1. Ата-ана қамқорынан қалған балалардың пайда болуы, тарихи дамуы және әлеметтенуінің жалпы ерекшеліктері



бет2/9
Дата21.05.2020
өлшемі54,93 Kb.
#70251
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
плагиат Қалтаева Аяжан курстық жұмыс



Қорытынды..................................................................................................................................19Әдебиеттер тізімі........................................................................................................................20

КІРІСПЕ
Дүниежүзінің барлық елінде жасөспірім балалардың жақсы өмір сүруін қадағалайды. Олардың тиімді білім алып, өз қабілеттерін қолдана білулеріне мүмкіндік жасап беруге тырысады. Қай халық болмасын, өз балаларының өмірлерінің жалғасы деп танып, олардың жақсы өмір сүрулеріне мүмкіндік жасауға ұмтылады. Әрине, жақсы өмір сүру дегенді әр адам өзінше түсінетіні де анық нәрсе. Біздіңше, жақсы өмір сүру деп , қоғамда өзін еркін сезініп, оған жауап бере алу және рухани жетілу. Мұндай жағдайға қоғамның барлық тұлғалары ие бола алмауда, мысалға, бүгінде қоғамнан ойып орын алып отырған жетім-балалардың өзіндік тұрғыдан қалыптасуы, өзіндік пікірлері мен көзқарастары төмен екендігін тәжірибеден байқауға болады. Тіпті, бұл балалардың да әлеуметтік ортаның жақсы мүшелері, ел басқарар азаматтары боларына ешкім күмән келтіртірмейтін шығардеп ойлаймыз. Осы тұрғыдан алағанда біздің қарастырып отырған мәселеміз қоғам талабына байланысты өзекті мәселесінің бірегейі .

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен ата-анасынан айрылған , яғни олардың қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдердың жағдайы көпшілікті ойландырып қоюда. Яғни, әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен мейірімінен тыс қалғандардың мәселелері маңыздылардың бірі болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына бойынша ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі тәлім тәрбие алып жатқан әрбір ұрпақтың жеке тұлға ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен.Сонымен қатар, жылдан-жылға олардың санының көбейіп жатқандығы да жасырын емес.

Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы жасөспірім балалардің арасында заң бұзушылық, қылмыстық істерге баруға мүмкіндіктер жасауда. Әсіресе, ата-ана қамқорынан қалған балалар арасында қатыгездік күйдегі жасөспірімдер саны көбейюде, олардың өзгермелі теріс іс әрекеттері сана-сезімдері қатігездікке, озбырлыққа, жалған айтуға, жеке басын ойлау қасиеттерімен сипатталып отыр. Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азғындау және соның арқасында өзімшілдік қатынасқа қарай бұрылып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға қалай болса солай қарауға, спирттік ішімдіктерге, темекі, наша қабылдау және уытты сұйық заттарды пайдалану, қылмыстық істер жасауға бейім болып отыр. Бұл жағдайдың өзі қоғам дамуын одан әрі қиындатты деуге болады. Әрине, қарастырылып отырған мәселе ешқашан зерттелмеген деп айтуға болмайды. Мәселен, ата-ана қамқорынан қалған балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекше қабілеттерін және олардың педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерін А.Адлер, А.Фрейд, Дж.Боулби, Р.Шпиц, В.Винце, М.Лисина, С.Ю.Мещерякова, Н.М.Щелованов және т.б. ғалымдар зерттеп көрді. Ата-ана қамқорынан қалған балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н.И.Пономарев, В.И. Жолдак, С.Б.Тихвинский, И.М.Воронцов, О.Ю.Фадеева және т.б. өзіндік тұрғыдан зерттеп байқаған .

Ғылыми зерттеу нәтижесінде көптеген оқу орындарында жасөспірімдермен ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі жасөпірімдердің әлеуметтік қалыптасуның ерекшелігі олардың : кей біреуі отбасында, ал тағы біреулері отбасынан тыс мекемелерде тәрбие алуында емес, сондай – ақ олардың қоғамда қол жеткізген дәрежедегі орынды иеленулерінде. Осыған орай отбасынан тыс мекемелерде тәрбие алып жатқан балалардың тұлғасының педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік – педагогикалық даму мәселелеріне көңіл аударып , жан – жақты зерттеу керектігін байқаған .

Ал, жасөспірім жастардың қоғамға әлеуметтенуіне тоқталар болсақ, алдымен бұл ұғымның туындауына қарастыру қажет. “Әлеуметтендіру” ұғымы алғашқы рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі төлғаларының еңбектерінде пайдаланыла бастады. Сондықтан да болар бұл ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында американдық психолог ғалымдар А.Бондураның, Д. Доллэрдтің, Дж.Кольманның А.Парктің, В.Уолтерстің және басқалардың есімдері атала бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет