1. Ата-ана қамқорынан қалған балалардың пайда болуы, тарихи дамуы және әлеметтенуінің жалпы ерекшеліктері



бет8/9
Дата21.05.2020
өлшемі54,93 Kb.
#70251
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
плагиат Қалтаева Аяжан курстық жұмыс

ҚОРЫТЫНДЫ

Оқу орнындағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі шарттары:

- берілген оқу орнына қарасты Ықшам ауданындағы мектеп жасындағы жасөспірімдерді есепке алу және олардың әлеуметтік деңгейі мен өмір сүру жағдайларын зерттеу;

- оқушылардың іс әрекетін, дамуын бақылау;

- оқу орнындағы оқушылардың оқудан қол үзуінің алдын алу;

- оқушылардың әлеуметтік мәселелерін, олардың пайда болуына әкелген жағдайларды зерттеп, оқу орнының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оларды шешу;

- жағдайы төмен отбасыларды педагогикалық және әлеуметтік есепке алу;

- көп балалы жанұяларындағы, жағдайы төмен жоқ және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғауда байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру;

- оқушылардың қауіпсіздігін, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау, экстремальды және дағдарысты жағдайында көмек көрсету;

- оқушыларды жұмысқа тұрғызу және аудан мен қаланың қызметкерлерімен қарым-қатынаста болу;

- әлеуметтік қорғанысы жоқ оқушылар мен олардың жан-ұясына қажет көмек көрсету үшін әртүрлі мемлекетті органдар, әлеуметтік қызметкерлер, қоғамдық ұйымдар мен жеке адамдардың мүмкіндіктерін біріктіру.

Әлеуметтік педагогтың міндеттерімен қоса мынадай құқықтары бар:



  • Заң шығару және жүзеге асыру билік мүшелерінің алдында клиенттің мүддесін қорғау.

  • Сертификат немесе диплом бойынша мемлекеттік және жеке әлеуметтік практиканы жүргізу.

  • Тұтынушыға қажетті ақпаратты жинау; әлеуметтік сауалнамалар жүргізу, диагностикалық зерттеу.

  • Тұтынушының жеке және әлеуметтік мәселелерін шешу барысында қоғамдық ұйымдарға, мемлекеттік мекемелерге арнайы сұраныс жасайды.

  • Белгілі бір мәселе бойынша мемлекеттік мүшелерді ақпараттандыру.

  • Көлемді ақпарат көздері арқылы отбасылық тәрбие беру тәжірибесін белсенді түрде насихаттау.

  • Тұрғылықты жері, оқуы немесе жұмысындағы белгілі әлеуметтік мәселелерді шешуде қоғамдық инициативті қозғалыстарды басқару.

  • Балалар ұйымдарының әр түрлі мемлекеттік-қоғамдық құрылымдарымен байланысын реттеу.Педагогтың заңды жұмысы, ол бала құқығын қорғау. Әлеуметтік педагог алдында бүкіл өмір тізбегінің тұруы және оған жауап беруіне байланыста заңды түрде заңгерден кеңес ала отырып, іс-әрекеттерін жүгізе алады.

Қорыта айтқанда, жетім балаларды тәрбиелеу қиындығы мен қызығы мол. Өйткені бір сәт болсада осы балалардың жанына жылылық сыйлаймыз. Олардың арасындағы мінезі нашар балалардың мінезін түзеп, өмірге жолдама беретінімізге қауанамын. Енді жетіміміз жыламасын!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет