ережесін", логикасын меңгеру тәрізді.
Өзіндік тану компьютермен бейнеленетін жеке іс-әрекетін ойлау рефлекциясы арқылы жүзеге асырылады. Компьютер іс-әрекеттің нәтижесін жылдам бере отырып, дәл осындай ойлау сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Іс-әрекет тәсілін жүзеге асыру тәжірибелері. Іс-әрекеттің үлгісін көрсету және инструктаж жолымен компьютерлік әлемнің үнемі дамып отыратын жаңалығымен оқушылардың ізденушілік белсенділігі арқылы беріледі. ЭЕМ-мен жұмыс істеуде іс-әрекеттің стандартты түріне бара бар оқыту әдісі ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру болып табылады. Дайын программа мен диалогты меңгеруде және клавиатурамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін де бұл әдіс қолданылады. Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері. Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері проблемалық есептер шығару, таныс емес программалық құралдарды меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет