1 Ақпараттық жүйелер және олардың құрылымы мен жіктелуі



бет5/13
Дата06.02.2022
өлшемі136 Kb.
#81282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
stud.kz-86622

Ақпарат ағымының сызбасы. Ақпараттар қозғалысының бағыттарын, оның көлемін, алғашқы ақпараттардың пайда болу орындарын және нәтижелі ақпаратты пайдалануды көрсетеді. Аталған сызбалар құрылым, талдау арқылы барлық басқару жүйелерін жетілдіру бойынша шараларды жасап шығаруға болады.
Ақпараттардың көлемін анықтауға және оны мұқият талдау жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат ағымының сызбасын құру мыналарды қамтамасыз етеді:

  • қайталанатын және қоланылмайтын ақпараттарды алып тастау;

  • ақпараттарды жіктеу және тиімді пайдалану.

Мұнда ақпараттардың басқау деңгейі бойынша қозғалысының өзара қатынас мәселелері мұқият қарастырылуы қажет. Басқару шешімдерін қабылдау үшін қандай көрсеткіштер қажет, ал қай көрсеткіштер қажет емес екендігін анықтау керек. Әрбір орындаушыға тек қана қолданылатын ақпарат түсуі қажет.
Мәліметтер базасын құру әдістемесі оны жобалаудың теориялық базаларына негізделеді. Аталған әдістеме концепциясын түсіну үшін оның негізгі бастамаларын (идеяларын) тәжірибеде кезекті жүзеге асырылатын екі кезең түрінде көрсетеміз:
1-кезең – ұйымның барлық қызметтік құрылымдарын төмендегі мақсатта тексеру:

  • оның қызметінің ерекшелігі мен құрылымын түсіну;

  • ақпарат ағымының сызбасын құру;

  • қолданыстағы құжаттар айналымы жүйесін талдау;

  • ақпараттық объектілерді және олардың қасиеттері мен мақсаттарын айқындайтын (параметрлерін, сипаттамаларын) реквизитердің тиісті құрамын анықтау.

1-кезең – мәліметтердің тұжырымдамалық ақпаратты-логикалық модельдерін бірінші кезеңде зерттелген қызмет аясы үшін құру. Бұл модельде объектілер мен олардың реквизиттері арасындағы барлық байланыстар орнатылған және іске қосылған болуы қажет. Ақпаратты-логикалық модель мәліметтер базасының іргетасы болып табылады.

  • ұйымды басқару жүйесінің барлық функцияларын, міндеттерін және мақсаттарын нақты түсіну;

  • талдауға ақпарат ағымының сызбасы түрінде ұсынылған ақпараттардың пайда болған сәтінен бастап және оның әртүрлі деңгейдегі басқаруда пайдалану әрекетін анықтау;

  • құжат айналымы жүйесін жетілдіру;

  • жіктеу мен кодтау жүйесінің болуы және оны қолдану;

  • ақпараттардың өзара байланысын көрсететін тұжырымдық ақпаратты-логикалық модельдерді құру әдістемесін игеру;

  • қазіргі заманды техникалық қамтамасыз етудің болуын талап ететін ақпараттар жиымдарын машиналық тасуыштарда құру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет