1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы


А.Байтұрсынұлының «Төте жазуындағы» инвариант және вариант дыбыстарды талдау әдістері



бет23/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)

34. А.Байтұрсынұлының «Төте жазуындағы» инвариант және вариант дыбыстарды талдау әдістері
Бір қызығы, ХХ ғасырдың басында – қазақ орфоэпиялық нормасына «сызат түспеген» дәуірде А.Байтұрсынұлы бұл позициядағы инвариант дыбысты <ы> деп тапқан. «Қазіргі тұжырымдардан, алуб десек, келіб демей, келүб десек, онда алұу, барұу деуге болады. Оның үстіне алыуды – алыс, барыуды – барыс, келіуді – келіс деген сөздермен алмастыруға болады. Ендеше у-дың алдына ұ, ү әріптерін салудың еш қисыны жоқ» (А.Байтұрсынұлы Емле туралы // Қазақстан Республикасы БжҒМ ҒА Хабарлары. 2000, №3.) дейді ғалым.
Қазақ тіліндегі кез келген дауыссыздың алдынан не соңынан қысаң езулік қосылып айтылады. А.Байтұрсынұлының сөзімен айтсақ, «жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін қолданып келген қазақ» (сонда) қысаң, жуан езуліктерді инвариант деп табады: [бы], [жы], [ыр], [қы]. Осы жүйе бойынша, [ый], [йы], [ыу], [уы] болуы керек. Бірақ <й> фонемасының айырым белгілері қысаң езуліктермен дыбыстатады. Ал еріндік дауыссыз болып табылатын <у> еріндіктермен дыбыстатады. Сонда «исключение» у фонемасында ғана. Ендеше [ұу], [үу] таңбалануға тиіс емес, фонетикалық вариант болып табылады. Егер біз жаңа орфографияда <у> фонемасын дыбыс тіркесіне ажыратып жазсақ, онда тауық, сауық, жауық, сеуіп, теуіп, кеуіп сияқты сөздерде ы орнына ұ, ү жазу керек. Өйткені дыбыстың алды мен соңы бірдей позицияда. Мұнда дыбыс инварианты фонема емес, дыбыс варианты таңбаланған болып шығады. Бұл орфограммалар, әрине, қазақ сөзінің дұрыс айтылу нормасын сақтауға көмектеседі. Қазақ тілінің дыбыстық құрамы жаңа сауаттанатын баланың санасына дұрыс бекиді.


35.Үндестік заңының қалыптасуы тарихын оқыту
ҮНДЕСТІК ЗАҢЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Үндесім құбылысының қазақ тіліне тән екені белгілі. Алайда үндесім құбылысы көпке дейін тек фонетикалық құбылыс ретінде қарастырылып келді. Ғылыми грамматикаларда болсын, оқулық және оқу-құралдарында болсын үндесім құбылысы «үндестік заңы», «сингармонизм заңы» немесе «дауыстылар (буын) үндестігі» (гармония гласных) деген атпен жеке тақырыпша ретінде ғана ескеріліп, фонетика бөлімінің ең соңына тіркеліп отырды. Соның нәтижесінде қазақ (түркі) тіліндегі үндесім құбылысы көпке дейін зерттеушілер назарынан тыс қалып, оның фонологиялық рөлі мен артикуляциялық (жасалым), акустикалық (айтылым), перцепциялық (естілім) табиғатына мән берілмей келді. Тіптен үндесім құбылысы тек фонетикалық деңгейдегі бірлік (единица) дәрежесінде ғана ескерілетін болды. Оның үстіне дыбыстардың арасындағы кейбір үйлесім (ассимилятивные модификациии) үндесім құбылысының қатарына жатқызылып келді.
Сингармонизм құбылысы, жалпы, түркі тілдерінің бірегей белгісі болып табылады. Үндесім құбылысының өз фонологиялық мәртебесінде ескерілмеуінің салдарынан қазақ (түркі) тіліне тән көптеген фонетикалық (дыбыстық) құбылыстар аңғарылмай қалып отырды. Оларға тән ұғымдардың басы ашылмағандықтан, олардың өзіне тән атаулары болмады. Мұның өзі қазақ фонетикасының ғылыми зерттелім аппаратының жұтаң болуына себеп болды. Теориялық зерттелімі дамыған өзге (мысалы, үнді-европа тілдері) тілдердің табиғатында жоқ, бірақ қазақ (түркі) тілінде бар дыбыстық құбылыстардың тілдегі қызметі мен артикуляция-акустикалық көрінісінің фонологиялық та, фонетикалық та атаулары болмады.
Үнді-европа тілтанымының ықпалымен қазақ тіліндегі көптеген бірегей дыбыстық құбылыстар үнді-европа терминдерімен аталып, сол тілдердің заңдылықтарымен түсіндіріліп келді. Сөйтіп қазақ тілтанымында ұғым мен атау қайшылықтары пайда болды.
Қазақ тіліндегі үндесім құбылысына тән тілдегі фонологиялық қызмет сөздік екпінге таңылды. Қазақ (түркі) тілінің сөздіктерінің құрамындағы сөздерде жаңсақ екпін орны белгіленді. Үндесім құбылысының басы ашылмауы салдарынан оқу-әдістеме саласында кемшіліктер мен жетіспеушілік орын алды.
«Сингармонизм» – қазақша «үндестік», олай болса, фонеманы сингармема, синема деп алғаннан гөрі «үндеспе» деп атау орындырақ. Индоевропа тілдерінен түркі тілдерінің құрылымдық жүйесі қаншалықты алшақ болса, фонемадан үндеспе де соншалықты бөлек. Мәселен, орыс тілінде сөз ішінде, тіпті буын ішінде жуанды-жіңішкелі дыбыстар қатар тұра береді. Бұл қазақ тілінің табиғатына жат. Осыдан-ақ бұлардың мән-мағынасын, қызметін аңғаруға болады. Лингвист-мамандар түркі, оның ішінде қазақ тіліндегі үндесім (сингармонизм) құбылысына әрқашан көңіл бөліп отырған. Тілдік құбылыс ретінде оның фонетикалық (артикуляциясы) және фонологиялық (қызметі) сипатына қатар көңіл бөліп отырған. Фонетикалық теориялардың даму деңгейіне лайық фонетикалық сипаттамасы беріліп, тілдегі қызметі жайлы пікірлер қорытылып жатты. Жалпы түркі тілінің басты ерекшеліктері ретінде өзге ғылым мамандары да көне жазу ережелерінің, әсіресе оның әліпби құрамының соншалықты дәл және нақты жасалғанын атап көрсетеді. Мысалы, тарих маманы В.В.Бартольд өзінің лингвист емес екенін атай отырып, сонда да болса көне түркі жазуының өте ыңғайлы жасалғанын атап өткісі келетінін білдіреді. Ғалымның «Турки, по-видимому, не только заимствовали готовый алфавит, но прибавили к нему некоторые новые знаки... Сверх того, алфавит был приспособлен турками к фонтичесим особенностям своего языка, особенно к закону звуковой гармонии; вследствие этого самый старый из турецких алфавитов в то же время должен быть признан самым совершенным из алфавитов, когда либо употреблявшихся турками» деп түйіндейді өзінің ойын. Өз кезінің әмбебап зерттеушісі болған В.В.Бартольд түркі жазуының дыбыс құрамы тілдің ішкі заңдылықтарымен өте тығыз қабысып жатқандығын, сөйтіп сөздің дыбыс құрамын өте дәл көрсететінін алға тартады. Көне түркі жазуының жетілген жазу екендігіне қарап, сол кездегі халық мәдениетінің жоғары болғандығын болжайды. Ол туралы ғалым «Слог и выражения надписей заставляют полагать, что состояние культуры народа было не так низко, как можно было бы ожидать по обстановке кочевой жизни»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет