1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет88/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Ғ.Б. шойбекова
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Көркемдік деңгейдің жоғары болуы – кез-келген 
ақын-жазушының шығармасына қойылатын басты 
тілдік талап. Өйткені белгілі бір туындыны көркем 
деп тану үшін ол шығарма көркемдік талаптарға 
толық жауап беруі тиіс. Сонымен бірге көркемдік 
талабы Р.Сыздық айтқандай: «Өлең тілінің сыртқы 
жылтырақтығы емес, көркемдік, ең алдымен, мазмұн 
мен қалыптың(форманың) сәйкестігі, яғни ой мен 
тілдің гармониясы: ақын идеясын білдірген сөздердің 
оқырман сезіміне әсер ететін экспрессиялылығы мен 
эмоциялылығы» болуы керек. 
Метафора (грекше metaphora – қазақша «ауы-
су») – сыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, 
атқаратын қызметіндегі, т.б.) ұқсастыққа қарап, бір зат 
атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз 
мағынасының ауысуы. Ол – белгілі бір топқа жататын 
заттар мен ұғымдардың, я болмаса құбылыстардың 
атауларының белгілі бір ұқсастық немесе ортақ 
сипаттарының болуына байланысты, екінші бір топқа 
жататын заттар мен ұғымдарды немесе құбылыстарды 
сипаттау және атау үшін қолданылатын троп немесе 
тіл механизмі.
Ауысу екі түрлі қызмет атқарады: көркем сөз тудыру 
және заттар мен құбылыстардың атауларын қайта атау. 
Метафораның қолданылу сипатына қарай екі түрге 
бөлінетіні белгілі:
1.Тілдік метафора
2.Поэтикалық 
(сөйлеу 
кезінде 
туындайтын 
мәнмәтіндік) метафора. 
Тілдік метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның 
семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз 
дамып отырады. Тілдік метафораны жалпыхалықтық 
сипатына қарай дәстүрлі метафора деп те атайды. 
Дәстүрлі метафоралардың мағынасы халықтың 
таным-түсінігі, ой-өрісі, тіршілігі мен тұрмысына бай-
ланысты. Олар мағынасы көпшілікке түсінікті, жиі 
қолданысқа түсетін бейнелі метафоралар. Дәстүрлі 
метафораның авторы жоқ. Олар мақал-мәтелдер 
тәрізді халық қазынасы. 
Зерттеуші Б.Хасанов қазақ тіліндегі метафоралар-
ды жасалуы жағынан морфологиялық ерекшеліктерді 
негізге ала отырып, жеті түрге бөліп қарастырады: 
зат есім метафоралары, сын есім метафоралары, 
етістік метафорасы, үстеуден болған метафоралар, 
еліктеуіш сөздерден болған метафоралар, сан есімнің 
метафоралы қолданылуы, есімдіктердің метафоралық 
қолданылуы.
Авторлық метафора жөнінде сөз қозғағанда ака-
демик Р.Сыздықтың мына пікірін еске алған мақұл: 
«Поэтикалық тіл әрдайым метафора, эпитет, теңеу 
сияқты көріктеу құралдарының санымен(көптігімен), 
тіпті сапасымен(аса көріктілігімен) танылмайды, 
суреткердің өз міндетіне алған эстетикалық талапта-
рына сәйкес болмысты тіл арқылы әсерлі де бейнелі 
түрде көрсете білуінен танылады. Ал әсерлілік пен 
бейнелілік көркем әдебиетте, оның ішінде поэзияда 
әрқашан образды метафора, теңеулермен берілмей, 
ешбір экспрессивтік бояуы жоқ сөздермен немесе сөз 
тіркестерімен берілуі де мүмкін».
Метафора – көркем сөздің, соның ішінде поэзияның 
негізгі көрсеткіші, ол автордың ғаламды өзіндік 
тануының құралы ретінде пайдаланылады. 
Авторлық метафора арқылы жазушының немесе 
ақынның тілдік тұлғасы , оның қолданыстарының 
табиғаты кең көрінеді. Ақын өзіне тән жеке 
қолданыстар арқылы халықтың ұлттық танымын 
сөзбен береді. Оның жекелік сөз мәнерінде ұлтқа тән 
болмысты жинақтаушы қасиет болады. 
Тағы бір нақтылап алатын тұс, тілдік метафора 
мен авторлық метафоралардың, сондай-ақ авторлық 
метафоралардың соған ұқсас келетін бірліктерден 
ара жігін ашып алу мәселесі. Тілдік метафораның 
семантикалық шеңберінің кең болатындығы мәлім, 
олар жалпыхалықтық тілге сіңісіп, көптің игілігіне 
айналып кеткен сөз қолданыстары. Ал авторлық 


109
метафораның жөні бөлек. Зерттеушілер авторлық
метафора жөнінде былай деп жазады: «Жеке 
қолданыстағы(индивидуалды) метафора белгілі бір 
ақынның я жазушының туындысында өмір сүреді. 
Бұлар сөздікте сөздік мақаланың мазмұнына ене ал-
майды. Белгілі контексте ғана ұшырасатын сөздің 
келтірінді мағынасы қашанда әр автордың өзіндік 
ерекшелігін көрсетеді». «Қазақ тілінің стилистика-
сы» оқулығында: «Метафора біткеннің бәрі бірдей 
жалпылық сипатқа алып келе бермейді... Демек кей 
сөздің метафоралық мағынасы белгілі бір стильде 
контекстік қана болып келеді, яғни белгілі бір аяда 
ғана көрінеді. Мұндай контекстік метафора көбінесе 
көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стиль-
де байқалады. Ол әр автордың өзіндік сөз қолдану 
шеберлігімен баййланысты мәселе». Д.Әлкебаева бол-
са метафораны жалпы және авторлық қолданыстағы 
метафоралар болып бөлінетінін атап көрсетеді. 
Келтірілген тұжырымдардан-ақ авторлық метафо-
раны түсінуде, оны атауда соншалықты бірізділіктің 
жоқтығын аңғарамыз. Авторлық метафора бірде 
контекстік метафора, енді бірде индивидуалды-
жекелік метафора тәрізді атаулармен қолданылады. 
Авторлық метафораға қойылатын талап, әрине, оның 
атауынан да көрініп тұрғандай автордың сөз қолдану 
даралығы, өзіндік мәнері метафоралық қолданыста 
болуы қажет.Сондай-ақ мұндай қолданыстардың 
дәстүрлі қолданысқа айналу мүмкіндігі де бар екенін 
есте ұстаған жөн.
Авторлық метфораларды кейбір зерттеушілеріміз 
окказионал қолданыстар деп те жүр. Бірақ та 
екеуінің ара жігін ажыратып алған жөн. Окказионал 
қолданыстарға өткінші , бір-ақ рет қолданыоу сипа-
ты тән, олардың дәстүрлі қолданыстарға айналуы 
екіталай. Ал авторлық метафоралардың тілдік, яғни 
дәстүрлі қолданыстарға айналуы әбден мүмкін, бірақ 
олардың авторлық екендігі байқалып тұрады, тіпті қай 
автордың қашан қолданғанына дейін білуге болады. 
Қазақ тіл білімінде авторлық метафора мәселесі 
әрдайым сөз болып отырған.С.Е. Кәрібаева «С.Мұқанов 
поэзиясындағы авторлық метафоралар(когнитивтік 
аспект)» атты диссертациясын жазса, А.Д.Есқараева 
«З.Шүкіровтың 
поэзиялық 
шығармаларындағы 
метафоралық қолданыстар» атты диссертация-
сында авторлық метафораға кеңінен тоқталады. 
Ж.Қ.Өмірбекова, А.Сыбанбаеваның еңбектерінде жеке 
автордың қолданысында пайда болған авторлық мета-
форалар семантикалық окказионализмдер ыңғайында 
сөз болады.
Жоғарыда келтірілген метафоралық жіктемеге қоса 
метафораларды былай топтастыруды көрсетуге бола-
ды: 

Жекелік-авторлық;

Антропоморфтық;

Зооморфтық;

Генитив

Синестезия(кинестезия). 
Жекелік-авторлық 
метафоралар 
– 
мағына 
ауысуындағы субъективті семалардың басымдығымен 
айқындалады: сұм үміт, көтерем бақыт.
Антропоморфтық метафоралар – адамға тән 
қасиеттердің жан-жануарларға немесе жансыз заттарға 
телінуі: кербез тау, тентек теңіз, сырлас бұлт, т.б.
Зооморфтық метафоралар – керісінше, жан-
жануарларға тән белгілердің адамға немесе жансыз 
заттарға телінуі: айғырдай кісінеген бұлт, мешкей за-
уыт.
Генитив метафоралар – ілік септігі мен тәуелді 
тұлғада қолданылады: күйдің кілті, қайғының дауылы.
Синестезия – тілдік метафора, сезімдік, сенсорлық 
белгілердің семилияциялануынан болады: улы ой, 
тәтті өмір, құрғақ сөз т.б.
Енді, қазіргі заман әдебиетінің көрнекті өкілі, по-
эзия тарланы Маралтай Райымбекұлының поэзиялық 
шығармаларындағы 
авторлық 
метафораларды 
талдасақ:
Ақынның «Баба түкті шашты Әзіз бен Баб ата» 
өлеңінде:
Қызыл ай теріскейде жүзіп барад,
Қызылкөл түстігінде – қызыл манат.
Шашты Әзіз жолбарыстай ыңыранса
Қурайы құла түзді ызылдатат.
Бұл жердегі «Қызыл ай теріскейде жүзіп барад» де-
ген қолданысы айдың жай ғана өз ұясына енуін суда 
жүзіп, көз алдыңнан алыстаған адамның бейнесіне 
алмастырып тұр. «Шашты Әзіз жолбарыстай 
ыңыранса,қурайы құла түзді ызылдат» деген өлең 
жолында «жолбарысты» Шашты Әзіз образын таны-
туда шебер қолданған. Жолбарысты ақын бекерден 
бекер алмаған. Оның аңдардың ішінде ең мықтысы, 
қасиеттісі саналатындықтан, ол барша ормандағы аң 
атаулыға өзінің айбатын таныта алатын бірегей аң 
бейнесін қасиетті адамдар кие тұтқан Шашты Әзіз 
бейнесімен ұштастырады.
Осы өлеңінде: 
Ғазиздің әзиз көзі жасқа толды,
Қалың жұрт діннен безген қасқа болды – деген жол-
дар ұшырасады. Мұндағы «Әзиз көз» деген тіркеске 
назар аударайық. «Әзиз» сөзінің мағынасы – батыл, 
күшті. Сонда «батыл көз жасқа толды» деу арқылы 
мықтының да әлсіз тұсы бар екенін айшықты сөз 
тіркесі арқылы ұтымды жеткізеді ақын.
Арманы жер жүзіне желбірету,
Хазірет Мұхаммедтің жасыл туын – деген өлең 
жолдарында «Жасыл туын» деген сөз түркесін 
пайдалануда ақын «Ақ туын, қызыл туын» деген 
ұғымдарды емес, «Жасыл ту» деп алуының басты 
себебі – Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ең сүйікті түсі жа-
сыл түс болғандығында деп білеміз. Біз көбінесе 
«Ақ туын желбіретіп», «Ақ туымен аттандап» деген 
қолданыстарды жиі ұшыратамыз. Бұл да ақынның сөз 
қолданысының ерекшелігі.
«...Күн шығып Келіншектау нұр еміп бір
Барады бар далаға гүл өніп, гүл...» деген өлең 
жолдарының алғашқы тармағында «Келіншектау 
нұр еміп бір» деген қолданысқа назар аударайық. 
Автордың жаңаша қолданысын байқау қиын емес. 
«Келіншек» пен «Ана» ұғымдары бір-біріне жақын. 
«Емшек ему» деген қолданыс бар, «Нұр ему» деген 
қолданысты ақын шығармасынан көрдік. «Нұр ему» 
деген қолданыстың астарында жылулық алу, мейірім 
алу, шуақ шашу деген ұғыммен астарлас.
Ақынның атақты «Кентавр» өлеңінде:
«Тарпаң тұлғалы, кісі бейнелі,


110
Бабалар бүгін түсіме енбейді
Солардан қалған жүрек қой мынау – 
Жүрегім неге кісінемейді?» деген шумақтағы 
«Жүрегім неге кісінемейді» деген сөйлемге назар 
аударайық. «Жылқы кісінейді» деген бар да, «Жүрек 
кісінейді» деген қолданыс жоқ. Ақын «Жүректі 
кісінету» арқылы біздің ата-бабамыздан бермен қарай 
тұрмыстағы серігіміз болып келе жатқан төрт түліктің 
төресі жылқының бойындағы асыл қасиеттердің 
қазіргі адамдарда жоқ болып бара жатқандығына 
қынжылатындығын көрсеткен. Қазақта «Жылқы 
мінезді» деген қолданыс бар. Бұл қолданыстың өзі ту-
мысынан мықты, дара тұлғаларға арналған қолданыс. 
Сонда ақын жүрегінде өткенді аңсау, қазіргі күнге де-
ген өкпе бар екендігін айқын аңғаруға болады.
«Ғаламат солай басталды бір сәт,
Құйғытып 
кеттім 
тастарды 
турап» 
өлең 
жолдарындағы «тастарды турап» тіркесінің мағынасын 
ашайық. Дәстүрлі қолданыста тек біз тұрмыста 
кездесетін «нан турау, ет турау» деген тіркесімдермен 
таныспыз. Тасты турау мүмкін емес, мұнда ақынның 
ішкі әлемінде аңсау, қалау, биікке ұмтылыс бар. Та-
сты адамның «нанша» турай алуы мүмкін емес, бірақ 
ақын тарпаң тұлғалы ертектегі кентавр болуды арман-
дай отырып, қазіргі адамдардың қолынан келмейтін 
дүниелерді жасай алатынына сенеді. (Кентавр тура 
мағынасында емес, қазіргі адамдардың майдаланып 
бара жатқанына күйінген ақынның жан-айғайы).
Ақынның «Бір қыз туралы аңыз» өлеңінде:
Сөнген қызды ауыл болып көмгенбіз,
Өлген қыздың өліміне сенгенбіз – деген өлең 
жолдарындағы «сөнген қыз» тіркесіне зер салайық. 
«сөнген от» пен «өмірдің аяқталуын» паралель қоя 
отырып «сөнген қыз» атты авторлық метафоралық 
қолданысын шебер пайдаланған. «Сөнген от» оттың 
өмірінің аяқталғанын көрсетсе, «Сөнген қыз» қыз 
баласының өмірінің аяқталғанын көрсетіп тұр. Және 
жас кезінде адамдар от сияқты лапылдап, лаулап жа-
нады. Жас қыздың лапылдап жанып тұрған шағында 
өмірден өтуі, лаулап жанған оттың кенет сөнуімен 
астарлас.
Өзінің туған жері Таразға арналған «Көне Тараз» 
өлеңінің алғашқы шумағында:
Ниет еткен мұсылмандай намазға
Ниет етіп ғазал төктім қағазға
Ғасырлардың саусағындай нұр шашқан
Гаухар жүзік Таразға деген өлең шумағындағы «Га-
ухар жүзік Таразға» деген тіркесімде киелі, көне қала 
Таразды тастардың асылы гаухармен алмастырады. 
Гаухар тас қандай қымбат болса, Тараздың да баға 
жетпес байлығымыз екенін дәлелдейді.
«Жез қоңырау сөйлейтін күз келгенде
Күз келгенде,
Мектепке біз келгенде» - деген шумақтар 
кездесетін «Жез қоңырау» атты өлеңіне назар 
аударсақ. Ақынның «жез қоңырауды сөйлетуі» өлеңнің 
оқырманға әсерін күшейтіп тұрғандай. Жазғы дема-
лыс бойы үнсіз қалған қоңыраудың қағылуын, ұзақ 
уақыт бойы үнсіздікте болған адамның марқайып тіл 
қатуымен қатар алып бейнелегендей. Қоңыраудың 
қайта-қайта сыңғырлап соғылуы – айтар сөзі көп адам-
мен сыр шертіскеніндей.
«Адасқақ» өлеңіндегі мына тармаққа назар 
аударайық:
«... Мен де бір маңып кеткен маралыңмын» де-
ген тармағында ақын өзін мақсатсыз, ойсыз жүрген 
маралға теңейді. Маралға теңеуінің астарында өзінің 
есімі жатқан секілді. Себебі өлең ақынның өзінің аты-
нан баяндалған. «Адасқан» ұлының түбінде туған 
жерге оралаты – өлеңнің түйіні.
«Айнамкөз» өлеңінде:
«Өксік, ыза, өкініш,
Аңсау, сүю...армандай,
Өзіңе өзің үңіліп
Мұң басады малмандай» - деген өлең жол-
дарында ақын «мұң басады малмандай» тіркесін 
қолданады. «Үсті-басы малмандай су болыпты» де-
ген дәстүрлі тіркес бар екені белгілі, алайда «малман-
дай мұң басу» деген тіркесті қолдану арқылы ақын 
мұңның өне бойыңды толықтай жаулағанын көрсете 
білген. Жай ғана мұң емес екендігін танытқан.
Көңіл күй лирикасына құрылған «Күзгі палитра» 
өлеңінде:
«...Түндерім тұр - сұры қашып сұрланып,
Гүлдерім тұр – қабақтарын түнерте» деген жолдарға 
зер салсақ, «Сұры қашып сұрланған түн» және 
«қабағын түнерткен гүлдер». Табиғаттың бейнесін 
адамның көңіл күйі арқылы суреттеу арқылы жан 
жағында болып жатқан дүниелерге табиғаттың да риза 
еместігін көрсетеді. Ақын жүрегі бұл өлеңде жаралы. 
Ол өмірден өткен достарын қоңыр күзде еске алады. 
Қоңыр күз сағыныш кезі. Көңілсіз жанының суретін 
ол табиғаттың көңілсіз кейпімен салғастыра отырып 
әсерлі суреттейді. 
Оңтүстік Астана, еліміздің мәдениет ошағы санала-
тын Алматы қаласына арнаған «Алматы» өлеңінде:
«Ұрлап кеткен сенің нәзік назыңды
Астана деп аталатын Тәжіңді» деп авторлық мета-
фораны молынан пайдаланған. Алматыны нәзік назды, 
тәжінен айрылған қызбен алмастырып, өлеңнің өне 
бойын осы үлгімен өрген. Өлеңнің түйіні «Алматы – 
қазақтың ардақты қызы» болғанын, алайда қаланың 
бүгінгі өзгерісін «ары тапталған қызға» теңеп, 
бұрын мәдениет пен өнердің ошағы болған қаланың 
күйрегенін «Ақындардың жесіріндей Алматы» деп 
түйіндейді. Өлеңде бүгінгі күнгі қала бейнесіне 
көңіл толмаушылық, наразылық бар. Және өлеңде 
пайдаланылған әрбір метафоралық сөз қолданысы 
автордың өзіне ғана тән, контекстік мағынаны дәл беру 
үшін шеберлігімен қиюластырған сөз өрнегі.
Ақынның «Жоғалту» атты өлеңінде:
«Кеше жұртта қалған
Тозған жүрек, сені іздеп» - деген өлең жолдарындағы 
«тозған жүрек» деген қолданыс, «талған», «қиналған» 
деген қолданыстардың орнына «тозған» деген сөз 
қолданысын алу арқылы көркемдік беріп тұр. Біз, 
«тозған киім», «тозған үй», «тозған дүние» деген 
тұрмыстық өмірімізге қатысты тіркестер қолдансақ, 
ақын «тозған жүрек» деп сезімнен шаршаған жүректің 
бейнесін ашқандай.
«Сентиментальді құбылыс» атты өлеңінде:
Алған – мен
Берген – Сен едің ғой Құранды
Жұмыр жер адасып барады,


111
Қолында Құраны - деген өлең шумағындағы «Жұмыр 
жер адасып барады» деген тармаққа назар аударайық. 
Иә, «адасу» қолданысын ақын «тура жолдан тая, 
бағытын дұрыс таңдамау» деген ұғымды ашу үшін 
алған, «жұмыр жер адасу» мүмкін бе? Жоқ, «жұмыр 
жер» тіркесі арқылы «жалпы жер бетіндегі адамдар» 
деген ойды ашқысы келген. «адамдар адасып барады» 
деген қолданысты көп естиміз, ал «Жұмыр жер адасып 
барады» деу ақынның авторлық қолданысы. 
Табиғат лирикасына жазылған «Таң» өлеңінде:
«Бояулар баяу сырғиды
Ұқтырып жұмбақ бір күйді 
Кекілі күннің қылтиды
Кім сүйді бүгін, кім күйді?» - деген өлең 
шумағындағы ақынның «Кекілі күннің қылтиды» 
деген тіркеске назар аударайық. Өзге поэзиялық 
шығармаларда «күннің шапағы», «күн ұясы» де-
ген тіркестерді көрсек, ақында жаңа «кекілі күннің 
қылтиды» деген авторлық метафоралық тіркесті 
көреміз. Күнді кекілі қылтиған бойжетіп өсіп келе 
жатқан қыз баласындай суретттейді.
Көріктеу құралдарының ең бастысы – метафораның 
авторлық-жекелік түрлері. «Жазушының дүниені 
ерекше көркем түсінуі, сезінуі, оның көркемдік әдісі 
міндетті түрде оның шығармасында көрініс табаты-
ны» сөзсіз.
Ақын шығармаларында табиғат пен қоршаған орта 
заттарының адам жанымен ұқсас тұстарын салғастыра 
отырып жеткізу орын алған. Және ол қазақ әдебиетінде 
қалыптасқан дәстүрлі метафоралардан ерекше 
екендігін әрбір өлеңіндегі авторлық метафораның 
молдығынан байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет