Өлеңді оқыту
Бастауыш сынып оқулықтарында берілген өлеңдер алуан түрлі: кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, (мысалы, Ө.Тұрманжановтың "Қарлығаш") қайсібірі табиғат құбылыстары жайлы (Күз, Жазғы дала, Жазғытұрым т.б.с.с), ал енді бір тобы автордың көңіл-күйін, асқақ ойын білдіреді. Мысалы, "Үш бақытым" өлеңінде М.Мақатаев:
"Ең бірінші бақытым — Халқым менің,
Саған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым — Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші — Отан деген,
Кім мықты? -десе біреу, — Отан! дер ем.
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен!" — деп, Отанын, туған халқын, тілін ардақтай, оған деген өзінің жүрек сезімін, адал ниетін білдірсе, одан әрі олардың ерекшеліктерін метафора мен эпитет арқылы (Саған берем ойымның алтын кенін", "Тас жүректі тіліммен тілімдедім", "Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?") бейнелеп көрсетеді. Осы типтес талай өлеңдер бастауыш сынып оқулықтарында молынан берілді.
Мұндай өлендердің оқылуында олардың табиғатына сай, ерекшеліктер кездеседі. Өлсңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:
1. Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай, оқушылармен әңгіме еткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішінде кездесетін, оқушылардың ұғымына ауырлық келтіреді-ау деген, бірен-саран бейнелі сөздермен сөз тіркестерінін, мағынасы түсіндіріледі.
2. Өленді ырғағына келтіріп, мәнерлі түрде, егер өлеңнің көлемі ұзақ болмаса, алдымен мүғалімнің озі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарынан іштей бірге оқып отырады.
3. Сонан кейін өленді оқушылар дауыстап, дұрыс, мәнерлеп оқиды.
4. Өлең мазмүны талданады. Кейбір көлемдірек өлең бөлім-бөлімге бөлініп, ал қысқа өлендер тұтас талданады.
5. Өлеңнің мазмұны бойынша жалпы сұрақ қойылады.
6. Өленді екінші рет, қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі (оқу техникасы, мәнерлеп оку, дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту т.б. жұмыстар) және кейбір үзінділер немесе бөлім немесе түтас оқытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |