1. Ата-ана қамқорынан қалған балалардың пайда болуы, тарихи дамуы және әлеметтенуінің жалпы ерекшеліктері


Ата-ана қамқорынан қалған балалардың пайда болуы, тарихи дамуы және әлеметтену ерекшеліктері



бет4/9
Дата21.05.2020
өлшемі54,93 Kb.
#70251
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
плагиат Қалтаева Аяжан курстық жұмыс

1 Ата-ана қамқорынан қалған балалардың пайда болуы, тарихи дамуы және әлеметтену ерекшеліктері

Бұл бөлімде біз ата-ана қамқорынан қалған балалардың туындауы және олармен әлеуметтік педагогтың атқаратын қызметін және іс әрекеттер жүйесін қарастыруды дұрыс деп санадық.

Қоғамнан ауқымды орын алып отырған ең маңызды мәселелердің бірегейі – ата-ана қамқорынан қалған жасөспірім балалардың мәселесі. Олардың өмірге даярлық процесі шектеулі жағдайда болатындықтан , бұл балалардың әлеуметтенуі де өзіндік ерекше қабілеттерге ие болып саналады. Алдымен кілттік сөздердің мәнін қарастырып кетейік . “Жетім” терминінің жалпы анықтамасына тоқталар болсақ, ерте кезде яғни Х-ХІҮ ғасыларда “жетімдер” деп - кедей отбасында дүниеге келген шаруа балаларын атаған. Кейіннен жетім термині шаруа терминімен ауыстырылып, басқару орындарының қызметкерлерімен феодалдарға қатысты атау ретінде қарастырылды. Ал, ХІҮ-ғасырдың соңы мен ХҮІІІ-ғасырларда

жетім” cөзі тек басқару орындарының қызметкерлері мен феодалдарға ғана қатысты емес, жалпы екі немесе бір ата -анасыз қалған жасөспірім балаға қатысты пайдаланыла бастады./Большая советская энциклопедия . –М., 1976.-Т. 23.-С.461, Ожегов С.И. Словарь русского языка. М-, 1978. –С. 661 /

Яғни, жетім – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты шешесі (әкесі) қайтыс болған 18 жасқа толмаған бала жеткіншек болып табылады .

Қазақстан Республикасында жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балаларды кәмелеттік жасқа толғанша мемлекет тікелей қамқорлығына алып , сосын кәмелетке жеткеннен кейін де олардың жоғары оқу орындарына түсіп кетуіне , жұмысқа кіріп кетуіне , баспанамен қамтамасыз етілуіне заңдарда белгіленген негіздерде түрлі жағдайлар қарастырылған.

Әлеуметтік жетімдер”, деп – белгілі кейбір мәселелергеге байланысты, ата -аналары құқығынан айырылған балаларды айтамыз.

Әлеуметтік жетімдер – балалардың ерекше факторы болып табылады. Олардың рухани және адамгершілік қасиеттері , тәртіп мәдениеті туралы түсініктері басқаша , себебі олар толық жанұялық тәрбие көрмеген мәселен , ата-аналары спирттік ішімдікке, нашақорлыққа, жеңіл жүріске салынған болса,балаларына дұрыс тәрбие бермегендер болып табылады. Оларға тән қасиеттер – агрессия, алаңдаушылық, мінездегі ауытпашылықты қылықтар. Аталып отырған мәселе қоғамда орасан орын алуда, сондықтан да одан сырт айналмай керек мәселе, тіпті олай істеу мүмкін де емес. Осы тұрғыдан алғанда алдымен мәселеге байланысты үкімет іс - әрекеттеріне талдау жасауды жөн көрдік.

2004-2005 оқу жылдарында Республиканың білім беру жүйесінде 660 интернаттық мекемелер қызмет жасады, онда 79 мың тәрбиеленушілер мен оқушылар білім алып және соларға қамқорлық жасады. Оның ішінде 73 –і балалар үйі және ата-ана қарауынсыз қалған балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 12574 жасөспірім бала болды. 45-і таза балалар үйінің саны онда 6419 ата-ана қамқорынан қалған балалар болып табылды. 11-і жалпы интернаттар 2508 балаға пана болып , қорғауға алған. 17-сі түзету мекемелері 3647 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекеме. 33-і отбасылық типтегі балалар үйі онда 261 бала қамтылған. 69-ы арнайы түзету мекемесі 12599 бала тәрбиеленген. 10-ы девиантты міне-құлықты балаларға арналған, онда 884 бала болған. 99 мектеп-интернаттары болған және 37541 жасөспірім бала қамтылған. 12 санаториялық типтегі мектеп-интернаттыры болған, 3398 бала ем алып, оқып, тәрбиеленген. 359 жалпы білім беретін мектептердің қарамағында болған, онда 15096 бала қамтамасыз етілген.

Ата-ана қарауынсыз қалған балалар мәселесіне байланысты бірқатар нормативтік құжаттар және ережелер бар. Мәселен айтатын болсақ, Қазақстан Республикасының отбасы типті балалар ауылы (деревня) және жастар үйі туралы заң. Бұл № 113-ІІ заң 2000 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған, 2004 жылғы 20-шы желтоқсанда № 13-ІІІ болып толықтьырылған.

Бұл заң аталған мекеменің қызметі мен құқықтық тәртіптерін анық белгілейді. Яғни, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірім балалардың уақытша, түпкілікті отбасында тәрбиеленулерін қарастырып, сонымен қатар олардың рухани-адамгершілік,қарарайымдылық, еңбек тұрғысынан жан-жақты дамуларын, білім алуларын қамтамасыз етіп отырады.

Заң бес тарау және 36 баппен қарастырылған. Бірінші тарауда жалпы ережелер көрсетілген. Аталмыш балалар Конституцияға сәйкес барлық құқыққа ие екендігі айтыла отырып заңның ұстанатын негізгі қасиеттерін атап өтеді. Олар: гуманистік, әділеттілік, тұлғаның еркін даму, тәрбиеленушілердің құқының шынайы қорғалуы, отбасы типті балалар ауылы (деревня) және жастар үйі субъектілерінің өзара көмек, қолдау көрсету және т.б. Заңда балалар үйінің бірте-бірте балалар ауылына айналуын, осылайша келешекте бұл балалардың отбасы типтес орында білім алып, тәрбие алуы көзделеді. Екінші тарауда Балалар ауылында тәрбиеленушілердің құқықтары көрсетілген. Яғни, мұндай орынға 18 жасқа дейінгі барлық ата-ана қамқорынан қалған жасөспірім балалар қабылданады. Тәрбиеленушілер: оны адамдық тұрғы жағынан құрметтеуге; тәрбиеші-ананың қамқорлығына онымен бірге өмір сүруге; тәрбиеші –ана мен әкімшілік тарапынан қызметтерін пайдалана отырып, қоқан-лоқы көрсетуден сақтануға құқылы болып табылады. Сонымен қатар, тәрбиеленушілердің өзіндік көзқарастарын білдіруге де құқысы бар екендігі баяндалған (6-шы бап). Тәрбиеленушілер тұрғылықты мекен-жайға, белгілі бір заттарға, әлеуметтік төлем ақыларға да құқысы бар. Үшінші тарау жалпы отбасылық балалар ауылына сипаттама берген. Яғни, балалар ауылындаға отбасы дегеніміз – әрдайым бірге өмір кешетін, заттарды бірге қолданатын, іс-әрекеттер мен еңбекті бірге жасайтын, тәрбие және білім алатын ортаны айтамыз. Бұл орын құқықтық заңды орын болып табылады, сондықтан да оның белгілі территорриясы, пәтерлері, шаруашылық мекендері бар. Балалар ауылы бірнеше отбасылардан болғандықтан, демек кіші-гірім ауыл ретінде ортақ тәрбие жағдай жүзеге асырылады. Бұл тарауда тәрбиеші-анаға қойылатын талаптар және құқықтарда айтылған: біріншіден ол ҚР азаматы болуы керек; екіншіден 30-дан асқан жоғары білімді, некеде жоқ, өзінің немесе бағып алған баласы жоқ әйел кісі болуы керек. Оған қоса сот үкімі бойынша еңбекке жарамсыз деп табылса, ата-ана құқынан айырылған болса, асырап алушы ретінде құқынан ажыратылған ,бұрын сотталған болса, денсаулығына байланысты асырап алуға рұқсат етілмеген болса мұндай қыз-келіншек тәрбиеші-ана болуы мүмкін емес. Отбасына баланы таңдау үшін тәрбиеші-ананың құқында және баланың қалауы да есепке алынады. Сонымен қатар 16-шы бапқа сай құжатттарды реттегенде және келісім шар бойынша ғана бала отбасына берілуі мүмкін. Тәрбиеші- ана тәрбие әдістерін өзіндік тұрғыдан пайдалануға және тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруға құқысы бар. Баламен ақылдаса отырып, білім алу орнын, қосымша білім алуды таңдай алады. Төртінші тарау тікеле» Жастар үйіне арналған немесе оны әлеуметтік бюейімделу орталығы деп те атайды. Бесінші тарау, Қазақстан Республикасының отбасы типті балалар ауылы (деревня) және жастар үйііндегі балаларға мемлекеттік гарант болу көрсетілген.

Ал, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2002 ж. 8 тамыз №345 жарлығымен қол қойылған «Қазақстан Республикасының бала құқы туралы» заңының 5 тарауының 30 бабының (Бала құқын қорғауға байланысты функцияларды іске асыру, ұйымдастыру) 1,2 пунктерінде Балалар үйіне қабылданатын балалар және оларды қорғау, мекемедегі жағдайы туралы айтылған. Қазақстан Республикасының бала құқы туралы заңы. Яғни, балалар үйіне ата-ана қамқорынан қалған балалар және ата-аналарының қарауынсыз қалған туғаннан 3 жасқа дейінгі балалар қабылдауға алынады. Ал уақтылы қабылданғандар үшін, арнайы бөлімшелер жаңадан ашылады. Сонымен қатар, интернаттық ұйымдар мен отбасы типтегі балалар деревнясына (ауылына) ата-ана қамқорынан қалған жасөспірім балалар мен қатар ата-анасының қарауынсыз қалған туғаннан 18 жасқа дейінгі балалар қабылданады деп баяндалған. Мұндағы балалардың жағдайы бала құқын қорғауға байланысты заңдарға сай жүзеге асырылатындығы баяндалған. Осы заңның 7-ші тарау 34 бабында мемлекет барлық балалардың Қазақстанның тарихын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын үйретуді жүзеге асырады деп көрсеткен .

Ертеде көптеген мемелекеттерде ата-ана қарауынсыз қалған жасөспірім балаларды әлеуметтік қорғау діни салт-дәстүрге бағындырылған.

В.В.Беляков /Беляков В.В. Сиротские детские учреждения России: Исторический очерк.-М.:Дом,1993.-24 с./пен Е.А.Горшкованың /Горшкова Е.А. Из истории развития детских домов. // Проблемы и перспективы совершенствования воспитательной работы в детских домах.-М.,1990.-С.12/еңбектерінде жетімдер үйімен қоғамдық орта жұмыс жасады, олар «балалардың тәрбиесіне көп көңіл аударады »-деп көрсетеді. Ал, Дж. Харвиннің зерттеуінде ағылшындардың жетім-балаларға пана болу, орналастыру мәселесі сипатталған. Сонымен қатар «балалар үйінің түлектері -әлеуметтік риск топтарын қалыптастыралы яғни, ағылшындық мемлекеттік жүйеге байланысты, бұл үйлердің түлектері көбіне әлеуметтік тәуекелге (риск) ұшырайтындар деп түйіндеген болатын. Ондай балалар көбіне жұмыссыз, қорғаусыз, баспанасыз қалатын болғандықтан әртүрлі қылмысқа барады, психикалық жағдайларға душар болады, сондай-ақ тұрмыс құру, бала тәрбиесінде көптеген мәселеге тіреледі», /Харвин Дж. Английская государственная система устройства детей, оставшихся без родительского попечения // Проблемы сиротстива и организация государственной помощи детям, лишившимся родительского попечения. –М.,1992. –С.52-61/ -деп баяндайды.

Панасыз қалған жетім, қарайсыз қалған балаларға мемлекеттік қамқорлық көрсету қайырымдылық көрсеткенменбірдей негізі. Ертеректе ауқатты адамдар өз қаражаттарына барлық жастағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған орындар, мекемелер салған. ХХ ғ. 30-шы жылдарының бел орталарында, балалар үйлері оқу-тәрбие мекемелерінің ең жақсы түрлерінің бірі болған. Сонымен қатар, олар коммунистік тәрбиенің мақсаттарына толықтай жауап бере алған //Беляков В.В. Сиротские детские учреждения России: Исторический очерк.-М.:Дом,1993.10-13,90 бб./. Бұл пікірден біз ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үйінде қатаң тәртіп болғандығын және тәрбиеші, басшылардың бұйрығын бұлжытпай орындаған, өзіндік көзқарастары болмаған балалар бейнесін көреуге болады. Әсіресе, интернаттық мекемелердің құрылуы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жағымды құбылыс болды.

Балалар мекемелері және үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғарғы оқу орындарына қабылданып, түрлі салаларда қызмет жасап жүрген, қоғамдық өмірге белсене араласып жатқандары белгілі. Бірақ-та, қазіргі кездегі балалар үйіндегі балалардың бәрі бірдей жалпы жетімдер емес. Мұндай мекемелерде ата-аналық құқығынан айырылғандардың балалары, жалғызбасты ата-аналардың балалары, ата-аналары қарауынсыз қалып кеткен балалар, ауруына байланысты іс-әрекетке жарамсыз деп танылғандардың балалары, ата-анасы бас құқығынан ажыратылғандардың балалары, жетім және тастанды балалар тәрбие аады. (бұларды «әлеуметтік жетімдер») деп атайды.

Жетімдер мен жетімханалар жайлы алғашқы мәліметтер біздің дәуіріміздің IY жылдарынан (335 жыл , Цареград) бастау алады, ал олардың көбею кезеңі Еуропада I ғасырдың тұсы болып табылады.

Батыс Европа мемлекеттеріндегі ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардың классик-педагогтарының бірі Иоганн Генрих Песталоцци, педагогика тарихының дамуына өте үлкен үлес қосқан. Ол ата-ана қамқорынан қалған жасөспірім балаларды білім алу мен тәрбиелеуге жете мән берген. Иоганн Генрих Песталоцци оларды білім алу мен тәрбиелеуде оқуды еңбекпен ұштастырылуы және тәрбиеде отбасы жетекші роль атқарады, сондықтанда ата-ана қамқорынан қалған балалар да белгілі бір отбасында оқып-тәрбиеленуі тиіс деп пайымдаған. Сонымен қатар, тәрбие жай элементтерден басталып, бірте-бірте күрделенуі тиіс деген өткір сөздері қашанда біздерге жетекші бола алады. И.Г.Песталоцци тәрбиенің мақсаты- адамның барлық табиғи күштерін дамыту, қабілетін жетілдіру, жан-жақты тәрбие беру деп атап пайымдаған.

Ата-ана қамқорынан қалған балалар, тастанды балалар және қиындыққа тап болған балаларға арналған «SOS- Қазақстандағы балалар деревнясы» фонды құрылған. /Собрание Актоа Президента Республики Казахстан и Правительства РК. –Алматы,1995.-№20.-С.33-34./.

ҚР 2000 жылғы 13 желтоқсандағы №113-11 «Отбасылық үлгідегі балалар ауылдары мен Жасөспірімдер үйлері туралы» /Қазақстан Республикасының Отбасылық үлгідегі балалар ауылдары мен Жасөспірімдер үйлері туралы заңы.-Астана, 2000.-160 б./ Заңында балаларды әлеуметтік жағынан қорғаудың жаңа әдістері жан-жақты түсіндірілген.

Осы Заңды қабылдаудың нәтижесінде Павлодарда, Қарағандыда және Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарында отбасы түріндегі ауылдар ашылды. Мұндай ауылдарда балалар отбасы жағдайында тәрбиеленеді. Олар жасөспірімдік шаққа жеткен кезде де мемлекет қамқорлығында болады. Қазіргі кезде осындай ауылдардағы әрбір отбасында 8-9 баладан тәрбие алатын болды.

Ата-ана қамқорынан қалған балалармен іс әрекет жүргізудің мұндай әдіс-тәсілдері Республикалық «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның тікелей ұйымдастыруымен және басшылық жасауымен 1992 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Қазақстанда отбасылық үлгідегі балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлерін ашу жөніндегі мұндай жобалар халықаралық «SOS Киндер Дорф» қорының жобасымен жасалған. Сара Алпысқызының баяндауынша, алғашқы отбасы түріндегі ауылдар батыс елдерінде осы қордың көмек беруімен 1949 жылы ашылған. Республикалық «Бөбек» қоры осы ұйымның тәжірибесіне сүйенген. Бұл жобада жетімдіктің зардабын тартқан жасөспірім балалар үшін қолайлы жағдай туғызудың барлық қажеттіліктері ойластырылған: балалар анасымен, бауырларымен бірге кәдімгі отбасындағыдай бірге өмір сүреді. Олар әке-шешелері бар балалар тәрбиеленетін балалар бақшаларына барады, кәдімгі қатардағы мектептерде оқиды. Олардың шешелері жалғызбасты әйелдер. Сондықтан күні-түні балалардың қасында болып, барлық мейірімін соларға арнайды. Сөйтіп ата-ана қамқорынан қалған балалардың нағыз анасына айналады.

Бұл жобадағы көңіл бөлетін ең басты нәрсе – балалар тәрбиесі мен оларға жасалатын қамқорлық олар аяғынан тік тұрғанша үздіксіз жүргізіле береді. Отбасы түріндегі ауылда тәрбиеленген балалар мектепті бітіргеннен кейін бірден жасөспірімдер мекемесіне ауысады. Мұндағы жасөспірімдердің жұмысқа орналасуына немесе білім алуын одан әрі жалғастыруына оларды бастапқы кезден бастап қамқорлыққа алған қор көмек береді.

Ата-ана қамқорынан қалған балаларға қамқорлық көрсетудің мұндай әдісі қазіргі қоғамда бұған дейін қалыптасқан – мемлекеттің ата-ана қамқорынан қалған балаларды кішкентай кезінен асырап келіп, нағыз жауапты кезең туғанда, яғни кәмелеттік жасқа толар шағында қараусыз қалдыратын, балалар үйінің қабырғасынан тыс жердегі өмірге бейімсіздігі салдарынан шаруаға қырсыздығы панасыз жасөспірім баланың өздеріне көптеген қиындықтар әкелетін ескі жүйені өзгертіп, оған жаңаша тыныс беретіні сөзсіз.

ҚР 2004 жылғы 9-шілдедегі №591 «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мен балалардың қарауынсыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» / ҚР «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы заңы. Астана, 2004 -шілдедегі №591/ Заңында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қарауынсыз және баспанасыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері анықталған.

Заңда мынадай негізігі ұғымдар қарастырылған:

- қадағалаусыз қалу – кәмелетке толмағандардың құқық бұзуына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиісінше бақылаудың жоқтығымен анықталатын әлеуметтік құбылыс;

- қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешілердің және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мақсаты басқа да оқыту, тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше жүзеге асырмауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың өз еркімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған балалар;

- баспанасыз қалған бала – тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала;

- өмірде қиын жағдайға душар болған балалар - қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тіршілік іс-әрекеті бұзылған және осы жағдайларды өз бетінше немесе отбасының көмек көрсетуімен жеңе алмайтын бала;

- кәмелетке толмағандар арасындағы құқық заң бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қарауынсыз және панасыз қалуының алдын алу (бұдан әрі кәмелетукеи толмағандар арсындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың прфилактикасы) – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтыр, қарауынсыз, баспансыз қалудың және қоғамға жат әрекеттерді алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен салдарларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналармен немесе басқа да заңды өкілдермен жеке профилактикалық іс-әрекеттерді қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және де өзге шаралар жүйесі болып табылады;


  • - әлеуметтік оңалту – кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар,қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері іске асыратын өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толғандарды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені болып табылады.

Қоғамдағы ата-ана қамқорлығынан қалған балаларды тәрбиелеу түрлері мен жолдарының әртүрлілігіне байқамастан, негізгі бағыттары отбасыларының тұрақтылығын күшейту, олардың әлеуметтік және адамгершілік жағдайын жасау болып табылады.

Жетімдік мәселесін талдау барысында, олардың өмір сүру алаңы, жағдайы, ондағы қарым-қатынас олардың психикалық дамуына әсер ететіндіктен денсаулықтарынан да көрініс табады /93/.

Көптеген педагог-психолог ғалымдардың зерттеулерінде ерте кезеңнен бастап балалар үйіндегі тәрбиеленушілер өздерінің эмоциясын, тілектерін және өз-өздерін басқара алмайтындығын көрсетіліп, дәлелдеген. Олардың көңіл күйлері де көп құбылып өзгергіш болады. Қиын жағдайларға кездескенде мұндай балалар агрессия пайда болып, басқалардан кінә іздейді, өйткені олар кикілжіңді нәтижелі өзіндік тұрғыдан шеше алмайды. Сонымен қатар балалар үйінде тәрбиеленушілер қоршаған ортаға немқұрайлы қараулар мен пассивті іс-әрекеттерімен сипатталады. Жеке тұрғыдан қалыптасуына келер болсақ, мұндай балалар өздерінің болашақтарын болжай алмайды. Олар бір күндік өмірлеріне қанағаттанады, фантазия, армандау, бір-нәрсеге талпынуға кереғар. Сондай-ақ олардың тілек-мақсаттары да сол кездегі қажеттілікпен ғана шектеледі. Яғни, бұл балалардың психологиялық бейнесіне өмірлерінің тек балалар үйімен ғана шектелуі, жеке көзқарастарның жоқтығы көп әсер етеді. Баланың дұрыс дамуы үшін оның өзіндік тәжірибесін, танымдық іс-әрекетін кеңейту қажет. Олардың тіпті, өз құрбы-құрдастырмен қарым-қатынас жасаулары да төменгі деңгейде./ /Проблемы сиротства и деятельность учреждений, замещающих семейноле воспитание: Материалы Всесоюзной научно-практической конф. Вып.2-М.,1992.-73 с.66б./

ВВ.Коньков, А.Асеев, В.У.Агеевец, В.М.Выдрин, В.И.Морозовтардың ғылыми еңбектерінде ата-ана қамқорынан қалған балалардың адамгершілік қарым-қатынастарын қалыптастыру мәселелері көрсетілген.

Жеке адам болып қалыптасу нақты әлеуметтік орта жағдайында жүзеге асырылады. Жасөспірім жастарында олар өздерінің жекелік қабілеттеріне талдау жасай алады.

Бала ең алдымен отбасында тәрбиеленіп алып, жеке адам ретінде қалыптаса бастайды. Балалардың өмірінде отбасының алатын орны ерекше Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо «... барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам- бұл отбасы», деп тұжырымдайды. /Баймұқанова Т.М. Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс:Оқу құралы-Астана: «Парасат әлемі», 2005 -180 б. 8 б/ . Философтар отбасы жеке тұлғаның қалыптасуына қатысатын факторлардың бірі дейді / В.В.Москаленко, Ю.Б.Рюриков, Ю.В. Сычев, М.С.Шепелева және т.б./ Мысалы М.С.Шепелева «Отбасы адамның ойлауының, әрекеттерінің, өзіндік тұрғыдан бағалануының дамуына өмір бойы кері әсер етіп отырады»-деген. Ал, Ю.В.Сычев «.. отбасы жағдайында мақсатты педагогикалық жұмыстың ғана орасан зор маңызы болып қоймай, ішкі психологиялық климат, ата-аналар мен олардың әлеуметтік нұсқаулары арасындағы қатынастар сипаты, жалпы өмір сүру салты да үлкен маңызға ие болады », деген өзінің ойын айтқан. Отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың өзінде көптеген қиыншылықтар болып жатады. Олар тәрбиеде келелі қателіктер жасайтын отбасылардың типтеріне байланысты. Айталық: баланы бетімен жіберіп, соңынан қамқоршы болатын «балалардың барлығы да бірдей», «бізде сондай болғанбыз», деп олардың әрекеттерін қорғаштап қалуға тырысатын отбасылар. Мұндай жағдайда педагог, психологтартың ата-анаға жайбарақаттық жасамау туралы кеңес берулері де мүшкіл болады. Балалар ата-анасы құтқарушы, қандай жағдайда болмасын көмекке келеді деген ой пайда болып, ірі қиыншылықтарға да жолығып жатады. Келесі тип, тәрбиедегі қорғаныс ұстанантын жанұялар. Яғни, «балаларының іс-әрекетін қалай да дұрыс», деп қорғаштаушылар. Тіпті, балалары қылмыстық іс жасағанда да себебін сырттан іздейді, балаларының жаман қылығын айтқан адамдармен өшпенділік қатынаста болады. Нәтижеде бала жалақор, қатал болып өседі және оларды қайта тәрбиелеу аса қиындық туғызады. Тәрбиелеуде ашық саясат ұстанатын отбасыларда ата-аналары баласының істеген жұмысын таныстарға айтып, шағымданып отырады. Бұл типті отбасындағы бала, істеген ісіне өкінбейді, жұмысына есеп бермейді, үлкендерге, ата-аналарға өшпенділік сипатта болады. Тәрбиелеуде сенімсіздік білдіру бағытында іс-әрекет жасайтын типтегі отбасында, бала үнемі бақылауға алынады, оған жауапты іс тапсырылмайды, тіпті бос уақытында өзін қызықтыратын істерде бақылауға алынады, жанындағы жолдастарынан алшақтауға тырысады.

Қатаң тәртіпті сақтауға бағытталған отбасы типінде, тәрбиелеуде қатаң шаралар қолданылады, дене жазасы ең тиімді деп табылады. Негізінде, мұндай отбасыларының балалары қатыгез, кекшіл, әлсіздерге күш көрсеткіш болып көбіне табылады. Тәрбиеде иландыру әдістерін қолданатын типтегі отбасы типінде балаға ақыл-кеңес берілгенімен, ықпал етуге бармайды. Баланың ата-анасын тыңдауға құлқы болмайды, айтылғандарды көп сөз ретінде қабылдайды. Осы сияқты отбасы типтерін бөліп-бөліп қарастыруға болады. Ең тиімдісі, тәрбиені жүйелі, мақсатты түрде жүргізетін және авторитарлы, демократиялық, либералдық стильдерді қолайлы пайдаланып отыратын отбасыларын жатқызуға болады. Өзіміз көріп отырғандай отбасының өзіндеде балалардың тәрбиесінің қате тұстары болады. Яғни, ата-аналар, балалар оларды қоршаған ортаның өзі әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық кеңесті керек етеді. Ал, енді отбасы жоқ, жетім-балалардың тәрбиесі қандай болмақ? Олардың бәріне бірдей талап қойылады, жеке-талап тілектері орындала бермейді. Оларға деген аса сүйіспеншілік болмайды, яғни ата-ананың аялы алақаны, сүйіспеншілігі, жылы сөздері, қамқорлығы жетпей тұрады. Міне, мұндай балалармен жұмыс жасаудың қиындығы айдан анық болып отыр. Әлеуметтік ата-ана қамқорынан қалған балалардың қай-қайсысы болмасын ата-анасына өшпенділігін білдіргенімен, ішкі дүниесінде оларды бір көруді арман етеді. Медицина тұрғысынан алып қарағанда да, тоғыз ай ана құрсағында болған бала өмірге келгенде анасының үнемі жанында болғанын қалап тұрады, ең жақын адамы анасы, әкесі екенін түсінеді. Белгілі бір жағдайға байланысты, әсіресе тастанды болып жетім қалған балалардың жан-дүниесі, психикасы өзгереді. Өмірге, тіршілікке, қоршаған ортасына ризашылығы болмайды. Отбасындағы өзара қарым-қатынас – тұлғааралық қарым-қатынастың едәуір күрделі әрі өзгеше жүйесі. Қоғамның әлеуметтік өмірінде отбасылық-тұрмыстық қатынас ерекшелігінің маңызы жоғары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет