78. Елтеріс қағанта адырылмадуқ, йаңылмадуқ, (енді) Теңрі Білге қағанта адырылмалым, азмалым,-тейін ,-анча өтледім.
Аспанды бөлген жоқпыз, өзгерген жоқпыз, (енді)Тәңрі Білге біледі, ол бізге көмектеседі, жол ашық және жеңіл болады
79. Түрк іліне алты отуз йашыма шад болтым.
Алпыс жасымда түркі әлемі мен үшін алтын болады
фонетикалық
82 Қазақша түсіндірмесін беріп, морфологиялық талдау жасаңыз:
Башлығығ йүкүнтүрміс, тізлігіг сөкүрміс, ілгерү Қадырқан йышқа тегі кірү, Темір қапығқа тегі қонтурмыс.
Басы барын идірген, тізесі барын бүктірген, ілгері Қадырқан үстіртіне дейін, кері Темір Қақпаға дейін қондырды
Басы: түбірі-бас, -ы тәуелдік жалғау 3 жақ
барын: түбірі-бар, -ын сөз тудырушы жұрнақ
идірген: түбірі-и, -дір өзгелік етіс жұрнағы -ген есімше
тізесі: түбірі-тізе, -сі тәуелдік жалғау 3 жақ
бүктірген: түбірі-бүк, -тір өзгелік етіс жұрнағы, -ген есімше
ілгері-үстеу
Қадырхан-қос сөз, зат есім
үстіртіне: түбірі-үстірт, -і тәуелдік жалғау 3 жақ, -не тәуелдік ж. 3 жақ
дейін-септеулік шылау
кері-түбір сөз
темір-зат есім, түбір сөз
қақпаға: түбірі-қақпа, -ға барыс септік ж
қондырды: түбірі-қон, -дыр өзгеліс етіс жұрнағы, -ды жедел өткен шақ
83 Қазақша түсіндірмесін жасап, сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыз:
Інім Күлтегін бірле сөзлешдіміз. Түрк будун адағ қамаштды
“Біз Күлтегінге бірікті сөйлесуімізді жалғастырдық. Түрк Білігі бет бұзып тобымызды дамытушы күтті”.
түрк білігі кімдер? толықтауыш
бет бұзып не істеп? баяндауыш
тобымызды кімдерді? толықтауыш
дамытушы кім? бастауыш
күтті не істеді? баяндауыш
Біз - кім? Бастауыш
Күлтегінге- кімге? Толықтауыш
Бірікті- қалай? Пысықтауыш
Сөйлесуімізді жалғастырдық- баяндауыш
84 Латын әліпбиінің құрамы мен емлесіндегі өзгерістерді түсіндіріп, шағын мәтін жазыңыз.
Латын әліпбиінің Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі ұсынып отырған нұсқасы“Қазақпараттық” нұсқадан айтарлықтай айырмасы жоқ. Анадолыдан келген Ş әрпі Прагада туылған Š әрпімен ауыстырылған және қазақ тіліне кирилл әліпбиінен кірген “х” (x) және “и” (ï) әріптері тілімізге оңтайландырылған (“и” орнына iy, ıy — ій, ый). Бұл нұсқаға қарағанда, “қазақпараттық” латын әліпбиі — тілдің латынға көшуіне емес, жай әріптердің транслитерациясына ғана негізделген идея.
Ескереріміз, тілдік реформаның мақсаты тек әріптерді ауыстырумен ғана шектелмейді, олай ойласақ, саяздық болар еді. Кирилл әліпбиіміз де құрметке ие: оны да ғалымдарымыз құрастырған. Алайда, кейінгі Кеңес өкіметінің насихаты мен нұсқауы арқылы жүргізілді. Сондықтан да ол кейбір тұстарда тіліміздің иммунитетін әлсіреткен болатын. Яғни, кириллицаға көшпес бұрын, орыс тілінен енген сөздер, араб-парсы сөздерімен қоса, қазақ тілінің заңдарына сәйкестендіріліп кірген болатын. Мәселен, “чайник”, “самовар”, “известь”, “волость” сөздері тіліміздің тарихи мықтылығына беріліп, “шәйнек”, “самауыр”, “ізбес”, “болыс” деп үйлестірілген-ді. Бұл сөздер қазақ тіліне сіңіп кеткені сондай, оларды әдетте кірме сөз деп ойламассың да — қазақтың төл сөзімен бірдей септеледі, тәуелденеді, жіктеледі, көптеледі. Алайда, кириллицаға көшкесін, “орыстың сөзін орысша ғана жаз, орысша ғана айт” деген үгіттеу ел арасында таралып кеткесін, “географиясын” да, “инновациясын” да қазақта жоқ “О-ны А қылып оқу” заңдылығымен оқимыз. Олай оқымасаңыз — күлкіге қаласыз. Сол күлкі де — өткеніміздегі “пропаганданың” жаңғырығы. Әлемнің дамыған тілдерінің бәрі кірме сөздерді өзінің ғана мәнеріне үйлестіріп қабылдайды. Мысалға, орыс тілі латын мен ағылшыннан енген “innovation”, “devaluation” сөздерін орыс заңдылығына бағындырып, сөздігіне “инновация”, “девальвация” деп енгізеді. Ал дамымаған тіл өшуге душар болмақ. Әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз тұсында да тілімізді дамытуымыз керек. Күштеп енгізілген сөздерден азат етуіміз керек.
Үшінші нұсқа — Жанат Аймағанов 1999 жылы дайындаған ABCnet нұсқасы Латын әліпбиінің Жанат Аймағанов ұсынған нұсқасы
Латын әліпбиінің Жанат Аймағанов ұсынған нұсқасы
Бұл нұсқа жағаласқан диакратикадай бас ауыртып тұрған жоқ. Латынның дәстүрлі әліпбиінде жоқ дауысты дыбыстарды — үстіне сызықша қосу арқылы, дауыссыз дыбыстарды диграфтар (sh, gh, ch, ng) арқылы белгілеген. Расында, латынның төл әріптерін қолданғасын, бұл әліпбимен жазылған мәтінді ең ескі компьютерлер де “қабылдай алады”.
Бірақ бір қарағандай мінсіз емес. Мұндай латын әліпбиі мәтінді “семіртеді”, мәтіндібасудың өзін баяулатады, қабылдау ыңғайлығын азайтады. Бұл жердегі дауысты әріптердің үстіне қойылған белгі — негізінен екпін белгісімен шатастырылуы әбден ықтимал, себебі көптеген оқулықтарда, лингвистикалық жүйелерде әлдеқашан бұл белгімен сөздегі буын екпінін көрсетеді. “ABCnet-тің” басқа нұсқасында қазақ тіліне тән дауыстыларды апострофты (‘) тіркеу арқылы белгілеу ұсынылған (A’, O’, U’). Алайда, апострофпен берілген белгіленудің кедергілері мен қиындықтарын Өзбекстан мысалынан көре аламыз: техникалық тұрғыдан апостроф сөзді бөлуші белгі болғасын, кейбір бағдарламалар сөздерді бір емес, бөлек сөз деп қабылдайтыны сирек емес (мәселен, Google).
Осы орайда төртінші кезекте сарапқа салатын нұсқаға тоқталсақ, латынға көшудің үздік идеяларын жиып, ыңғайлы, ықшамды әрі әлеуетті әліпбиді құруды “Kazak Grammar Nazi” (KGN) деген тілге жанашыр жаңашыл энтузиастар жиналған топ басты мақсат деп көріп отыр. Жаһандық интернет желісінде “grammar nazi” (“грамматикалық нацист”) деп тілдің дұрыс қолданылуына, сөздердің дұрыс жазылуына жете қарайтын адамды әзілдеп атайды. Жастар арасындағы танымал қалжыңды “қазақыландыра” өздеріне лақап ат ретінде қойған екен.
Ең алдымен, олар өздерінің нұсқаларын қазақ фонетикасына негіздейді. Қазақ тіліне табиғи тән дауыссыздар — р, й, у, л, м, н, ң, п, с, т, ш, к, қ, б, з, д, ж, г, ғ. Өзіне тән дауысты дыбыстар — жіңішке ә, ө, ү, і, е және жуан а, о, ұ, ы. KGN ұсынған нұсқаның әріптері қазақ тілінде табиғи қалыптасқан дыбыстарға негізделіп отыр. Басқа тілден енген сөздер үшін в, ф, х дыбыстары әзірше қалған. Көптеген әріптер, әлбетте, әлдеқашан латын әліпбиінде өз жұптарына ие, мысалға, м — m, н — n. Сондықтан назарымыз — төл дыбыстарымызда.
Достарыңызбен бөлісу: |