1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет145/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Салалас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов))[2], себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).

Түрлері

Құрамындағы жай сөйлемдерінің құрмаласу тәсілдеріне,мағыналық қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлемнің 6 түрі бар.Олар:ыңғайлас салалас,қарсылықты салалас,себеп-салдар салалас,кезектес салалас,талғаулы салалас,түсіндірмелі салалас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет