17. Жазудың түрлері мен даму мәселелері
Жазу - адамның ой-пікірін, хабарын, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың пайда болуы адамдардың қарым-катынастағы уақыт пен кеңестік кедергісін жойды. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Таңбаларының мағынасына қарай адамзат тарихындағы жазу төрт түрге бөлінеді:
1) пиктографиялық жазу- жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді.Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Суретін салуға болмайтын абстракт ұғымдарды беру үшін басқа заттардың суреті қолданылған. Мысалы, бақыттылықты, олжаны- тасбақаның, махаббаты-сызықшамен қосылған екі жүректің, достықты –ұстасқан екі қолдың, соғысты садақ оғының суретімен белгіленген;
2) идеографиялық жазу- жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет арқылы немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады.Идеографиялық жазудың бір түрі- иероглиф жазу;
3) буын жазуында -сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді;
4) дыбыстық жазу (әріп жазуы)- жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері- финикия, армей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен ҮІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған. Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:Енисей ескерткіштері.Талас ескерткіштері.Орхон ескерткіштері.Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Монғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.
Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады.
Әрбір сурет өздігінен бүтінднй хабарды білдіре алады . Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік нормаларды емес , оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған . Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың… т.б. суреттері қолданған . Мысалы, “мен аң аулауға кеттім” дегенді білдіру үшін адамның суретіне қоса тоғайдың және аңның суреті салынған.
ІІ Жазудың жалпы даму тарихына шолу
Жазудың тарихына қатысты шетелдік тіл білімінде біраз еңбектер аз емес. Атап өтсек, В.А.Истриннің «Возникновение и развитие письма» (Москва, 1965), «Развитие письма» (Москва, 1961); Д.Дирингердің «Алфавит» (Москва, 1963), И.Фридрихтің «История письма» (Москва, 1979),; И.Е.Гельбтің «Опыт изучения письма» (Москва, 1982) сынды еңбектер. Жоғарыда аталып өткен еңбектерге сүйене отырып, жазудың даму тарихын эволюциясын тануға тырысайық. Қазақ тіліндегі еңбектерде сирек кездесетіндіктен әдістанымдық негіз ретінде жазу тарихына шолу жасаудың қажеттілігі бар деп білемін.Қоғамдағы адамның мәні өз ойын сыртқа шығару қабілеті мен өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеті арқылы ерекшеленеді. Біріншісі, жеке-дара қасиеті болса, екіншісі, әлеуметтік қасиет. Адам өз сезімін ән айту, өлең шығару, сурет салу, мүсін жасау сияқты қоғамдық шартты құбылыстар арқылы білдіреді. Тарихқа көз жүгіртсек адам қоғамсыз өмір сүре алмағын. Сондықтан қоғам болып бірлесіп қабылданған бейнелер арқылы өз ойын, сезімін сыртқа шығарудың жолдары көбейе түсті. Жазу сурет өнерінен бөлініп шықты. Ол қоғамдық ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы болды. Айнала қоршаған ортадан көрген-білгенін, бастан кешкен оқиғаларын, сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (towrite – «жазу», көнескандинавиялық rita – «керту», «тырнау» деген мағына береді) Алғашқыда адам тек өз басындағы ой, сезімді табиғат құралдарына белгілеп, сыртқа шығарды. Уақыт өте келе бұл туындыларды өзгелер де қарап, оқиға, құбылыстарды түсініп, қабылдай алатын болды. Жазудың қоғамдық сипаты сол дәуірлерден ақындала түскен. Бұның басты себебі, өз ойын сыртқа көркемдеп жеткізе білетін әрі қолынан сурет салу келетін қасиет адамдар санаулы болды да, ол «құдай жіберген» адам түсінігінде қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |