1. Асқорыту оның маңызы. Асқорыту жүйесінің қызметі. Ас қорыту типтері. Ас қорыту, оның маңызы



бет14/20
Дата12.05.2024
өлшемі2,35 Mb.
#202006
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
3 РК. Физиология жауап)

Рецепторлардың жіктелуі:

I. Сезім түрлеріне байланысты:
- көру рецепторлары

  • есту рецепторлары

  • дәм сезу рецепторлары

  • жанасу сезу

  • терморецепторлар

  • проприорецепторлар

  • вестибулярлық (тепе-теңдік)

  • ауырсыну сезу

  • иіс сезу

II.Рецепторлардың орналасуына байланысты:
I. Шетте орналасқан (экстерорецепторлар)
- есту, көру, иіс сезу, дәм сезу, жанасу

II. Іште орналасқан (интерорецепторлар)


а) вестибулярлық және проприорецепторлар (қимыл-тірек
аппаратының рецепторлары)
б) висцерорецепторлар-ішкі ағзалардың рецепторлары
III. Тітіркендіргіштер табиғаттарына байланысты:
1. Фоторецепторлар - көру;
2. Механорецепторлар - есту, жанасу, сезу, вестибуло-проприорецептор;
3. Хеморецепторлар - дәм, иіс сезу;
4. Терморецепторлар.
Ауырсынуды (ноцицепциялық) сезу - ерекше түрі

20. Тепе-теңдік талдағышы, дененің кеңістікте орналасуын бағалаудағы оның рөлі.
Қозғалыс талдағышы тұлға қалпының сақталуы қимылын үйлестіріп, олардың дұрыс, әрі дәлме-дәл орындалуын үздіксіз бақылап отырады.
Бұлшықеттер сыртындағы дәнекер қабықшаларда, сіңірлер мен буын қалталарында орналасқан проприорецепторлар бүкіл қозғалыс аппаратының жиырылу немесе босаңсу туралы және солар арқылы тұлғаның кез келген бөлігінің кеңістіктегі қалпын білдіреді.
Проприорецепторлар түрлері:
- ет ұршығы ішіндегі біріншілей сезімтал жүйке ұштары;
- ет ұршығы ішіндегі екіншілей сезімтал жүйке ұштары;
- сіңірдегі Гольджи рецепторлары.
Проприрецепторларда пайда болған серпіністер жұлынның екі өткізгіш жолдарымен өтеді: лемниск және жұлын-таламустық сезгіш жолдарымен. Лемниск жолы: Ет рецепторларының серпіністерін ® жұлын түйінінен (1 нейрон) ® дорзалды - артқы бағандарынан ® сопақша миға (Голля және Бурдах ядроларына), екінші нейроны ® қиылыс ® таламустың вентральды ядроларында (үшінші нейрондары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет