1. Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов


Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы



бет4/6
Дата03.01.2022
өлшемі44,5 Kb.
#108324
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
09.03.21 Философия негіздері 7 Дәріс

3. Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Дүниетанымдық мәселеде ол деизмге жақын. Құдай – өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалап, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Абай шығармаларындағы негізгі тақырып моральдық мәселелер десек, қателеспейміз. Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай, ауыл арасында бос қыдырумен күнін өткізген пысықсымақтар жөнінде:
«Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай сымпыс шолақ», -
деп өмірін бос өткізіп жүрген жастарды қатты сынайды. Әсіресе, пайдасы үшін арын сатқан, екіжүзді адамдарға жиіркенішпен қарайды. Жастарды азғырып, ру тартысы, болыс сайлауының партия таласына баурап жүрген ауыл атқамінерлеріне:
«Ары кеткен алдамыш
Мені-ақ алда, сөкпейін.
Балы тамған жас қамыс,
Ормасайшы көктейін», -
- деп ренішін білдіреді. Жастарға ғылым таппай мақтанбауды, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сияқты мінездерден аулақ болуды кеңес етеді. Қоғам өмірін түсінуді Абайдың көзқарасы, әрине, идеалистік тұрғыда болды. Абай – ұлы гуманист. Абстрактылы, утопиялық сарынды гуманист.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет