1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет146/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

Түрі

Ереже

Шылау

Мысал

Ыңғайлас салалас

Бір-біріне жақын болған оқиғаларды білдіреді.


Және,әрі,да,де,та,те

Далада соғып тұр,әрі сіркіреп жаңбыр жауып тұр.

Қарсылықты салалас

Жай сөйлемдерінің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келеді.

Бірақ,дегенмен,сонда да,сөйтсе де,әйтсе де,алайда

Оның даусы жақсы,бірақ ән айтуды жақтырмайды.

Себеп-салдар салалас

Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіреді.

Өйткені,себебі,сондықтан,сол үшін,сол себепті,неге десеңіз

Биыл шөп қалың шықты,өйткені жаңбыр көп жауды.

Кезектес салалас

Іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді.

Бірде,біресе,кейде

Балалар бірде футбол ойнайды,бірде өзенге барып шомылады.

Талғаулы салалас

Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалады.

Не,немесе,әлде,я,яки,әйтпесе,не болмаса,я болмаса

Я болар жеріңді айт,я бізге килікпей тыныш жүр.

Түсіндірмелі салалас

Соңғы сөйлемі алдыңғы сөйлемінің мағынасын түсіндіріп тұрады.

Жалғаулығы жоқ

Қорыққаны сонша-орнынан тұра алмай қалды.Оның келмеген себебі мынау:кеше жұмыстан кеш қайтты.


2. Дәстүрлі және жаңартылған оқу бағдарламаларының білім мазмұнын салыстырмалы талдау.

ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаоану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту. 7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.

Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар - соның дәлелі.

2016-2017 оқу жылы 1-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылды. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқып бастады.



Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады. Бастауыш білім беру деңгейінің ең күрделі және жауапты кезеңі – бірінші сыныпта оқу процесін ұйымдастыру.

1-сыныптан бастап қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін оқыту сөйлеу қызметінің төрт коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.



Жаңа бағдарламада оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі де өзгерді. Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.

«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», - деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.

Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай: «Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білу» үшін мектеп оқушыларының терең білім алып, саналы да саламатты болып шығуына педагог мамандардың шығармашылықпен атқарған жұмыстарының қосар үлесі мол.

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.



Дәстүрлі сабақ - қалыптасқан дәстүр бойынша оқу материалдарының дәлме-дәл кескіні. Дәстүрлі оқыту үрдісінде оқытушы оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда оқытушы мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді.

Дәстүрлі оқытуда оқу процесін басқарушы оқытушы және орындаушылар оқушылар болып табылады. Дәстүрлі педагогикалық әдістерге бақылау, әңгіме, тәжірибе,сауалнама, әңгіме, тест жүргізу, т.б. жатады.

Дәстүрлі сабақта оқытушы – білімді жеткізуші. Дәстүрлі сабақтың түрлері: Жаңа оқу материалын оқу сабағы, дағдыны қалыптастыру, қайталау сабағы, Бекіту, Қорытынды сабақ, Аралас сабақ. Практикалық сабақ. Білімді тексеру сабағы. Дәстүрлі сабақ – жиі қолданылатын сабақ түрі. Сабақ үстінде өткенді қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары оқушы-лардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады. Сондықтан, ол оқытушының оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын түсінуіне өте қолайлы

Сабақтың тақырыбы : Тақырып жоспарға, типтік бағдарламаға тиіс болу қажет.

Сабақ 3 мақсатта құрылады.

1.Білімдік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.

2.Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушының алдына оқытушы бір тәрбиелік мақсатты қоя отырып, бірнеше мақсатты да қарастыруы мүмкін. Немесе бір тәрбиелік мақсатты бірнеше сабақ барысында қарастырады, өйткені оқушының бойында бір қасиетті бір сабақта тәрбиелеу мүмкін емес. Барлық адамгершілік қасиеттер оқытушы тарапынан тәртіп, әділдік. жолдастық, сыпайылық негізінде тәрбиеленуі қажет. Тәрбиелік мақсатты қоюда оқушының бойында патриоттық қасиеттерді тәрбиелеу өте маңызды аспектілердің бірі, өз Отанына деген сүйіспеншілік, оны қорғау, дамыту бойынша жауапкершілік бұл өте маңызды қасиеттердің бірі.

3.Дамыту: Бұл мұғалім үшін ең күрделі мақсаттардың бірі. Мұнда екі себеп бар. Біріншісі мұғалімнің сабақ сайын жаңа дамытушылық мақсатты құруға ұмтылуында және оқушының даму процесінің баяу жүретінін ескермеуінде.

Сабақтың көрнекілігі– Оқытушы сабақта тақырыпқа байланысты көрнекіліктерді (табиғи, жасанды, техникалық, дыбыстық және көрнекі

құралдар) пайдаланып тақырыпты түсіндіреді. Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады. Көрнекі құралдар – кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық – географиялық карталар т.б. Техникалық құралдар – үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б. Көрнекі әдістерді пайдалану барысында ақпараттық материалды игеру оқу процесінде көрнекі құралдар сүлбе (схема), кесте, сурет, модельдер, приборлар, техникалық құралдарды тікелей қолдануға тәуелді.

Сабақтың уақыты -90 минут, (тәжірибелік сабақтар-180минут).

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Ұйымдастыру бөлімі — күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу. Жақсы нәтижелерге жету жағдайлары: • талап қойғыштық және оқушылардың жағдайына зейінін аудару және сабаққа кешікпей келу; • сұрақтарды қолдану сабақ тақырыбына зейінді шоғырландыру; • жылы жүзділік және кең жүректілік; • талапты тұрақты және жүйелі қою.

2.Оқушылардың білімін бақылау - барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау. Оқушылардың өзара көмегін және

өзін-өзі бақылауын қолдану.

3. Жаңа білімді меңгеру кезеңі: Тақырып мәтінін баяндап, факт, құбылыс ереже, туралы нақты түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, құралдарды оқушыларға үйретіп, білім негізінде дағдыларға машықтандыру. Материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында оқылған материалды оқушылардың терең түсінуіне жағдай жасау.

4.Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі:

Бекіту жұмыстарын оқушылардың ой белсенділігін, өз бетімен ақыл-ой жұмысын талап ететін білімдер мен сұрақтар аркылы жүргізу; Бұл кезеңнің мақсаты: • жаңа білімдер мен іскерліктерді бекіту; • оқушының тақырыпты оқыту әдістемесін және жауап беру тәсілдерін жетілдіру; • оқушылардың меңгерген білімдерін бекітумен қатар, олардың жаңа ұғымдарды қалай түсінгенін тексеру; • жаңа оқу материалын тәжірибеде қолдану арқылы бекіту; • білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру. Оқушылардың біліміндегі маңыздысы – оқу материалын терең түсіну, оқушыларды оқу материалдарының бір-бірінен айырмашылықтарын және өзара байланыста қарауға, салыстыруға үйрету, ой жұмысын, қиялын дамыту. Оқушы материалды терең түсінгенде ғана жадында жақсы сақталады. Оқыған материалды бекіту – өте маңызды жұмыс. Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар: • білімді есте сақтап және қолданып, тәжірибелік міндеттерді орындау;

• бір оқушының жауабын толықтыруға, нақтыландыруға, түзетуге оқушыларды тарту, оқылған оқу материалы туралы оқушылардың пікірін білу; • оқушылардың білімінің қаншалықты деңгейде түсінгенін анықтау; • оқушылардың фактілерді ұғымдармен, ережелермен, терминдермен сәйкестендіре білуі.

5.Сабақты қорытындылау. Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың ерекше элементі болып табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін емес. Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр түрлі болып келеді. Оқытушының түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз бетінше жаттығу істері және тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады. Сабақтарда ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең меңгергенін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді.

Бағалау – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.

Оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Оқуды бағалаудың мақсаты — оқушылардың оқып білгенін анықтау арқылы меңгергенін бағалау.

6.Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындау жөнінде нұсқаулар беру. Үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру. Оқушылардың негізгі ұғымдарды және іскерліктерді меңгеруіне көмектесетін үйге берілетін тапсырмалар оқушының ерік-жігерін, жауапкершілігін, саналы төртібін қалыптастыруға ықпал етеді. Үй тапсырмалары оқушының зейінін негізгі білім, білімнің беріктігін арттырып, ең бастысы, білім және іскерліктерді қолдандырады. Үй тапсырмаларын орындау жөнінде толық, бірақ қысқа нұсқау беру. Оқу материалын бекітуге, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесетін тапсырмалар беру.



3. Фонетикалық талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет