( тері мен қозғалыс үшін общий) - Жұлын-таламустың жолы: Ауырсыну,температуралық сезімдерінің серпіністері ® жұлын түйіннен (бірінші нейроны) ® жұлынның артқы мүйіздерінің сұр затында (екінші нейроны ) ® жұлын-таламустық жолмен ® таламустың вентральды ядроларына (үшінші нейроны) 3. Орталық бөлім: Үлкен жарты шарлар қыртысының соматосенсорлық аймағы -(артқы орталық қатпар) Тепе-теңдік (вестибуляторлық) мүшесі, көру және қозғалыс талдағыштарымен қатар, адамның кеңістікке бейімделуінде жетекші орын алады. Оның шеткі не болмаса қабылдағыш, өткізгіш және орталық немесе қыртысты бөлімдерін ажыратады. Ол түзу сызықты немесе айналмалы қозғалыста, сонымен бірге кеңістікте бастың қалпы өзгергенде пайда болатын жеделдету, баяулату ақпаратын жеткізеді және оны талдайды. Бірқалыпты қозғалыста, яғни тыныштық жағдайында тепе-теңдік жүйесі қабылдағыштарында қозу болмайды. Кіреберістік қабылдағыштардан шыққан серпіністер бұлшықеттердің тонусын қайта реттейді де, дене қалпының сақталуын, қозғалысты үйлестіріп және олардың дәл орындалуын үздіксіз бақылап отырады. Бұл әсерлер ОЖЖ-нің бірқатар бөлімдері арқылы рефлекстік жолмен жүзеге асырылады. Тепе-теңдік талдағышының шеткі бөлімі самай сүйегінің қалың бөлігінде орналасқан кіреберіс аппараты болып табылады. Ол кіреберіс және үш имекті арналардан тұрады. Лабиринт құрамына кіреберіс аппаратынан басқа иірімді түтігі кіреді, онда есту қабылдағыштары орналасқан. Әрбір арнаның кеңейтілген (ампула) ұшында қысым өзгерістеріне сезімтал қабылдағыштар болады. Кіреберіс құрамындағы екі қапшықта отолит аппараты орналасқан. Кіреберістегі түкті жасушалардың қозуы құрамында әктің кішкентай түйіршіктері (отолиттер) бар іркілдек мембрана бойымен сырғанау арқылы туады. Кіреберіс және ампуланың түкті жасушалары иілген кезде қабылдағыштық потенциал пайда болып, ол синапс арқылы түкті жасушалардың тітіркенуі туралы сигналдарды кіреберіс жүйке талшықтарының ұшына жеткізеді. Кіреберіс талшықтары сопақша миға қарай бағытталады. Бұл талшықтармен келетін серпіністер оның нейрондарына, жоғарғы кіреберістегі Бехтеревтің, жанама кіреберістегі Дейтерс пен Швальбенің ядроларына келеді. Осы арадан сигналдар ОЖЖ-нің көптеген бөлімдеріне – жұлынға, мишыққа, көзқимылдатқыш жүйке ядросына, үлкен ми қыртысына, торлы құрылымға және вегетативтік тораптарға дейін жетеді. Тепе-теңдік нейрондары кіреберіс-жұлын, кіреберіс-вегетативтік және кіреберіс-көзқимылдатқыш әсерленістерін бақылап, реттейді. Кіреберіс-жұлын (кіреберіс-торлы құрылым мен қызыл дақ) әсерленісі тепе-теңдік сақтауға қажетті рефлекстік әсерленістер мен бұлшықет тонусының жылжымалы өрістеуін іске асырады. Кіреберіс-вегетативтік әсерленістерге (жүрек-қантамыр жүйесі, қарын-ішек жолы) күшті және ұзақ жүктемелер әсер еткенде патологиялық қозғалыс ауруы пайда болады. Кіреберіс-көзқимылдатқыш (нистагм – секірмелі көз ойнақшуы) көздің қарама-қарсы жаққа баяу ырғақты қозғалыстан кейін кері қарай ауысуын қамтамасыз етеді. Адамның ми қыртысындағы кіреберістік аймақтың нақтылы орналасқан жері әлі де толығымен анықталмаған. Ол артқы орталық қатпарда орналасады деген болжам бар. Мидың қозғалыс қыртысының төменгі жағында екінші кіреберістік аймақ табылған. Тепе-теңдік аппаратының қызметі зақымданған адам дене қалпын сақтау қабілетінен айырылады.