1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет42/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Ж- дауыссыз, ұяң

Е- дауысты, жіңішке,ашық,езулік

Р- дауыссыз, үнді

І- дауысты, жіңішке,қысаң,езулік

Бұл сөзде 4 әріп, 4 дыбыс бар.

Сөз-Жер


Жер-буынға бөлінбейді, бітеу буын, бір дауысты,екі дауыссыз әріп бар.

Ж- дауыссыз, ұяң

Е- дауысты, жіңішке,ашық,езулік

Р- дауыссыз, үнді

Бұл сөзде 3 әріп,3 дыбыс бар.

Билет № 9

1. Тұрақты сөз тіркестері.

2. Көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту.Ертегі, мысалдарды оқыту

жолдары.


3. Фонетикалық талдау

Бурабай көлінің ығындағы кішкене қаланы сол көл атауымен «Бурабай» дейді. (С.Мұқанов)


1. Тұрақты сөз тіркестері.

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).


2. Көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту. Ертегі, мысалдарды оқыту жолдары.
Қазіргі уақыт талабына сай өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі пәнімен қазақ әдебиетін де оқыту үлкен жолға қойылып жатыр. Қазақ әдебиетін орыс тілді мектептерде оқыту күрделі мәселелердің бірі. Оны оқытудың өзіне тән бағдарламасы да, әдісі де бар. Ал мұғалім сол әдісті түрлендіріп, оқушылардың қазақ әдебиетін қызығушылықпен, шығармашылық ізденіспен оқуға, оны терең түсінуге, өз ой-пікірін айта білуге, психологиялық жағынан талдай білуге жол ашу қажет.

Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен білім беру мүмкін нәрсе емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу – мұғалім үшін маңызды мәселе, 5-8 сыныптарда әдеби шығармаларды оқу көбіне сыныпта жүргізіледі. Түсіндірмелі (комментарий) оқу арқылы шығарманың алғашқы бөлімдері оқылады, тәжірибеде осы тәсіл жиі кезігеді, себебі мұғалім ол арқылы шығарманы оқуды ұйымдастырады, оқушыларға бағыт-бағдар береді. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі.

Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Сыныпта дауыстап оқығанда, бұлар айқын көрінеді. Дауыстап оқу мен іштей оқуды алмастырып отырған жөн. Төменгі сынып оқушылары көбіне дауыстап оқығанды ұнатады, жоғары сынып оқушылары іштей оқығанды қалайды. Көркем туындыны оқу жоғары сыныптарда үйде жүзеге асады. Себебі, көркем туындыларды былай қойып, қысқа әңгімелерді сыныпта оқуға уақыт жетпейді. Жоғары сыныптарда өтілетін роман, хикаят сияқты көлемді туындыларды оқу тек үй жұмысы арқылы жүзеге асатыны ұстаздар қауымына бұрыннан-ақ белгілі жай. Әр мұғалім бала көркем туындыны оқыды ма, оқыса, одан қандай әсер алды, соны біліп отырғаны жөн. Мұғалім сыныптағы үйге берілген туындыны оқушылардың қалай оқып жатқанын назардан тыс қалдырмауы керек, үнемі ол туралы хабардар болып отырғаны жөн. Оқып біткен мерзімде мынадай жұмыстар жүргізуге болады (бақылау ретінде):

Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы кейде мұғалім әр оқушыға әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар бере отырып та тексереді.

а) өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату, не сол эпизодтың мазмұнының тезисін жасату;

ә) негізгі кейіпкерлерді жинақтату;

б) жазбаша викторина жүргізу.

в) сынақ үлгісіндегі ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру;

г) бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма – көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндап беру;

д) әдеби «көкпар ойыны» арқылы тексеру.
Көркем туындыны оқуды ұйымдастыру, әрі бақылау жасауда баланы жалықтырмау, қажытпау керек. Ол үшін мұғалім қызықты, тиімді жолдар ізденгені дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет