Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбиін оқыту әдістемесі
Араб графикасының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін берудегі қолайсыздығы, омографтардың көбейіп кетуінен мәтін мағынасын түсіну кейде қиын болды. 19 ғ. аяғында Ресей үкіметі саясатының есебінен орыс жазуына көшу бағыты шыға баста-ды. 1876 жылы қазақ жазуын орыс графикасына көшіру туралы мәселе ресми түрде қолға алынды. Алғашқы әліпбилер жасала бастады. Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: ă –, ŏ- , у –< ү>, і – , ы – , н – , к- , г – . Орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын) қолданбады. Н.И.Ильминскийдің бұл жазуына кезінде В.В.Григорьев тарапынан арнайы сын айтылған еді.
Ы.Алтынсаринның “Қырғыз хрестоматиясының” 2-басылымында орыс алфавитінің және латын графикасының мынадай таңбалары пайдаланылған: д , я , ц , н , к , у , и және (ій), й, г, і, у , уу . Мұндағы г-, , к-, таңбалары төрт дыбысты берсе, керісінше фонемасы і және и екі графемасымен де белгіленді (кійиз, тійме, адилдик), кейде и ні де берді. У әрпі [ұу] қосарын таңбаласа да (тоқу, саусқан, шоқу), уу тіркесі де пайдаланылды (ашуума). Сондай-ақ [е]-мен қатар келген [w] я –мен белгіленді (бесеям, бірея). Сонда Ы.Алтынсарин әліпбиінде -, - фонемалары жеткілікті дифференциацияланып, графикалана алмағанын көреміз. Хрестоматияда ерін үндестігі жүйелі таңбаланып отырады: болду, оку, окуулук, току, кяннцнкянгц, дянйц, кцңялгц, цнцр, бяйрцгямц, яйдцгүмц. І-буындағы екі ашық езулік буын арасында қысаң езуліктер жүйелі түсіріліп отырады: тлек, кобланды, даншпан, ыклас, мнау, домбра, пскенде, брак, бреу, кші, ксі; сөз аяғында б қолданылады: талаб, көб.
61. Ертіс угузыг кече иордымыз, түргіс будүны уда бастымыз» деп аударылады:
“Біз саяхатымызды қараңғы түндерді артқа тастап, күн шыққанда бастадық”
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНЕ ТАЛДАУ КЕРЕК
Достарыңызбен бөлісу: |