1 Ақпараттық жүйелер және олардың құрылымы мен жіктелуі


Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар



бет10/13
Дата06.02.2022
өлшемі136 Kb.
#81282
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
stud.kz-86622

Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар.
Ыңғайлылық. Бейімделу мен одан кейінгі дамуға қабілеттілік ақпараттық жүйенің жаңа жағдайларға, ұйымның жаңа талаптарына икемделу мүмкіндігін білдіреді.
Сенімділік. Сенімділікті талап ету сақталатын ақпараттың резервті көшірмесін жасаумен, хаттамалау әрекеттерін орындаумен, байланыс желілермен, ақпаратты физикалық тасуыштардың сапасын қолдаумен, қазіргі заманғы бағдарламалық және ақпараттық құралдарды пайдаланумен қамтамасыз етіледі.
Әсерлілік. Жүйе егер бөлінген ресурстар есебінен оған жүктелген міндеттерді қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік берген жағдайда әсерлі болып табылады. Жүйенің әсерлілігі мәліметтерді оптимизациялау және оларды өңдеу әдістерімен, жобалаудың қажетті дайындалуы идеялары және әдістерін қолданумен қамтамасыз етіледі.
Қауіпсіздік. Қауіпсіздік деп, ең алдымен ұйымның ақпаратты ресурстарына бөгде адамдарға кіруге рұқсат етілмейтін жүйенің қасиетін түсінеміз. Қауіпсіздікті талап ету ақпараттық жүйелерді дайындаудың қазіргі заманғы құралдарымен, қазіргі заманғы аппаратурамен, ақпаратты қорғау әдістерімен, құпия сөздерді қолдану және хаттамалаумен, ақпараттық жүйелер және оларды қорғау құралдарының қауіпсіздігі жағдайына тұрақты мониторинг жүргізумен қамтамасыз етіледі.
2 Бақылау
Бақылауды мұғалімнің, жолдасының, компьютердің және өзіндік бақылау деп бөлуге болады.
Информатика курсындағы бақылаудың ерекшелігін төмендегідей тұжырымдауға болады: жалған жауапты оқушы мойындамайды, оны компьютердің шығарғаны деп есептейді; компьютер оқушының өзінің іс-әрекетін ұғынуына нәтиженің дұрыс немесе қате екендігі жөнінде хабарлама береді.
Мұғалімнің дәстүрлі бақылауымен қатар, жолдастарының бақылауының да маңызы бар. Бақылаушы басқа адамның ойлау жүрісін түсінуді үйренеді де, өзінің білімін сыртқа шығарын, сөйлеуге дағдынанады.
Компьютердің бақылауы қатеге көп көңіл аударуды талап етеді, бақылаудың келесі кезеңі - өзіндік бақылауға көшуге мәжбүр болады. Бұл бақылаудың күрделі де, ең жоғарғы түрі болып есептеледі. Әлбетте адам өзіне сенуге және өзіне баға беруге бейім келеді. Өзін бақылай білу іскерлігі, мейлі компьютердің көмегімен болсын, өзіндік ойлаудың ең жоғарғы дәрежесі.
Кері байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиімді, бірақ өте жоғары жылдам реакция - мұғалімнің түсініктемесі - оқушының ойлау жүрісінің ашылуына кедергі жасауы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет