«Патронат» - ата-ана қарауынсыз қалған балаларды өз отбасына аламын деген адам мен мемлекеттік ұйым арасындағы келісім - шарт арқылы жүзеге асырылатын тәбие формасы.
Сонымен қатар, қамқорлыққа алу әдіс-тәсілдері де пайдаланылуда. «Қамқорлық» - он төрт жасқа дейінгі баланың құқықтары мен қызығушылықтарын жақтайтын құқықтық формасы.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүйесі тікелей әлеуметтік педагогтың қызметімен сипатталады . Әлеуметтік педагогтар шетелде ертерек қолға алынған, Қазақстанда кейінгі бес, алты жыл көлемінде ғана даярланғанымен, жалпы педагогтар даярлау жүйесінде әлеуметтік педагогика пәні оқытылып отырды. Әлеуметтік педагогика – білім беру, әлеуметтану, педагогика, психология, мәдениеттану және философиямен өте жақын байланысты, себебі бұл пән адамдарды қоғамдық ортаға бейімделуге үйретеді. Қазіргі заманғы әлеуметтік педагогиканың басқалардан ерекшелігі – оның гуммандық бағыттағы балаға деген бірыңғай талаптармен қатар тәрбиешілер арасындағы сыйластық, бірге шығармашылықпен шұғылдану, достық қарым-қатынас,теңдік т.б. сипатта болады.
Әлеуметтік педагогикалық қызмет көрсету психологиялық қызмет көрсетуден айқындалады, яғни ол баланың, жасөспірімдердің қоғамда қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін өзін-өзі ұйымдастыра білу, психологиялық ұстамдылық, сабырлық сақтай алуы үшін көмек көрсетуге бағытталған, педагогикалық қызметті де қамтиды.
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет–баланың жасөспірімнің отбасында, мектепте қоғамда қалыпты қарым- қатынасқа орнатуы үшін, өзін- өзі ұйымдастыра білуі керек.
Бала өтірікке, қылмысқа, маскүнемдікке, нашақорлыққа, ата-аналар тарапынан болатын жауыздыққа жол бермеу және шағын ұжым ішінде өзін-өзі көрсете білуі үшін, ересектер тарапынан көмек қажет.
Әлеуметтік педагогика - өз қызметінде отбасылық, ұлттық, діни бағыттағы тәрбие есебінде қалады. Бұл ерекшеліктерді білу, әрбір әлеуметтік педагогтың міндеті. Сондықтан да әлеуметтік педагогтарды дайындауда көптеген қағидалар қойылуы тиіс.
Әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүйесі, әлеуметтік педагогикалық қызмет «әлеуметтік педагог» қызметіне сүйенеді.
Сонымен, әлеуметтік педагог – ол жалпы балалардың әлеуметтік және кәсіби өзіндік дамуына жағдай жасайтын, қаланың, ауылдың тарихи және мәдени дәстүрлерін ескере отырып, гумманизм принциптерінің негізінде педагогтар мен ата-аналардың қарым-қатынасын ұйымдастыратын, оқу-тәрбие орнының қызметкері.
Оқу-тәрбие орындарындағы әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері балалардың құқығын әлеуметтік тұрғыдан қорғау, баланың дамуына оңтайлы жағдай жасау, отбасы және оқу орны арасындағы байланысты ұйымдастыру болып табылады.
Оқу-тәрбие орнындағы әлеуметтік педагогтың міндеттерін кәсіби педагогикалық білімі бар мамандар ғана атқара алады. Әлеуметтік педагог оқу орнының бастығымен, мұғаліммен, психолог-педагогпен, валеологпен, ұйымдастырушы-педагог, тәрбиеші, оқушылар мен олардың ата-аналарымен, мұғалімдермен қарым-қатынаста болады.
Өзінің кәсіби мақсаттарына жетуі үшін, ол мемлекеттік басқару мүшелерінің өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен, 16 жасқа дейінгі тәрбиеленушілер мен түлектердің мүддесін қарастыратын толық ұйымдармен жұмыс жасайды; оқу орнындағы педагогикалық одақтың жұмыстарына қатысады, жергілікті басқару және балалар мен отбасын әлеуметтік қорғау бойынша муниципальды қызметкерлермен қарым-қатынаста болады. Демен олар, төмендегідей адамдармен жұмыс атқара алады: ата-ана қамқорлығынан айырылған жеке баламен; жасөспірімдермен; тотармен (кіші, ірі); отбасымен (толық, толық емес т.б.). Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмысы баланың, жасөспірімнің әлеуметтік қорғанысы, яғни олар әлеуметтік және медициналық көмек көрсету, оқуды дұрыс ұйымдастыруды үйрету, реабилитацияландыру мен бейімдеу, әлеуметтендірумен айналысады.
Бұл мәселені шешу үшін әлеуметтік педагог баланы зерттеп, оның жағдайын, дағдарыс деңгейін, алдағы өмірін жоспарлайды. Бұл әлеуметтік педагогтың негізгі жұмыстарының бірі. Балаға қиын уақытта жәрдем көрсету – оңай жұмыс емес. Қайғылы іс-әрекетке душар болған балаға қалай көмек көрсету керек, міне осындай көптеген мәселелерді шешуі тиіс. Атап айтсақ, олар тығырыққа тірелген адамдарға рухани жәрдемдесу, қайғыны қабылдап, бекем болуға және одан шығу жолдарын іздеу, дұрыс жол тауып, шешім қабылдау, балаға оның өмірі әлі жақсы жаққа өзгеретіндігі жайлы түсіндіру сынды іс-әрекеттер атқарады. Әлеуметтік педагогтар балаларға көмектесу алдында әр түрлі мамандармен, әлеуметтік қорғау қызметкерлерімен кеңеседі; тәрбие және оқу жұмыстарын жүргізу барысында өздерінің кәсібилігін танытады; баланың физиологиялық дамуын есепке ала тұрып, ең алдымен оларды зерттеуден өткізеді, зерттеу барысының алғашқы кезеңінде баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасына көңіл бөлуі керек; педагогикалық технологияны дұрыс, тиімді меңгеріп қолдануы тиіс; кейбір артистизм тәсілдерімен, яғни сөзі, тынысы, мимикасы және қимылдарын үйрену, әңгімелесу барысында жағдайы нашарлармен және ішімдікке салынғандар, нашақорлар мен жезөкшелер немесе қайғыға түскен балалармен тіл табыса алу қасиетіне ие болу. Тек қана сөйлесу емес, сондай-ақ әсер етіп, түсіндіру. Бұл мәселелерді шешуде қателік жасауға болмайды. Себебі жаны жараланған жандарда қосымша мәселе туындауы мүмкін.
Әлеуметтік педагогтың бірінші кезекте балалармен немесе жасөспіріммен жұмыс істейтінін ескере отырып, бірінші кезекте баланы білу қажет. Баланы білу барысында ғана : әлеуметтік педагог балаға дұрыс көмек көрсетеді және оның тәрбиесінде дұрыс шешім қабылдай алады. Баланың денсаулығы, оның отбасында, мектепте, достарының арасындағы қарым-қатынасты білу керек. Тек қана “Жеке бас картасы” мен “Қоршаған орта картасын” белгілеп алғаннан кейін, педагог қандайда бір мәселені қабылдай алады. Әлеуметтік педагог жұмысының келесі этапы, ол баламен бірге оның жағдайының шешімін іздестіруге көмектесу. Жағдайды зерттеп, оған қатысып, дағдарыстан шығуға дұрыс жол табу. Келесі кезеңде әлеуметтік педагогқа педагогикалық такт білдіру қажет. Балаға әсер етіп қана қою емес, сонымен қоса жанұясына, мектебіне және достарына оның дұрыс жолға түсуіне жәрдем көрсетуін ұйымдастыру. Оның жетістіктерін талдап, алдына үлкен мақсат қояды. Сонан кейін, олардың ұйымдастырушылық қабілеті, оның балаға өзінің өмірін өзгертетін тек қана өзі екендігін сендіріп, қалыптасқан жағдайдан шығуына көмектесу болып табылады. Соңында әлеуметтік педагогтардың ұымдастырушылық жұмысы жасөспірім баланың қоғаммен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасын қалыптастыруға және өмірдің жаңа шарттарына үйренуіне көмектесу болып табылады. Әлеуметтік педагогтың бұл ісі баланың дағдарыстан шығуына, жаңа өмір жолын таңдауына, өзін жеке тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған.
Оқу орнындағы педагог жұмысының мазмұны оқушылардың әлеуметтік мәселелерін шешуіне байланысты жиналады.
Соттарда ата-аналық құқықтан бас тарту туралы істі қозғауға құқығы бар тұлға "Неке және отбасы туралы" Заңның 68-бабына сәйкес, ол ата-аналардың біреуі (немесе оларды алмастыратын адам, яғни қорғаншы, қамқоршы, асырап алған ата-аналары), прокурор, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау міндеті жүктелген органдар немесе мекемелер.
Өзге де мүдделі адамдардың (мысалы, жақын туыстарының, көршілерінің) немесе ата-аналық құқықтан айыруды талап етіп сотқа мәселе қоюға құқығы жоқ, бірақ бұл жөнінде прокурордың немесе құзырлы органдардың алдына көмегіне жүгіне алатын органдар.
Әке-шешелік құқықтан айырылған ата-аналар баламен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтарынан айырылады, балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақы алу құқығынан айырылады. Ата-аналар асырап-бағуға қажетті қаржы, баласының мұрасын алуға қақысы жоқ. Сонымен қатар олар өз баласын асырап-бағу міндетінен құтылмайды (алименттер төлеу). Ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналардан баланы бөлектеу мақсатында олардың бірге тұруы тоқтатылады. Жолығып тұруына тыйым салынбайды, бірақ оны сот белгілейді.
Баланың ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналарымен және өзге де жақындарымен туыстық фактілеріне негізделген барлық мүліктік құқықтары сақталады.
Бұл мәселені шешу тек қана соттың құзыретінде. Ата-аналар өздерінің мінез-құлқын, тұрмыс-салтын, бала тәрбиелеуге көзқарасын жақсы жағына қарай елеулі түрде езгерткен жағдайда ғана ата-аналық құқықтың қалпына келтірілуі мүмкін. Әке-шешелік құқықты орнына келтіріп, баланы ата-аналарына қайтаруға — баланың мүдделеріне сай келетін жағдайда ғана жол беріледі.
Бала асырап алу:
Бала асырап алу Ата-анасыз қалған балалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заң оларды асырап алу мүмкіндігін белгіледі.
Өкімет бала асырап алуды қолдайды, себебі ата-анасынан айырылған балалар отбасылық қамқорлыққа бөленеді, тиісті тәрбие, материалдық жағдайға, ата-ананың сүйіспеншілігі мен мейіріміне ие болады. Екінші жағынан, балалы бола алмай жүрген отбасылар да көп. Бала асырап алу оларға өздерінің табиғи әкелік жене аналық сезімдерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Бала асырап алу нәтижесінде, бір жағынан, бала асырап алушылармен және олардың туысқандарының арасында, асырап алынған бала арасында қандастығы бойынша туыстар арасындағы сияқты құқықтар мен міндеттер пайда болпды. Сонымен қатар асырап алушының туған балалары мен, егер ондай балалары болса, асырап алған балаларының арасындағы құқық тең деп танылады.
Заңда бала асырап аларда бірқатар шарттар көзделген: • бала асырап алатын адамның келісімі керек;
• баланың ата-аналарының келісімі. Олардың келісімі жазбаша түрде беріледі және нотариус арқылы куәландырылады;
• 10 жасқа толған баланың келісімі. Баланың келісімі жазбаша толтырылады. Егер келісім іс сотта көрсетілген кезде берілетін болса, ол ауызша келісім болып табылады. 10 жасқа толмаған баланың келісімі қажет емес;
• егер ерлі-зайыптылардың біреуі ғана бала асырап алатын болса, онда соттың келісімі керек. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі бұған қарсы болса, асырап алынған баланың мұндай отбасыңда тұруы керек емес болып табылады. Бұдан басқа, бала асырап алу практикасы, әдетте, ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана бала асырап алуына рұқсат етпейді. Балаға дұрыс отбасы керек.
Бала асырап алу шарттарынан басқа оған тыйым салулар да көрсетілген. Мысалы, кәмелетке толған баланы асырап алуға болмайды; некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушының арасындағы жас айырмашылығы 16 жастан кіші болса, бала асырап алалмайды.
Соттың асырап алушының қалауы бойынша асырап алу құпиясын сақтау жөніндегі мәселені қарауына болады. Баланың туған күніне өзгеріс енгізуді осындай шараларға жатқызуға болады (3 жасқа дейінгі баланы асырап алғанда ғана оның туған күнін өзгертуге жол беріледі); баланың тегін, есімін және әкесінің есімін өзгерту; асырап- алушыларды ата-анасы ретінде жазу және басқалары.
"Неке жәнө отбасы туралы" Заңның 76-бабына сөйкес Қазақстанның жетім балаларын шетел азаматтарының асырап алуына рұхсат беріледі. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, шетелдіктерге тәрбиелеуге беруге болады.
Республикада балаларға көмек беру жөніндегі "ФРЭНК" халықаралық қайырымдылық қорынын өкілдігі қызмет жасайды. Ол шетел азаматтарына бала асырап алуда көмек көрсетеді, сондай-ақ шетелдерде асырап алынған балалардың жағдайына бақылау жасайды. Қазақстан балаларын шетел азаматтарының асырап алуы — біздін мемлекетіміздің практикасында жаңа құбылыс. Және бұл арада қоғамдық пікір біркелкі емес — кейбір азаматтар мұндай асырап алушылықты қолдамайды, ал көпшілігі — қолдайды. Асырап алынған балалар Қазақстан азаматтығынан айырылады.
Қорғаншылық және қамқоршылық :
Қорғаншылық және қамқоршылық Қорғаншылық пен қамқоршылық мақсаты — ата-анасының қарауынсыз қалған жасөспірім балаларды тәрбиелеу болып табылады. Әркениетті қоғам мен мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды өзінің алдына басты мақсат етіп кояды. Осы міндеттерді орындау жүктелген арнаулы мемлекеттік орындар — қорғаншылық және қамқорлылық органдары жұмыс істейді. Бұл органдар мұндай балаларды іздеп тауып қана шектелмей, оларды орналастыру және олардың тұрмыс жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге асыруы тиіс.
Ата-анасының қарауынсыз қалған және отбасына тәрбиелеуге берілуі тиіс балалар міндетті мемлекеттік есепке алынуы керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін алуды үйымдастыру ережесі бекітілген.
Республикамызда балаларға қамқорлық көрсету, оларды мемлекеттік қолдау балалар уйлері мен интернат мекемелері жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда 1994 жылы балалар мен жас аналарды қолдау үшін Үміт үйі құрылды, онда жеке басты аналар балаларын қамтамасыз етуге тиісті іс шаралар туғанша уақытша орналастырады.
14 жасқа толмаған жасөспірімдер қорғаншылыққа алынады, ал қамқоршылық 14—18 жастағы кәмелетке толмаған балаларға жасалады. Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу қорғаншы немесе қамқоршы адамды тағайындау жолымен іске асырылады. Бұл адамдарды қорғаншылық және қамқоршылық органдары тағайындайды. Көмелетке толған, іс-әрекетке қабілеттері бар азаматтар ғана қорғаншылар және қамқоршылар бола алады. Олардан басқа, жеке басының сапасы, жасы, денсаулық жағдайы ескеріледі.
Баланың қорғаншысының (қамқоршысының) құкықтары мен міндеттері: • баланы тәрбиелеуге, оның денінің саулығына, рухани және ізгілік адамгершілік көзқарастарының дамуына қамқорлық жасауға құқықты әрі міндетті;
• баланың ойын, корғаншылық және қамқоршылық органының ұсьшыстарьш ескере отырып, баланы тәрбиелеудін тәсілдерін өз еркімен дербес белгілеуге құқықты;
• өзінің қамқорлығындағы баламен бірге тұруға міндетті. Қамқорлығындағы бала 16-ға толғанда қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімімен бөлек тұруларына рұхсат беріледі;
• қамкорлығындағы жасөспірімніңның өкілі болып саналады және заңға сөйкес кез келген азаматтық-кұқықтық мәмілелер жасай алады.
Қамқоршының қорғаншыдан айырмашылығы көмелетке толмаған бала жасына байланысты, өзі дербес жасай алмайтын мәмілелер жасауға рұхсат береді (мысалы, қамқорлығындағы адамның үйін сату, мұрасынан бас тарту және баскалары).
Қорғаншылар мен қамқоршылар өз міндеттерін ақша талап етпей тегін орындайды және олардың құқықтарының белгілі мерзімдік сипаты бар. Қамқорлығындағы адам 14 жасқа толғанда балаға қамқорлық жасау токтатылады, ал қорғаншы міндетін атқарушы адам көмелетке толмаған баланың қамкоршысы болады. Өз кезегінде, қамқоршылық камкорлығындағы адам 18-ге толғанда немесе ол көмелет жасына жетпей некеге тұрса тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |