1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы


Түбірлер синкретизмін оқыту



бет10/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)
Философия тест 225 сұрақ, Эл(рк с ответами 2 вар) (1), 5068564198221 Диалектиканың негізгі категориялары НО-3Б каз. орыс 22.04.2020
16. Түбірлер синкретизмін оқыту
Енді бір алуан түбірлер түрлі ыңғайда ұшырасады. Мысалы, кең, кеңіс, кеңістік, тын, тыныш, тыныштық, ұят, ұял, ұялу, ары, арық, арықтық, сен, сенім, сенімді, көн, көік, көнікті т.б. сөздерін шартты түрде екі топқа: алдыңғы екі сөзді (кең және тын) бір топқа, соңғыларын екінші топқа ажыратуға болар еді. (әрине, тағы да қазіргі тілдің нормасы бойынша). Өйткені кең және тын қазіргі қазақ тілінде тек қана есім есебінде ұғынылады. Бірақ бір өзгешелігі: кеңіс, тыныш сөздерінің құрамындағы –іс, -ыш аффикстері — әсте есім түбірлерге жалғанбайтын қосымшалар. Бұл фактілердің бәрі есім және етістік түбірлердің көп ретте бір-біріне ыңғайланып отыратынын байқатады. Бұл сәйкестік тек алғашқы түбірлер ғана емес, кейінгі, екінші дәрежелі түбірлер тұлғасында да байқалады. Э.В.Севоротян бұларды синкретикалық негіздер деп атайды.

Н.К.Дмитриев етістіктердің тарихи қалыптасуының үш түрлі сатысын көрсетеді: 1) етістік түбірлердің қазір байқауға болатын ең алғашқы кезеңі де, оның ерекшелігі есім мен етістік негіздерінің тұлғалық сәйкестігінен көрінеді. Мұндай негіздер лексикалық единицалар тәрізді дербес тұрып бөлектенбей, тек қана контекс құрамында синтаксистік единицалар есебінде бір-бірінен жіктеліп түсінілген; 2) есім мен етістік негіздердің бір-бірінен фонетикалық алмасулар арқылы жіктелуі; 3) етістік жасаудың тұрақты және негізгі жолы – аффиксация қалыптасқан, осы арқылы етістіктер мен есімдер бір-бірінен грамматикалық жағынан жіктеліп бөлінген. Сөйтіп бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: тіл құрамында есім негіздер мен етістік негіздердің жіктелуі – фонетикалық ұқсас негіздердің тарихи даму барысында қалыптасқан құбылыс. Сол себепті де бір-біріне ұқсас сөздер ежелгі дәуірде әсте дербес лексемалар емес, қайта контекс құрамында ғана бір-бірінен ерекшеленетін синтаксистік элементтер ғана болған. Алайда есім мен етістік негіздерінің синкретизмі туралы айтқанда, олардың арасындағы мағыналық байланысты ұмытуға болмайды.


Етістік пен есімдердің синкретизмі үш түрлі болып келеді: синкретикалық байырғы түбірлер, синкретикалық туынды түбірлер және синкретикалық қосымшалар.

Синкретизм немесе синкретикалық түбірлер – грамматикалық мәні мен қызметі жағынан бірдей болмайтын сөздер. Фонетикалық құрылысы жағынан синкретикалық түбірлер бір-бірінен ерекше де болуы мүмкін. Алайда олардың арасындағы фонетикалық айырма түркі тілдерінің дамуы барысында қалыптасқан дыбыс сәйкестігінің ізі немесе түркі тілдерінің өте ескі дәуіріндегі дауыстылардың «тұрақсыз» қолданысының қалдығы болуы мүмкін. Қазақ тіліндегі көз, көр сөздері дауыссыз дыбыс сәйкестіктері негізінде қалыптасса, тура, түзу, тер, тіз сөздері әрі дауыссыздыбыс сәйкестіктері, әрі дауыстылардың «тұрақсыздығы» нәтижесінде қалыптасқан.


Синкретикалық түбірлердің пайда болуын конверсия құбылысының нәтижесі деп қарауға әсте болмайды. Өйткені түркі тілдеріндегі сөздердің бір кездегі екі жақтылығы сол күйінде қалып қойған жоқ, әрі қарай екі бағытта бір тобы есімдер, бір тобы етістіктер болып, арнайы морфологиялық тұлғаларға жіктеліп дамыды. Кейде түркі тілдерінде конвергенсияның екінші түрі – Богородицкий айтатын фонетикалық конвергенция құбылысы ұшырасатыны бар. Негізі де, семантикасы да бір-біріне ешбір ұқсамайтын сөздер фонетикалық өзгерістің нәтижесінде бір ғана сипат алады. Синкретикалық түбірлер бұл құбылысқа да жатпайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет