1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы


Етістіктің есімше категорияларының дамуы



бет26/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)

40.Етістіктің есімше категорияларының дамуы
Етістіктің есімше категорияларының дамуы
Көне түркі тілінде есімшелік тұлғалардың саны көп болып келеді. Тілдің дамуы барысында емімшелер азайған. Соған қарағанда олардың азаюына бұрын бірнеше формалар арқылы берілетін мағыналық мәнерлердің бір ғана форма айналасына шоғырлануы себеп болса керек. Көне түркі жазбаларындағы есімшелердің кейбірі күні бүгінге дейін қолданыста болса, кейбірі “өлі” қосымша болып сақталып қалған.
Көне түркі тілінде қолданыста болған есімше категориясының кейбір басты ерекшеліктері мынадай: -мыш Орхон-Енисей жазбалары тілінде, сонымен қатар, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс деп санаймыз. Мысалы, қалмыш(қалған), тегміш (түйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі -ған аффиксінің қызметін атқарған. Бұл қосымша сонымен қатар қимыл есімінің қызметінде де кездеседі. Бұл мәнде ол қазіргі біздің тіліміздегі тұйық рай тұлғасы -у-ға сай: бітміш (жазу), берміш(Беру) мыш формасы ашық райлы етістік қызметінде де қолданылыа, сөйлемнің баяндауышы болып та кездескен: йоқ ерміш (жоқ еді).
Қазіргі тіліміздегі өткен шақ мағынасын беретін -ған тұлғасы Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді. Бірақ, XI ғасырдағы Қашқари сөздігінен бастап жиірек қолданылған. Алайда, Махмұт Қашқари -ған тұлғасын іс-әрекеттің көп мәрте болғанын немесе ұзақ болғанын білдінетін мәнде деп түсіндіреді.
-ған негізінен этимологиялық тұрғыдан құранды. Оның алғашқы бөлімі -ға қимыл есім тұлғасы да, -н ежелгі дәуірде өткен шақты білдірген тұлғаға жатады.
Есімшенің даму тарихына үңіліп, -р тұлғасының қолданысына келер болсақ ерекше дәлелге тап боламыз. Ежелгі жазба тілдерінде -р тұлғасы бірде келер шақ, бірде өткен шақ мәнде қолданылған. Y-YIII ғасырлардан бастап қолданыста болған -р формасы төмендегідей қызметте қолданылған: өзінің тура мәнінде: көрүр көзүм, білір білігім, йүкүнүр күн, осы шақ мәнінде: берүр, барыр; келер шақ мәнінде: йылан йыл онунч айқа Иноз Иненчу Бес балыққа барырмен.


41 Шақ категорияларының дамуындағы тарихи өзгерістер
Етістіктің ең басты және негізгі категорияларының бірін –шақ категориясы дейміз.Бұл категория өзінің түрлері мен тұлғасының көптігімен, күрделілігімен ерекшеленеді .Шақ категориясы деп біз – қимыл-қозғалыстың орындалып жатқанын,болашақта орындалатынын,орындалып қойғанын айтамыз. Шақ категориясы көбінесе ашық райға тән болып табылады.Өткен шақ -ды (-ді, ты, ті) қосымшаларымен беріледі. Орхон-Енисеи ескерткіштері тілінде -ды (ді, -ты, -ті) қосымшасының түбірге жалғануы дыбыс үндестігі заңына сәйкес те, қайшы да келіп отырған.Мысалы, өлті-өлді, качды-качты, тоқытдым-тоқыттым. Ал орта ғасыр жазба ескерткіштеріне дыбыс үндестігінің сақталған. XIII-XIV ғасырлардан бастап қолданылған. Орта ғасырдың жазбаларында III жакта -ған формасының турур, тур көмекші етістіктерімен Улуғ аталарымыз Түркістандын келген турур.ОСЫ ШАҚ қазіргі қазақ тілінде нақ осы шақ мәнін беретін төрт қалып етістігінің (отыр, тұр,.жатыр, жүр) жасалады. О XII—XIV ғасырлардан қолданыла бастаған. Бұл төрт етістіктің жазбалар тілінде осы шақ мағынасын беруі -ур есімшесінің тіркесуіне байланысты болған. Тілдің даму процесінде ықшамдалу нәтижесінде қазіргі қалыпқа түскен. Олардың ескерткіштерде қолданылуы мынадай болып келеді: «Иүрүрмен йерде изни көрмек үчүн» . «Сулайман тахт үзе ол турур» .
Келер шақтағы -р (-ар, -ер, -ыр, -ір, -ур, -үр, -йур, - йүр) қосымшасы арқылы берілген. Оның болымсыздық түрі -мас, -мес тұлғасымен берілген. Қашқаридың түсіндіруінше -р қосымшасы келер шақ жасаудың кең тараған тәсілі: көбіне тар, -ер варианты дауыссыз дыбысқа аяқталған түбірлерге жалғанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет