1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ТұЛҒАНЫҢ ӨМІРЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ұЖЫМДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет27/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

ТұЛҒАНЫҢ ӨМІРЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ұЖЫМДАҒЫ
 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК 
СТАТУСТЫҢ ӘСЕР ЕТУ ЕРЕКшЕЛІКТЕРІ
Қойбекова Гуля Адамбаевна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты
Алматы қаласы
Адам өзінің өмірінің жартысынан көбін жұмыс 
орнында, ұжымда өткізеді. Сондықтан адамның 
өмірлік іс-әрекетінде ұжымдағы психологиялық аху-
ал мен әлеуметтік статустың алатын орны маңызды. 
Психологиялық ахуал – бұл адамның ұжымға 
психологиялық икемделу және осы ұжымның 
әлеуметтік-экономикалық 
және 
психологиялық 
факторлардың тұлғаға әсер ету ерекшеліктері. 
Психологиялық ахуал – бұл топтағы тұлғаның жан-
жақты дамуы мен психологиялық жағдайының 
ерекшеліктерінен және біріккен жемісті іс-әрекеттің 
қолайлы немесе қолайсыз жақтарынан көрінеді. 
Жағымды психологиялық ахуалдың негізгі белгілері: 
топ мүшелерінің бір-біріне деген сенімділігі мен 
жоғары талаптылығы, тілектестік және іскерлік 
сын; ұжымға қатысты сұрақтарды талқылау бары-
сында өз ойларын еркін айту, топта басшылар өз 
қоластында жұмыс істейтіндерге қысым көрсетпей
олар үшін маңызды шешімдерді қабылдау құқығы, 
ұжым мүшелерінің өз жұмыстары мен міндеттері 
жөнінде толық мәліметтенуі, ұжым мүшелерінің 
біреуінде фрустрациялық пен жоғары деңгейдегі эмо-
цияналды күй жағдайында өзара көмек көрсету, әр 
топ мүшелерінің жұмыс жағдайына жауапкершілігі. 
Сондықтан, психологиялық ахуал жалпы алғанда 


31
топтың даму деңгейіне байланысты болады. 
Даму ұжымының арасында психологиялық аху-
ал мен біріккен нәтижелі іс-әрекет орнатылса, оның 
әр мүшесінің арасында жағымды байланыс болады. 
Ұжым оңтайлы басқару іс-әрекетінде психологиялық 
ахуалда басшылықтан арнайы білім мен іскерлікті 
198 талап етеді. Басшылық кадрларды арнайы сапалы 
ғылыми негізде таңдайды, оқытады және аралық ат-
тестациядан өткізеді, ұжым мүшелерінде өзара түсінік 
пен арақатынас дағдысының пайда болуы әлеуметтік 
психологиялық әдістерді қолдану; Психологиялық 
ахуал басқару стилі мен басқару мәдениетіне байланы-
сты болып келеді. Көбіне психологиялық мәнін келесі 
психологиялық құбылыстарға әкеледі: ұжымның са-
налы күйі, адамның ерекше арақатынасының көрінісі, 
топтың эмоциялы психологиялық дайын болуы, 
топтың хал-жағдайы, топ мүшелерінің психологиялық 
бірлігі, топтағы, ұжымдағы және т.б. арақатынастар. 
Мақсатты түрде психологиялық ахуалдың ішіндегі 
негізгі фокторлары адамдар қарым-қатынасы мен 
біріккен іс-әрекет жағдайын атайды. Сонымен қатар 
психологиялық ахуал – бұл осы топ адамның жүйелік 
нормасы, дәстүрі және білімінің артықшылығы. Аху-
ал топ мүшесі мен ұжымның бір-біріне тәуелділігімен 
көрсетеді (әлеуметтік байланыс), сонымен қатар 
адамның бірлесе отырып функциялар мен тапсыр-
маларды орындау тәуелділігі көрінеді (тапсыр-
ма байланысы). Тұлғалық эквивалент икемділігі – 
жұмысшылардың профессионалды ұжымының әр 
түрлі өмірлік іс-әрекет факторларына қанағаттануы. 
Зерттеудің нәтижесінде қызметкердің психологиялық 
күйі мен еңбек уәждемесіне және қызметтік іс-әрекет 
тиімділігіне психологиялық ахуалдың әсер ететіндігі 
анықталады [1]. Сонымен қатар, қоғамдағы әрбір адам 
алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Мысалы, от-
басына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс 
ұйымына. Әр бір топтағы адамның белгілі бір орны, 
көзқарасы, бағыты болады, яғни белгілі бір талап-
тілектер қойылып, ол оны орындайды. 
Басқаша айтқанда, оны әлеуметтік статус деп ай-
тамыз. Әлеуметтік статус дегеніміз – қоғамдағы 
адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда 
белгілі тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Жал-
пы, әлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп 
көрсетеді. Біреуі – қоғамнан берілген (предписа-
ние), екіншісі адамның өз еңбегінің нәтижесінде қол 
жеткізген (пробретенный) статус. Қоғамнан берілген 
статус – тұлғаның этникалық шығу тегімен, туған 
жерімен, отбасымен байланысты. Еңбегі арқылы 
қол жеткізген статус адамның қажырлы еңбек етуіне 
байланысты. Мысалы, жазушы, ғалым, директор. 
Статсутың табиғи деген түрі болады. Тұлғаның табиғи 
статусы адамның мәнді, тұрақты сипатты белгілеріне 
байланысты (ер адам, әйел, бала, жасөспірім, қарт). 
Көбінесе, қызметіне (лауазым) байланысты ста-
тус – тұлғаның базистік (яғни, негізгі) статусы бо-
лып есептеледі. Ол ересек адамның интегралдық 
статусының негізі болады. Бұл статусқа адамның 
әлеуметтік, экономикалық, өндірістік салаларда 
қызметі, орны (мысалы, дәрігер, инженер, мұғалім, бан-
кир) жатады [2]. Ал «психологиялық ахуал» терминін 
әлеуметтік психологияға алғаш болып И.С.Мансуров 
қолданды, ол өндірістік ұжымды зерттеді. Оның ой-
ынша, психологиялық ахуал – бұл ұжым мүшелерінің 
психологиялық арақатынас негізінде пайда болған 
жақындық, симпатия, мінездерінің, қызығушылығы, 
бейімділігінің бірдей болуының эмоциялық бояуы 
деп санайды. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас 
үш ахуалдық аймақтан тұрады деп санайды. Бірінші 
ахуал аймағы – бұл ұжымда қаншалықты қоғамдық 
мәселелер мен сапалы мақсаттарды және барлық 
конституциялық құқық пен жұмыскерлердің азамат 
ретіндегіміндетінің сақталуын анықтайтын әлеуметтік 
ахуал. Екінші ахуалдық аймақ – бұл ұжымдағы қандай 
моралдық құндылықтар ескерілуімен анықталатын 
моралдық ахуал.Үшінші ахуалдық аймақ – бұл 
психологиялық ахуал бір-бірімен тікелей қатынастағы 
жұмыскерлер арасындағы қалыптасқан бейресми 
қарым-қатынастар [1]. 
Ресей психологиясында психологиялық ахуалдың 
төрт негізгі тәсілдемесін атап көрсетті. Бірінші 
тәсілдеме (Л.П.Буева, Е.С.Кузьмин, И.Н.Обозов, 
К.К.Платонов, 
А.К.Уледов) 
ахуал 
қоғамдық-
психологиялық феноминдер ұжымдық сананың күйі 
ретінде қарастырады. Әлеуметтік-психологиялық 
ахуал астарында шағын топтың әлеуметтік-
психологиянық күйі, ұйым мүшелерінің шы-
найы психологиялық бағыттылығы мен мазмұны 
бейнелеуі деп санайды Е.С.Кузьмин. Екінші тәсілдеме 
жақтаушылары (А.А.Русалинова, А.Н.Лутанкин) 
әлеуметтік-психологиялық ахуал сипатының мәні 
жалпы эмоционалды-психологиялық күйі болып табы-
лады деп атап 199 көрсетті. Үшінші тәсілдеме автор-
лары (В.М.Шепель, В.А.Покровский, Д.Б.Парыгин) 
әлеуметтік-психологиялық ахуал бір-бірімен тікелей 
қатынастағы адамдардың арақатынасы стилі арқылы 
талқылайды. Қалыптастыру процесінде тұлға аралық 
қарымқатынас, топтың ір мүшесінің әлеуметтік және 
психологиялық хал-жағдайы анықталады. Төртінші 
тәсілдеме құрушылары (В.В.Косолапов, А.Н.Щербань, 
Л.Н.Коган) топ мүшелерінің әлеуметтік және 
психологияллық үйлесімділігі, олардың моралдық 
бірлігі, ынтымақтастығы, бір ойлылығы, салт-дәстүрі 
терминінде ахуалды анықтайды. 
Әлеуметтік-психологиялық ахуал дегеніміз — 
адамдардың бір-біріне деген әсерінің, біргеліктегі 
қызметінің нәтижесі. Ол ұжымның ортақ пікірінен, 
көңіл-күйінен, жеке адамдардың хал-ахуалынан, 
сондай-ақ өмірлік жағдайынан, жеке адамдардың 
еңбек белсенділігінен байқалады. Әлеуметтік-
психологиялық ахуалға адам статусының қалыптасуы 
тікелей байланысты. Қазіргі кездегі психологтар 
адамдардың өздерін қабылдауда статус айтарлықтай 
орын алатынын көрсетеді. Жоғары статусты ие-
ленген адам өзіне салмақты және айтарлықтай 
жақсы қарымқатынасқа ие болады немесе жұмысты 
басқарушылық қабілеті барын көрсетеді. «Статустық 
қажеттілікті» қанағаттандыру деңгейі өзін-өзі сыйлау 
сезімімен айырықшаланады, басқа да маңызды тобы-
на тиесілі сезімі мен әлеуметтік мойындау тұлға үшін 
маңызды. Жалпыға мәлім, психологиялық ахуалдың 
мазмұнды болуы әдетте ұжым мүшесінің көңіл-күйіне 
(хал-ахуалына, қанағаттану деңгейіне, психологиялық 
жабдықтауға) және статусына байланысты, әрбір 


32
жеке адамның көңіл-күйі еңбекке деген ықыласына, 
айналасындағы адамдарға, олардың қатынастарына, 
жалпы өзара қарымқатынасқа әсер етеді де ұжымда 
әлеуметтік-психологиялық ахуал пайда болады. 
Әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде статустық 
«баспалдақпен» өрлеу жылдамдығы ақырындаса, 
тіпті тоқтап қалса, адам жабырқайтынын көрсеткен. 
Адамдарда жоғары ұмтылыс пен үлкен үміт болған 
кезде фрустрация күшті болады. «Иерархиялық 
қозғалыс байынша статус төмен түсетін бағытта 
болғанда ең қарқынды фрустрацияны бастан кешеді. 
Жоғары лауазымнан айырылған адамдар деприва-
ция анығырақ және фрустрация тереңірек болады, 
сондықтан осындай адамдардың «төмендеу» интер-
валы ұзағырақ болады, депривация анығырақ және 
фрустрациялық жағдайы тереңірек болды». [4. 79б.]. 
Осындай жағдайда адам өзінің жаңа жағдайынан өз 
бетімен әрдайым конструктивті жол таба алмайды, 
сондықтанда олар психологиялық көмекке мұқтаж бо-
лады. 
Психологиялық ахуалдың жақсы болуы ең алды-
мен ұжымның белгілі бір бағыттылығы мен оның 
табысына байланысты. Мақсаттары айқын бол-
са ұжымның бірлігі мықты болмақ. Жалпы ұжым 
ахуалына психикалық процестердің ерекшеліктері 
(ой, сезім және ерік), сондай-ақ ұжым мүшелерінің 
мінез-құлқы мен темпераменті әсер етеді. Адам 
бойындағы терең ақыл-ой, тапқырлық, жасампаздық 
ұжымды өзіне тартып, еңбек өнімділігінің артуына, 
жалпы ұжым мүшелерінің психикасына ықпал жа-
сайды [3]. Ахуалды зерттегенде оның екі деңгейін 
қарастыру қажет. Бірінші деңгейі – статистикалық. 
Бұл ұжым мүшесінің тұрақты қарым-қатынасы, 
олардың жұмысына, әріптестерінің еңбегіне деген 
ынтасы. Бұл деңгейде әлеуметтік-психологиялық 
ахуал түсінігі нық, қалыптасқан ұйым кездескен 
қиындықтарға қарамастан ұзақ уақыт бойы едәуір 
тұрақты жағдайы мен өзінің болмысын сақтап қалады. 
Екінші деңгейі динамикалық, өзгермелі, толқымалы. 
Бұл қызметкерлердің күделікті жұмыс процесіндегі 
икемделуі және психологиялық көңіл-күйі. Бұл 
деңгей «психологиялық атмосфера» түсінігімен 
суреттеледі. Психологиялық ахуалдан айырмашылығы 
психологиялық атмосфераның айырмашылығы бұнда 
өзгерістер қысқа мерзімді және адамдар тез ұмытып 
кетеді. Психологиялық атмосферадағы өзгеріс 
тұлғаның еңбекке қабілеттілігіне және көңіл-күйге 
жұмыс күні бойы әсер етеді [5]. 
Жеке тұлғаның көңіл-күйі, еңбек қабілеті, керек 
десеңіз, өмір сүру қабілеті ұжымдағы әлеуметтік-
психологиялық ахуалға байланысты болады. Тұлғаның 
көңілді ортаға тап болса, бұған дейінгі көңілсіздік 
жағдайы ұмытып, жаңа ортаға қосылып кетеді. Неме-
се, керісінше, көңілді адам өздерінен өздері тырысып-
бүрісіп отырғандардың арасына түссе, оның да көңілі 
пәс тартады. 200 Әлеуметтік-психологиялық ахуал 
жеке тұлғаға ұжым мүшелерінің өзара қарымқатынасы 
арқылы ықпал етеді. Жолдастық, өзара көмек, бірін-
бірі сыйлау орын алған жерде адам өз ісіне ғана 
емес, бірлескен еңбекке деген қанағат сезімін байқап, 
еңбектес жолдастарын көргенде қуанышқа бөленеді. 
Ал ұжымда формалдылық, салғырттық, бірінбірі 
жеккөрушілік орын алса, онда керісінше, тұлға 
эмоциялық зардап шегеді, өзара қатынастағы адамға 
тек ыстық ілтифатты аңсап, шеттеп қалады. Ашық не-
месе астыртын қақтығыстар тұсында онан да жаман 
күй кешеді. Әлеуметтік-психологиялық ахуал мұндай 
болған жағдайда тұлға ұжымға деген ықыласын жояды. 
Бұл оның еңбекке деген құлқынын төмендеуіне әкеп 
соғады. Ұжымдарда әлеуметтік-психологиялық ахуал 
жеке адамдар арасындағы қарымқатынастардан туын-
дайды. Сондықтан да бүкіл ұжым мен басшы әрбір жеке 
тұлғаға құрметпен қараса, әлеуметтік-психологиялық 
ахуал да ойдағыдай болады. Қанша дегенмен әрбір 
адам өзгелердің өзін тануын, құрметпен қарауын 
қалайды. Ұжымда да сол сияқты жағдай дәл осындай 
болғанда ғана ол қуаныш пен бақытқа кенеледі [6]. Со-
нымен қатар, тұлғаның өмірлік іс-әрекетіне ұжымдағы 
психологиялық ахуалмен қатар әлеуметтік статус та өз 
әсерін тигізеді. Әлеуметтік статус адамның дамуына 
тікелей әсер етеді. Тұлғаның әлеуметтік статусының 
өзгеруімен бірге қоғамдағы және оның шынайы 
өмірдегі түсінігі де өзгереді. Қайта ойлау, өзіндік Мен 
мазмұнын қайта бағалау нәтижесінде жаңа әлеуметтік 
рөлмен сәйкестендіру, әлемге деген көзқарасын қайта 
ойлау, санадағы «әлемнің картинасы» қалыптастыруға 
әкеледі [7]. 
Қазіргі кездегі әлеуметтанушылар көрсетуі бойын-
ша қазіргі адамдар өздерінің жағдайын екі индекстің 
көмегі бойынша бағалайды: - «Статустық-престиждік 
сәйкестілік индексі», яғни тұлға өзінің әлеуметтік 
статусын және өзінің әлеуметтік престижін зама-
науи қоғам континиумінде бағалайды; - «өмірлік 
қамтамасыз етілген жағдай индексі» бұл тұлғаның осы 
жағдайға қанағаттануы және болашағына сенімділігі. 
Американдық психологтар көрсеткендей, жоғары ста-
тус өзін-өзі сыйлау және өзі туралы жағымды ойлау, 
өмірге қанағаттануы, психикалық және физикалық 
денсаулыққа байланысты проблемаларын ниверилеу 
(жою). Әлеуметтік статусты жоғалтқанда белгісіздік 
жағдайы, өмірлік іс-әрекетіндегі болжамдардың 
сенімсіздігі, 
күнделікті 
өмір 
іс-әрекетіндегі 
дағдыланған жағдайдың бұзылуы, жағдайлық және 
тұлғалық мазасыздану деңгейін көтереді. Қазіргі 
кездегі психологтар өмірлік жағдайдағы компоненттер 
деформацияға көбірек ұшыраса, соның салдарынын 
жоғары әлеуметтік статусты жоғалту қаупі төнеді және 
ол нақты бір адамның тұлғасына маңыздырақ болса, 
осындай жағдайда жоғалту дағдарысы ауырлау бола-
ды деп санайды [8]. Дағдарыс жағдайынан шығуда 
айтарлықтай рөл атқаратын жетістік мотивациясы. 
Жоғары жетістік мотивациясы қоғамдық иерархиялық 
қозғалыста жоғары әлеуметтік мобилділікке әкеледі. 
Жетістік мотивациясы іскерлік белсенділігінің негізгі, 
қоғамдағы экономикалық дамудың қозғаушы көзі 
болып табылады. Зерттеушілер адамнан жетістік 
мотивациясының табысты және сәтсіздік мотивация-
сын қашатын екі әртүрлі бағыттағы тенденциялар бар 
екенін анықтады [9]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет