1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы


Үстеудің сөз табы ретінде қалыптасуын оқыту



бет30/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)
Философия тест 225 сұрақ, Эл(рк с ответами 2 вар) (1), 5068564198221 Диалектиканың негізгі категориялары НО-3Б каз. орыс 22.04.2020
53.Үстеудің сөз табы ретінде қалыптасуын оқыту
Үстеулер – қимылдың алуан түрлі белгілерін, күй-жайын немесе сапаның дәрежесін білдіретін грамматикалық құбылыс. Қимылдың белгісі мен заттың сынының белгісін білдіру, сөйлем ішінде пысықтауыш немесе кейде анықтауыш (жекелеген формаларда) функциясында жұмсалуы үстеуді өзге сөз таптарынан даралайтын басты ерекшелігі болып саналады. Басқа сөз таптарынан ажыратып тұратын негізгі белгі – түрленбейтін сөз табы бола тұра, түрленуші сөздердің барлығымен грамматикалық қатынасқа түсуі.. Қазіргі түркі тілдеріндегі мекендік, мезгілдік үстеулердің қалыптасуына үлкен әсер еткен көне түркі тілі жүйесіндегі үстеу сөздердің тарихы мен өзіндік ерекшеліктері бар. Көне ескерткіштер тілінде есімдіктердің ішінде сілтеу есімдігінен туындаған үстеулер кездеседі. Көне түркі тілінде: – Йай анта йайладым (Мен жазды сонда өткіздім).
Түркі тілдеріндегі үстеу сөзжасамы әр дәуірге тән өзіндік белгісімен даму, қалыптасудағы арнайы заңдылықтармен көне заманнан, яғни ежелгі Орхон-Енисей, Талас ескерткіштері, одан беріде Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн еңбектерінен белгілі. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген көптеген үстеулердің біршамасы көне дәуірде қолданыс тауып келе жатқан сөздер тобы. Мысалы, енді, кеше, бірге, әдейі, т.б. Аталған үстеулер «Кодекс куманикус» қолжазбасында емді, түнәкүн, бірлә біле, хасса түрінде келеді. Ал қалған үстеулер кейін ауызекі сөйлеу тілі, әдеби жазба тілдердің дамуы, қалыптасуы, белгілі нормаға түсуі нәтижесінде жасалып, жаңа сөз, жаңа мағына ретінде үстеу сөз табына телініп отырды.
54.Көне түркі жазуы: әліпбиі мен графикасын оқыту
Көне түркі жазуның әліпбиі-қысқаша айтқанда,көне түркі жазулардың әліпбилік жүйесі.Бұл әліпбиде отыз сегізге жуық таңба және сөзбөлу әдісі кіреді екен.Жазуы оңнан солға қарай.Біз сияқты жазған кезде жіңішке және жуан дауыстылары айырылып,ажыратылып көрсетілмейді екен.Сөз бөлу нышаны ретінде сөз арасында ештеңе қойылмайды.Сөйлем соңында еш затпен ажыратылмайды.Бас әріп пен кіші әріпке белгілемейді екен. Тәңір сөзінің т әріпін біздің бір санының керісінше түрі секілді жазады екен.Ал р әріпін Һ деп жазады екен.
Хакасия, Алтай, Тува, Ертіс, Қырғызстан Қошқар өңірі. Бұл әр аймақтың графикасы өзіндік дыбыстық ерекшелігімен көрінеді дегенді білдіреді. Дегенмен жоғарыдағы ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық ере-кшеліктерді тануға мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған 35 графеманың 4-і ғана дауысты фонеманы, ал 31-і дауыссыз фонеманы және үнді қатаң тіркесін бергені бүгінде айқындалған жайт. Сонда көне түркі жазуы дауысты фонеманың 4 инвариантымен тілдегі 9 вариантын (а-е-ә, ы-і, о-ұ, ө-ү), дауыссыздардың 20-дан аса жуан-жіңішке вариантымен 10 инвариант фонема-ны (б, д, ғ, й, қ, л, н, р, с, т ) берген түркі тілдеріндегі үндесім құбылысын дауыссыздар санын көбейтумен шешкен графика болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет