1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы


Жатыс, көмектес септік жалғауларының қалыптасу, даму тарихын оқыту тәсілдері



бет28/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)

43.Жатыс, көмектес септік жалғауларының қалыптасу, даму тарихын оқыту тәсілдері




44.Тарихи фонетикалық заңдылықтар: ассимиляция және диссимиляцияны оқыту
Ассимиляция (Ықпал) (лат. assimilatio - ықпал) - екі дыбыстың айтылуы мен акустикасына қарай бір біріне ықпал ете үндесуі. Дауыстылармен дауыстылар, дауыссыздармен дауыссыздар үндеседі. Сөйлеу процесінде бір сөз екінші сөзбен, бір буын екінші буынмен өзінің екпіні, буыны, т. б. жақтарынан жиі қиюласатыны сияқты, бір дыбыс екінші дыбыспен де үйлесіп, үндесіп тұрады. Сингармонизм дауыстылардың үндесуі болып есептелсе, ассимиляция, негізінде, дауыссыздардың үндесуі болып есептеледі.
Ассимиляция толық түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп, толық еліктіреді; мысалы: жаз / са, сүз / се (айтылуда: жасса, сүссе); қосымшаның с дыбысы түбір сөздің соңғы з дыбысын дәл өзіндей етіп толық еліктіріп отыр: жасалу орны жағынан да, жасалу жолы жағынан да, дауыс қатысы жағынан да — бұл екеуі бірдей. Сол сияқты, з + ш немесе с + ш түрінде екі дауыссыз қатар түрса ш + ш түріне айналады; мысалы: сөз + шең, жұмыс + шы (айтылуы: сөшшец, жұмышшы); ш + с болса да ш + ш түріне айналады: қаш + са, шаш + са (айтылуы: қашша, шашша); з + ж түрі ж + ж-ға айналады: боз жігіт (айтылуы: божжігіт);
Ассимиляция жарым-жартылай түрде ұшырайды; басқаша айтқанда, бір дыбыс екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты еліктіреді, мысалы: қаз + ға, тас + қа; осындағы түбірдің соңғы ұяң з дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да ұяңдап түр; түбірдің соңғы қатаң с дыбысының ауанымен қосымшаның басқы дыбысы да қатаң айтылып тұр.
Диссимиляция (лат. dissimilatio - ұқсамау) — Диссимиляция ассимиляцияға қарама-қарсы комбинаторлық өзгерістің бір түрі. Сөз ішінде қатар келген ұксас немесе бірдей дыбыстардың сөйлеу тілінде өзге дыбысқа айналуы.
Мысалы: алла — алда, молла — молда, балалар — баладар, коридор — колидор


51.Ескерткіштердегі сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін талдау жолдары
Толықтауыш. Етістіктен, есімнен болған мүшемен байланысып, істің, заттың, сапаның объектісін білдіретін толықтауыштар да кездеседі. Қазіргі қазақ тіліндегі тəрізді, көне түркі тілінде де табыс септігін қажет ету, етпеуіне қарай тура жəне жанама толықтауыштар ұшырасады.
Ескерткіш тіліндегі табыс септікте тұрған сөздер əр уақыт тура толықтауыш болады. Өйткені тура толықтауыштар заттың қимылын білдіретін сабақты етістіктермен тығыз байланысты болып келеді . Басқа түркі тілдеріндегі сияқты, қазақ тіліндегі тура толықтауыштар меңгерілетін сөзбен табыс септігінің ашық не жасырын тұлғасы арқылы байланысады. Мысалы: Ол сабығ есідіп түн удысқым келмеді — Ол сөзді есітіп, түн ұйқым келмеді. Сүсін анта өлүртім — Əскерін сонда өлтірдім. Мұндағы сабығ (сөзді) жəне сүсін (əскерін) сөздері табыс септігінің -ығ, -н тұлғасында тұр. Ічін, ташын адынчығ бедіз уртуртым, таш тоқытдым — Іші, тысын айырықша өрнектеттім, тасты қойғыздым. Бу сү елт — Бұл əскерді апар. Бұл жерде таш, сү (тасты, əскерді) сөздерінде табыс септіктері жасырын қолданылып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет